Абулкасова Д. Б



бет4/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,18 Mb.
#13082
1   2   3   4   5   6   7   8

Көне Қытай философиясы.

Қытай философиясы б.э.д. өте ерте кезеңдерде аңыз негізінде қалыптасып, б.э.д. Хғ. 100-ден астам мектептер болған. Аңыздарда әртүрлі түсініктер мен идеялар пайда болды да, кейіннен ол философияның зерттеу пәніне айналды. Әрине, бірінші орында бір-біріне қарама-қарсы тұрған инь мен ян болмыстық күштердің, яғни ерлік және әйелдік бастамалардың көрінісі болды. Дао, космостық заңдылықтармен өзгеру жолдары бес мәндік (От, Су, Ауа,Темір, Ағаш) негізінде жүзеге асады. Біртұтас (Ғарыш, Табиғат, Адам) өзара байланыстағы құбылыстардың жиынтығы ретінде талданады.



Көне Қытай философиясының мектептері

Мектеп

Негізгі мәселелер

Инь-Ян мектебі

Табиғат философиясы (натурфилософия),табиғаттағы Инь мен Янмен көрінуі және олардың өзара қатынасы.

Конфуциандық

Саяси-этикалық мәселелер

Моизм

Саяси-әлеуметтік мәселелер

Атаулар мектебі

Семантика мәселесі: атаулар мен объектілердің және құбылыстардың өзара байланысы.

Легизм

Қоғам өмірінің басқаруы мен адамдарды басқару әдістерінің заңдары.

Даосизм

Дао мен Дэ және олардың қоғам мен табиғатта бейнеленуі.

Тірек сөздер:

Дао – Ұлы жол

Инь – Әйелдік бастама

Ян – Еркектік бастама

Апта 3. Антикалық мәдениетіндегі философия.

Кредит саны- 2

Мақсаты: Көне Грек философиясындағы онтологиялық бағытты ашу, ондағы космоцентризм.

Дәріс №1. Антикалық философия дамуының өзіндік ерекшеліктері мен кезеңдері.

Дәріс №2. Көне Грек өркениетінің өзіндік-білімдік өркениеттік ерекшелігі.

Антикалық философия.

Көне Грек философиясы кейінгі барлық философиялық түрлердің қалыптасуының бастамасы. Онда қазіргі замандағы философиялық жүйенің практикалық негізі жатыр. Сондықтан оны оқып игермей, қазіргі замандағы сан алуан философиялық мектептерді түсіну мүмкін емес. Осыдан бұл сабақтың негізгі мақсаты оның негізгі тенденцияларын көрсету. Сөйтіп, оның қазіргі замандағы барлық философияның әлі күнгі бастамасы ғана емес, құрылымдық мәнін сипаттап қалғандығын түсіндіру.



Антикалық философиясының қалыптасу тарихы

Сатылар (стадия)

Уақыты

Мазмұны

Аңыз (мифология)

Б.э.д.XVIII – IX ғ.ғ

Олимпиадаға дейінгі және олимпия кезіндегі аңыздар.

Философия дейінгі даму (предфилософия)

Б.э.д.IX – VII ғ.ғ.

Гомердің, Гесиодтың еңбектері, орфиктер, жеті данышпанның қанатты сөздері(афоризмдер).

Философия

Б.э.д. VI ғ.

Фалес ілімінің бастауы.

Антикалық философиясының дамуы мен негізгі кезеңдері.

Кезеңдер

Уақыты

Қадым Грек философиясы кезеңі

Б.э.д.VII ғ.дейін – б.э.д.Үғ. ортасы.

Грек философиясының классикалық кезеңі

Б.э.д.Үғ. ІІж. –б.э.з. ІҮ басында.

Грек-Рим философиясының эллинистік кезеңі

Б.э.д. ІҮғ.жартысы-529ж.


Тірек сөздер

Натурфилософия – табиғат философиясы.

Космоцентризм – әлемдік түсініктің түрі, түсініктің ортасында ғарыш тұрады.

Космология – оның құрылымы.

Космогония – оның шығу тегі.

Эфесстік Гераклит – алғашқы бастама от.

Диалектика. Әлемнің тұрақты өзгерісінің «бәрі ағады», «бір өзенге екі рет түсуге болмайды» деген қағидалық ерекшелігі. Гераклиттің басты мәндік өзгерісі - өзгерістердің қарама-қарсылықтан тұруы.

Платон Философиясы.

Платон философиясының орталық ілімінің мәні – идеялар туралы ілім, оны игеру. Әрбір идея мәңгі және тұрақты, идеялар саны өте көп, бірақ шектелген Платон ерекше ақиқат әлем – «идеялар патшалығы» - жеке сезімнен денелік әлемге дейінгі көріністерді алады. Оның парменидтік болмыстан айырмашылығы ойлардың тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, платондық идеалдық патшалықта сан алуан руханилық идея жағдайларынан тұрады. Әрбір идея нақтылы объектілердің мәні. Идеялар патшалығы бұл бар әлемнің игілік мәні. Идеялар патшалығы өзіндік (иерархиялық, пирамидалық сатылық) құрылымнан тұрады, идеялар өзара біріне-бірі бағынады, бағындырады.


Игілік бірлігі


жануар



Төртаяқты жануарлар

Екіаяқты жануарлар


Тірек сөздер:

Ақыл – демиург (немесе құдай ) әлемдік рухты жасаушы және материяны ұйымдастырады. Оған идеялар енгізіп, мақсаттық себептерін енгізеді, сөйтіп барлық басқа құдайларды, құбылыстарды жасайды.

Материя – («хора») денелік материя өледі, түрсіз, танылмайды және материя мәңгі.

Аристотель философиясы.

Рационалдық танымның қажетті қайнар негізі ретінде эллинизм дәуірінен бастап, қазіргі кезге дейінгі Аристотельдің логикасының барлық бағыттарын игеру. Аристотель логикасы ХХғ. дейінгі, классикалық логикаға дейін жалғыз ең басты қайнар болды. Аристотель ұғымы бойынша ғылымның сараптамасы (классификациясы).


Ғылым Ғылымның пәні

Философияға кіріспе

ЛОГИКА Ойлаудың түрлері және заңдары

Теориялық философия

БІРІНШІ ФИЛОСОФИЯ – МЕТАФИЗИКА Ерекше сезімдік түрлердің әсері

- материалдық емес бастама, оның себептері және мәндері.

ЕКІНШІ ФИЛОСОФИЯ – ФИЗИКА Табиғат, яғни материалдық

мәндік өзгерістер

(оған биологиялық) кіреді

Практикалық философия

ЭТИКА - Адамзат тәртібі және

ережелері(нормалары)

САЯСАТ - Саяси-әлеуметтік қызмет

ЭКОНОМИКА - Экономикалық қызмет

Творчесволық философия Жасампаздық философия

ЭСТЕТИКА - Өнер

РИТОРИКА - Шешендік

Антикалық философияның эллинистік философиясы.

Эллинизм дәуірінде бір жағынан, оған дейінгі философиялық кезеңдердің (неопифагореизм, неоплатонизм, перипатетизм т.б.) дамуы жалғасты, екіншіден солардың ілімдерінің негізінде жаңа ілімдер (кинизм, стоицизм, скептицизм)қалыптасады. Бұл кезеңде көптеген философиялық ілімдердің негізгі ортасы этикалық мәселелер. Бұл кезде философияның мақсаты: белгілі дәрежеде тәртіп негізінде бағытқа жету болып түсіндірілді. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін адам әлемдік (Ғарыштық) қалыптасудағы қандай орны бар екендігін түсіну керек. Олай болса, этикалық мәселелер табиғат туралы іліммен тығыз байланыста қаралады.



Тірек сөздер:

Скептицизм – (көне грек сөзі «скепсис» - «қарастыру», - «ыдырату, тербелу».) деген мағына білдіреді. Бұл философиялық бағыт, әмбебаптық философиялық принциптерге күмәндану, яғни кез-келген білімнің идеалық жағынан негізсіздігі.

Стоицизм (стоиктер) – потика «стоя» атауынан шыққан. Бұл Афиныдағы алғашқы стоиктердің жиналған орны. Мектептің негізін б.э.303 Китионнан шыққан Зенон ұйымдастырған.

Стоицизм тарихындағы үш кезең

Кезең атаулары

Уақыты

Көрнекті өкілдері

Өте ертедегі стоиктер

Б.э.д.ІІІ – ІІ ғ.ғ.

Зенон, Клеанф, Хрисипп

Орта стоиктер

Б.э.д.ІІ – І ғ.ғ.

Панетий, Посидоний

Кейінгі стоиктер

Б.э.д.І – ІІ ғ.ғ.

Сенека, Марк Аврелий

Стоицизм: Ғылым сараптамасы (классификациясы) – логика, физика, этика.

Эпикуреизм – бұл бағыттың негізін салған Эпикур.

Философияның басты мақсаты – бақытқа жету.

Тілектің түрлері және оған тиісті қатынастар.

Тілектің түрлері

Мысалдары

Тиісті қатынастар


Табиғилықтар және қажеттіліктер.

Қарапайым тамақ, ас-су, киім, достық, ғылыммен айналысу т.б.

Қажеттіліктерді қанағаттандыру.

Табиғилықтар, бірақ негізгі қажеттіліктер емес

Жыныстық өмір

Тойымды қанағаттылық

Табиғилықтар емес және ең негізгі қажеттіліктер емес

Заттар, сәндік бұйымдар, таңдаулы тағамдар, құрмет, даңқ т.б.

Толық бас тарту.

Апта 4. Ортағасыр мәдениетіндегі философияның ерекшелігі (феномені).

Кредит саны - 2

Мақсаты: Ортағасырлық Батысевропалық философияның діни мазмұнының ашу және Шығыс Араб философиясымен айырмашылығын түсіндіру, Ортағасыр философиясының пәні мен міндеттерін көрсету.

Дәріс:№1.Ортағасырлық христиан-мұсылман философиясы. Ортағасыр философиясының және христиан философиясының негізгі кезеңдері.

Дәріс:№2. Мұсылман философиясының ерекшеліктері және қалыптасуы.

Христиан философиясы.

Ортағасырлық философияның бәріне тән жалпы бірлігі теологиямен байланыста, теоцентристік сипаты. Көбіне философия теологияны танымдық негіздеуінің (Құдайға қызмет) көрінісі болды. Сондықтан бұл кездегі философиялық ілімді діни философия деп атаймыз. Барлығының ортасында құдай мәселесі және оның әлеммен өзара байланысы тұрды. Адамзаттың өмір сүруінің ең басты міндеті өз жанын құтқару (христиандық,ислам, иудаизмде – жұмақ, ал буддизмде - нирвана); осыдан құдай мәніне оның жасампаздық нәтижесі адам мен әлемге назар аударылады.



Тірек сөздер:

Патристика –Шіркеу әкелері ілімі. Философиялық-теологиялық мәселелер.

Схоластика – мектептік ілім. Құдайдың үштігі туралы ілімі. Христостың табиғаты – құдайлық, адамдық, құдайлық-адамдық сипаты. Еркіндік пен мамыражайлық (благодати) арақатынасы. Сенім мен зерденің арақатынасы.

Апта 5. Қайта Өрлеу мен Реформация мәдениетіндегі философия.

Кредит саны-2

Мақсаты: Қайта Өрлеу философиясындағы антропоцентризм мен гуманизмнің, пантеизмнің мәнін ашу, ортағасырлық философиядан айырмашылығын түсіндіру.

Дәріс №1. Қайта Өрлеу дәуір философиясының ерекшелігі.

Дәріс №2. Антропоцентризм. Гуманизм. Пантеизм.

Қайта Өрлеу дәуірі.

Қайта Өрлеу дәуірінің ерекшелік сипаты, Ренессанстық көзқарастары гуманизммен бейнеленуі. Қайта Өрлеу дәуірі күшті ғылымның дамуымен (жаратылыстанушылық) және оның беделінің өсуімен сипатталады. ХҮғ. Натурфилософияның (табиғат философиясы) белсенді дамуы. ХҮІ-ХҮІІғ.ғ. астрономияда революция болды, соның нәтижесінде космология өзгерді, бұрынғы әлемнің ортасы Жер ұғымы орнына(геоцентризм) жаңа түсінік әлемнің ортасы (Д.Бруно) Күн ұғымы (гелиоцентризм – Н.Коперник)қалыптасты, тіпті әлемнің ешқандай ортасы жоқ пікірі дүниеге келді.И.Кеплер мен Г.Галилей еңбектерінде эксперименттік әдіс негізінде ғылымның негізі қаланды. Қайта Өрлеу дәуірінде ерекше орынға ие болған әлеуметтік-утопиялық көзқарастар. Оның негізін салған Т.Мор, Т.Кампанелла, онда адамзаттықтың идеалық-утопиялық үлгісі қаралды.



Тірек сөздер:

Гуманизм – Қайта Өрлеу дәуірінің рухани өмірінің көрінісі.

Пантеизм – Құдай мен табиғаттың барабарлығын бейнелеп, бір-бірімен ұштасуы туралы философиялық ілім.

Гуманизм қайнарлары

Себептер

Күрес әдістері

«натурализмге» еліктеу, яғни табиғатты зерттеу, Авэрроис ұғымдарын қолдануы.

Адамға, адам рухына назар аудару.

Рационализм әдістері мен диалектикалық логикаға еліктеу.

Гуманитарлық ғылымдар мен әдістерге назар аудару.

Апта 6. Жаңа Заман мәдениетіндегі Батысеуропалық философия.

Мақсаты : Жаңа Заман философиясының ғылыммен байланысын көрсету, эмпиризм, рационализм, метафизика және француз материализмінің мәнін ашу, адамның табиғи азаматтық құқықтарымен қоғамдық келісім ілімдерін қарастыру.

Кредит саны- 2

Дәріс №1. Француз Ағарту философиясындағы адам мәселесі. Жаңа классикалық Европа философиясының ерекшелігі мен негіздері. Негізгі гносеологиялық мәселелер және оның әдістері мен шешілуі.

Дәріс №2.Француз Ағарту филофиясындағы адам мәселесі. Ф.Бэкон мен Р.Декарттың рационализмі. ХҮІІғ. метафизикадағы субстанция мәселелері және оның атрибуттары. Ағарту философиясы, ерекшелігі мен негізгі идеялары.

Жаңа Заман философиясы.

«Жаңа Заман философия» дәуірі дегеніміз – итальяндық Қайта Өрлеудің ары қарай жалғасы. Философияның дамуы жаратылыстану ғылым негізінде Батыс Европаның әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне сүйенеді.



Тірек сөздер:

Рационализм – Барлық бастау зердеде.

Танымның индуктивтік әдісі – ғылымның барлық заңдылықтары, нақтылы тәжірибелердің нәтижесінде шығарылуы тиіс.

Батыстық Жаңа Заман философиясы



Бөлім атауы

Уақыты

Европа философиясы. Жаңа Заман бастауы.

1600ж. 1688 жылдағы екінші ағылшын революциясына дейін.

Европалық және Солтүстік Америкалық Ағарту философиясы.

1688ж. 1789ж. Ұлы Француз революциясына дейін.

Неміс классикалық философиясы

1770ж. 19ғ. ортасына дейін.

Қазірігі заманадағы Батыс философиясы

1830ж. қазіргі уақытқа дейін.

Ағарту дәуірі философиясы.

Ағарту дәуірінде философияда ағарту мәселесі бірінші орында болды. Сондықтан ағартушылар ілімінде сенім мен адам зердесінің күшіне назар аударды.



Тірек сөздер:

Деизм –Құдайды дүниені жаратушы деп мойындайтын, бірақ дүниені жаратып, оған белгілі бір заңдарды бергеннен соң, Ол әлемнің арғы қарай тағдырына араласпайды.

Механикалық материализм – барлық әлемдік табиғи құбылыстарды механика негізінде түсіндіру.

Ағарту дәуір философиясының жаңалықтары.





Жаңалықтар

Философтар

1.

Субъективтік идеализмнің дамытуы.

Беркли

2.

Жаңа заман философиясының дамуынадағы скептицизм мен агностицизмнің пайда болуы.

Юм

3.

Діни скептицизм мен еркін ойлылықтың дамуы, дін мен шіркеуді сынауы, кейіннен атеизмнің қалыптасуы.

Волтер, Дидро, Гольбах, Ламетри, Кондильяк

4.

Деизмнің кең таралуы. (Ньютонның механикалық негізіне сүйену)

Вольтер, Монтескье, Руссо, Кант

5.

Маханикалық матерализмнің кең таралуы (оның Ньютон механикасынан шығарылуы).

Дидро, Аламбер, Ламетри, Гольбах, Кондильяк

6.

Сенсуализмнің қалыптасуы, кең таралуы, оның материалистік, идеалистік бағыттары.

Локк, Кондильяк, Беркли, Юм

7.

Сенсуализм мен рационализмнің қарама-қайшылығы, (таным теориясы, сенсуализм негізінде құралады да, онда рационализм теориялық ақыл негізінде адамзат зердесінің күшіне сенеді).

Руссо, Дидро, Кондильяк т.б. Олардың кейбір қатынастарда сенсуалистік, рационалистік ұғымдар.

8.

Әлеуметтік философияда:

а) Географиялық детерминизм (концепция) ілімінің пайда болуы (жаратылыстану ғылымдарының тәжірибелік әдістерін адамзат қоғамына қолдану)

б) «Қоғамдық келісім» теориясының ары қарай дамуы.


Монтескье

Руссо


Апта 7. ХІХғ. мәдениетіндегі Батыс философия. Неміс классикалық философиясы.

Кредит саны - 2

Мақсаты: Неміс классикалық философиясының рационалистік сипатын, оның жоғары абстракциясын, реалдық сипатты түсіндірудегі тұтастығын жүйелілігін көрсету.Қоғамның , мәдениеттің, тарихтың, адамның, табиғаттың диалектикалық таным әдісін, гуманистік мағынасын көрсету.

Неміс классикалық философиясы.

Европа философиясының дамуының басты кезеңі Неміс классикалық философиясы. Оның негізін салған И.Кант, ары қарай дамытқан И.Г. Фихте, Ф.В. Шеллинг, Г.В. Гегель, И.Л. Фейербах, т.б.Неміс классикалық философиясы ХҮІІ ғ. 70ж. И.Канттың сыни кезеңінен басталады да, ХІХғ. ортасында Шеллинг пен Фейербахтың философиясымен аяқталады. Барлық Неміс классикалық философиясының ағымы И.Кант философиясынан шығады. Оның философиясындағы сан алуан құрылымдар мен ілімдер кейінгі уақыттарда дамытылып, объективтік, субъективтік, тіпті материалистік ілімдерге айналды.



Тірек сөздер:

«Өзіндік зат» – бұл сыртқы дүниенің объектісі (немесе тұтас әлем)қандай мәнде болса, солай көрінуі.

«Біз үшін өзіндік зат» - бұл сыртқы объектінің (құбылыс) біздің санамызда бейнеленуі.

«Антиномия» - қарама-қайшылық.

Тақырыбы: Гегель философиясы.

Сабақ мақсаты: Гегель объективтік идеализмнің негізін салушы, соның негізінде идеалистік жүйе қалыптастыру да, идеалистік диалектика әдісін қолданды.

Тірек сөздер:

Абсолюттік рух – жасампаздық белсенділік, даму, кеңеюі.

Диалектикалық логика – Абсолюттің заңдары мен дамуы туралы ғылым.

Гегельдің философиялық жүйесі

Логика


-

Болмыс туралы ілімі - мән туралы ілімі - түсінік туралы ілімі

-

Табиғат философиясы



-

механика - физика - органикалық физика

-

Рух философиясы



-

Субъективтік рух - объективтік рух - абсолюттік рух

- өнер

- дін


- философия

Бақылау сұрақтары :

  1. Гегельдің «Рух феноменологиясы».

  2. Гегельдің «Дін философиясы».

  3. Гегельдің «Құқық философиясы».

Фейербах философиясы.

Фейербах философиялық эволюциясында объективтік идеализмнен (гегельшілдік) материализмге жетті. Фейербах философиясында дін талданады және сыналады. Ол діннің адамзат тарихындағы орнын түсіне отырып, мәні мен шығу тегіне жаңаша талдауды ұсынды. Ол антропологиялық материализмнің негізін қалады.



Антропологиялық материализм – адам психофизиологиялық саналы материалдық құбылыс ретінде талдануы.


Апта 8 . ХІХ-ХХғ.ғ. орыс мәдениетіндегі философия.

Кредит саны - 2

Мақсаты: орыс діни философиясының әлеуметтік-этникалық бағытын, оның әдебиетпен байланысын көрсету.

Дәріс №1.Орыс философиясының қайнар негізі, дәстүрі, ерекшеліктері.

Дәріс №2. Славянофилдік және батысшылдық. Орыс философтарының діни ізденістері.

Орыс философиясы

ХІ-ХІІІ ғ.ғ. Киевтік Орыс кезеңі. XIV – XVIII ғ.ғ. Москова кезеңі. Ағарту дәуіріндегі орыс философиясы.

ХҮІІғ. аяғындағы Петр І реформалары, Орыс мәдениетінің Батыс мәдениетімен жақындасуы. Батыстық Ағарту ұғымдарының Батыс ағарту идеясының Орыс ағартушылығындағы өзіндік бейнеленуі. М.В.Ломоносов, Н.И. Новиков,А.Н.Радищев т.б. ХІХғ. Іж. Орыс философиясы. Орыс философиясының қайнар негізінде декабристердің философиялық ұғымдары жатыр. Әсіресе, олардың әлеуметтік-саяси бағыттарының құндылығы.

Тірек сөздер:

Славянофильдер – православие діни негізіндегі орыс халқының өзіндік даму жолын таңдап алуы.

Батысшылдар – Батыс философиясы мен ағартушылығы, ғылымдардың негізінде, байланыста даму жолын таңдап алуы.

19 ғ. ІІжартасындағы Орыс философиясы.

19ғ. ІІ жартасында В.Соловьевтың философиялық идеялары Россияның әлеуметтік-саяси оқиғаларымен байланыста болды. Оны үш кезеңге бөлеміз.

Бірінші кезең- 1901-1975 ж.ж.«Күміс ғасыры»

Екінші кезең – 1917-1991ж.ж. «Совет кезеңі». Бұл кезеңде орыс философиясы эмиграция мен советтік Россия философиялық ағымдарына бөлінеді.

Үшінші кезең – 1991ж. қазіргі уақытқа дейін. Бұл кезде даму жылдарының аздығына байланысты философиялық талдауды жүзеге асыру мүмкін емес.

Тірек сөздер:

Орыс идеясы – Ресей дамуының жағдайлары, (өмірлік философия) адамға назар аударуы.

Апта 9. Марксистік философия.

Мақсаты: Неміс классикалық философиясының ары қарай даму нәтижесінің мәні марксистік философия екендігін көрсету, Маркс философиясының қалыптасуына ықпал еткен тарихи жағдайларды, оның алғышарттарын және Маркс жаңалығының қоғамға қаншалықты әсер еткендігін талдау.

Кредит саны- 2

Дәріс №1.Маркстік философияның қалыптасуы.

Дәріс №2. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру.

Марксистік философия.

Марксистік философия бір-бірімен тығыз байланыстағы үш құрамдас бөлімнен тұрады. Оны кезінде ғылыми коммунизм деп атады. Марксистік философия қоғам өмірінде маңызды мәнге ие болды. Себебі ХІХ-ХХғ.ғ. революциялық күрестің мәнімен мақсаттарын ашып берді. Социалистік жүйенің негізін қалады.



Тірек сөздер:

Диалектикалық материализм –табиғат және таным туралы ілім.

Тарихи материализм – қоғам туралы ілім.

Қоғамдық болмыс –жеке тұлғалардың еркімен санасына тұтас қоғамға бағынбайтын, материалдық қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Қоғамдық сана – қоғамдық болмыстың бейнеленуі. Алғашқы қауымдық құрылыс.Құл иеленушілік құрылыс. Феодалдық құрылыс. Капиталистік құрылыс. Коммунистік құрылыс.

Апта 10. Қазақ философиясы.

Кредит саны- 2

Мақсаты : Қазақ ойшылдарының философиялық көзқарастарының экзистенциалдық поэтикалық бейнеленуін ашу.

Дәріс №1.Қазақ философиясының рухани қайнар негізі, оның дамуының кезеңдері мен ерекшеліктері.

Дәріс №2.Әлем мен адам туралы ойлар.

Қазақ философиясы.

Ш.Уәлиханов. Қазақ ағартушыларының даму деңгейі, сол дәуірдегі алдыңғы қатарлы демократиялық ағартушылық рухпен тығыз байланыста болды. Ш.Уәлиханов материяның сөзсіз біріншілігін,сананың екіншілігін ұғынды. Материя ғарыш пен табиғаттың негізі ретінде қабылданады.

Ы.Алтынсарин. Қазақ тарихында бірінші рет ағартушылық идеяларын іс жүзінде жүзеге асырушы. Қоғамның дамуындағы білімнің орнын түсініп, өз халқын жаңа дамуға жеткізуге ұмтылады. Сондықтан қоғамдық өмір ағартушылық идеялармен ұштастырылады да, ұлттық мүддемен ұластырылады.

Абай Кұнанбаев. Ол адамның адамгершілік қасиеттерінің негізі білімге құштарлық пен ғылыми ағартушылық деп санады. Тек қана білімен көзі ашылған адам нанын өз еңбегімен табуға тырысады. Әділеттілікке ұмтылады, басқаға зұлымдық жасамайды. Кемшіліктеріне қарсы тұрар адамгершілік қасиеттерін молайтады. Өйткені тек қана көзі біліммен ашылған адамның жанына таза ақиқат пен Аллаға деген шын сенімнің (діни көзалдаушылық, жалғандық пен ұятсыздықтан ада иман, шанымның) сәулесі ұялайды. Абайдың адамгершілік философиясында дидактикалық сипат басымды орын алып, ол қарапайым қазақты моралдық азғындықтан, ұятсыз қылықтардан тазартып, оны білім мен мәдениетке, жайсаңдыққа тазалыққа еңбексүйгіштікке т. б. ұмтылтуға бағытталған.



Тірек сөз :

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет