ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:« Зал ортасындағы комбинацияларды меңгеру әдістемесі»
Орындаған:Жақсыбек Ұлдана
Қабылдаған: Караматуллаева Хадия Ергашевна
2020ж
Жоспар:
1)Халықтық-сахналық бидің негізгі кезеңдері
2) Зал ортасындағы комбинация түрлері
3)Қадамдар түрлері
4) Негізгі қимылдар
Халықтық би сабағы үш бөлімнен тұрады:
- Станок тұсындағы жаттығулар
- Залдың ортасындағы қозғалыстар
- халық билеріне композиция құру
Қадамдардың сипаттамасы:
1. Қарапайым Қозғалыс 1/2 соққыны алады. Аяқтардың бастапқы 1 1 1позициясы
2. Айнымалы.
Қозғалыс бір соққыны алады.
Зал ортасындағы экзерсис.
Оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырыптарға қойған комбинацияларды орындайды.
1. Жұппен билеу кезіндегі қол ұстау ерекшеліктері мен түрлері. (1 қолмен ұсталу, екі қолмен ұсталу, шынтақтан бүгіп ұсталу, «воротца»).
«Воротца»- жұп-жұппен бишілер екі түзу сызыққа бөлініп тұрып, бір қолдарынан ұстайды. Қол ұстасқан бишілер жұппен алдыңғы қатардағы екі жұптың арасынан өтеді.
2.Шеңбер бойында тұрғанда қол қалыптары (қолдан ұстап, «Звездочка», «Корзиночка» )
«Звездочка»- бишілір шеңбер ішіне не оң, не сол қолдарын созып, қосады. Бос қолдырын не бірінші,не үшінші қалыпқа көтереді. Осы қол созған қалпы бишілер «припадание» немесе «ауыспалы қадам» жасап жылжуларына болады.
«Корзиночка»- бұл сурет екі шеңбердің арқасында шығады. Яғни, бір шеңбер бір шеңбердің ішінде. Әдетте, шеңбер ішінде қыздар, сыртында ұлдар тұрады. Шеңбердің ішіне қараған бойда ұлдар бір-бірінің қолынан ұстап бір шеңбер, қыздар бір-бірінің қолдарынан ұстап бір шеңбер құрайды. Шеңбер бойымен «Гормошка» немесе «Припадание» қимылдарымен қозғалуға болады.
3.Жүріс түрлері ( а)жай жүріс, б)рет-ретімен бір аяқты 30-45 градуста тоқтатып жасайтын ауыспалы қадам, в) екінші түрі аяқ ұшында, аяқты артта жерден көтермей тоқтатып жасайтын ауыспалы қадам, г)Plie арқылы І қалыптан өтіп бір аяқ ауаға көтеріліп орындалатын ауыспалы қадам, д) аяқ ұшында үш қадам жасап, төртінші рет табанмен жерді соғу, е) аяқты табанымен жерден сүйреп алып, алға аяқ ұшын созбай 30-45 градусқа шығару.)
«Ковырялочка»
Жалпы төртінші сыныпқа сай 90 градусқа көтеріп орындаймыз.
Қимылға жалпы мінездеме:
Музыкалық өлшемі 2/4
Бір дегенде Сол аяқ кішкене бүгіліп, толық табанда бір секіріс жасайды, оң аяқ тізеде бүгіліп, жерден тік қалыпта көтеріліп, тізе оңға, табан солға қарайды. Қолдар ІV қалыпта
И дегенде Оң аяқ тізеде бүгіліп, аяқ ұшында кері бұрылып, сол аяқтан оңға қарай бір табанның ұзындығындай жерге қойылады. Оң аяқтың тізесі солға, табан оңға қаратылып, өкше жоғары қарайды. Қолдар ІV қалыпта.
Екі дегенде тізе бүгіліп, сол аяқтың толық табанында бір секіріс. Оң аяқ тізеден созылып, оңға алға ашылады. Қолдар І позицияға ашылады.
И дегенде оң аяқ тізеден созылы, алға кішкене оңға қарай өкшеге қойылып, аяқ ұшы жоғары қаратылады. Оң қол ІІ қалыпқа, сол аяқ ІІІ қалыпқа ашылады.
Келесі тактың «Бір» дегенінен орындаушы келесі аяққа кішкентай секіріс жасап, сол аяқтың жанына қойылады. Қимыл келесі аяқтан қайталанады.
Дене оңға, солға иілулер арқылы да, тік дене қалпымен де орындауға болады.
«Веревочка»
Қимылдың 5 түрі бар: жай түрі, екі рет табанмен жерді соғу қимылын қосу арқылы орындалатын, өкшеге немесе толық табанға ауыспалы жасау арқылы, екі рет табанды жерге соғып алға өкшеге ауыстыру арқылы немесе екі рет жерді соғып сұрыптау.
Қимылға жалпы мінездеме:
Музыкалық өлшемі: 2/4
Бастапқы қалып: аяқтар ІІІ қалыпта, оң аяқ алда. Сол қол VІ қалыпта.
За такт и орындаушы кішкентай білінер – білінбес секіріспен сол аяқтың ұшымен кішкене алға жылжиды. Оң аяқ тізеде бүгіліп, сол ояқтың ұшымен кішкене алға жылжиды. Оң аяқ тізеде бүгіліп, сол аяқтың жанынан алдында жоғары көтеріліп, артқа ауыстырылады.
Бір Оң аяқ сол аяқтың артына толық табанға түсіріледі, тізе бүгілу.
Осылай қимыл келесі аяқтан қайталанады, комбинация түгелдей 8 рет қайталанады.
Өткен сабақтарда өтілген түрін бір қайталатып алып, оқушыларға жаңа қиындау түрін мұғалім көрсетеді.
«Дроби»
Дробь – дегеніміз толық табанмен, аяқ ұшымен, өкшемен жерді соғу. Соғудың өзі бір рет немесе екі рет қатарынан болуы мүмкін. Осылай жерді соғу арқылы әртүрлі ритімді әуендер шығарылады.
Осы орайда орыс биіне тән Кілттерді де (Ключи) қолдануға болады. Кілттердің (Ключи) 3 түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |