Қамауда отырған Ахмет қолына қалам алып анасына соңғы хатын жазады



Дата06.09.2023
өлшемі13,79 Kb.
#180396
Байланысты:
Көрніс.Анаға хат


Көрніс «Анаға хат»
Автор: Қолындағы бір жапырақ қағазға тесіле қараған Ахмет Байтұрсынұлы өз көзіне өзі сенбеді ,денесі бір қызып ,бір суыды . Түрменің суық тас қабырғасынан өткен ызғарды сезер емес. Қолына бір парақ қағаз алып,жаза бастады. (Қамауда отырған Ахмет қолына қалам алып анасына соңғы хатын жазады.)
(Экраннан түрменің терезесінің суреті тұрады.Түнгі мезгіл.)
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!
Көп айтпай, қысқасынан сездіретін -
Балаңның мінезі бар сөзге сараң:
Кетер деп «суға құлап, отқа түсіп»,
Қайғы жеп, менің үшін болма алаң!
Отырмын абақтының бөлмесінде,
Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме.
Есіктің құлпы мықты, күзетші кеп,
Ажалдан басқа ешкім келмесіне.
Қоршаулы айналасы, биік қорған,
Берік қып салған темір терезесіне.
Қалайша мұны көріп көңіл сенбес
Аттанып жау келсе де бермесіне.
Каламда Лаухул-Махфуз ұмытқан ба,
Жазбапты бұл орынды көрмесіме.
Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман,
Ылаж жоқ жел айдаса ермесіне.
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.
Солардан жаным, тәнім ардақты емес,
Орынсыз күйзелейін мен несіне!
(Орнынан тұрып,жазған хатын дауыстап оқиды.) Сахна сыртында «Күткенде» күйі ойнап тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет