Абулкасова Д. Б



бет8/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,18 Mb.
#13082
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Өткен материалдарды оқу.

Өткен материалдарды қайтадан қарау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады.

Материал қаншалықты қызықты және терең зерттеліп, сарапталса, соншалықты жоғары бағаланады.

2.1 Дәріс мазмұнын зерттеуден бұрын,


  • дәріс конспектісі

  • берілген пән бойынша бағдарлама

  • берілген әдебиеттер тізімі болуы керек.

2.2 Жұмыс әдісі.

  • Дәрісті сабақтан соң бірден қайталап қарау керек.

  • конспектімен жұмыс істей отырып, қосымша мәліметтерге назар аудару керек.

  • тақырып бойынша материал есте қалғанға дейін оқыла берілуі керек.

2.3. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасының мақсаты алынған теориялық материалды практикада қолдану.



  • үй тапсырмасын алдымен тақырып бойынша материалдардан бастау қажет.

  • тапсырманы орындау кезінде дәріс материалдарын пайдаланған жөн.

2.4. Тәжірибелік сабаққа дайындалу.

Алынған білімді бекіту және кеңейту үшін тәжірибелік сабақты жүргізген жөн.



  • Курс бойынша теориялық бөлімді мұқият оқып шыққан жақсы.

  • тәжірибелік сабаққа дайындалу кезінде әдіснемелік құралдарды, әдебиеттерді пайдалану керек.


3. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар:

- үй тапсырмаларын орындалуын қадағалау;

- әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылау материалдары;

- рефераттар және өзге де үй тапсырмаларын орындау жөніндегі нұсқаулар мен әдебиеттер;

- кейстер;

- кроссвордтар;

-жаттығу жұмыстары;
4. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат,баяндама т.б).

1. Мифологиялық көзқарастың ерекшелігі.

2. Милет мектебі: материализмді негіздеу.

3. Сократ философиясындағы адам мәселесі.

4. Библиядағы философиялық және этикалық идеялар.

5. Ислам, оның негізгі бағыттары.

6. Көнетүрік мифологиясы.

7. Италия гуманистері Данте және Ф.Петрарканың адам мен әлем құрылымын жаңаша түсінк туралы.

8. Л. Винчи шығармалары.

9. Спиноза және оның «Этикасы».

10. Д. Берклийдің философиясы.

11. Ф.М.А. Вольтер дін туралы.

12. И. Канттың практикалық философиясы.

13. И. Канттың этикасы.

14. Гегель логикасы және абсолюттік идея туралы ілім.

15. Гегель диалектикасы.

16. Л. Фейербахтың тарих философиясы.

17. Л. Фейербахтың этикасы.

18. Абай философиясындағы адам және еркін таңдау мәселесі.

19. М. Әуезовтың философиялық көзқарастары.

20. Орыс космизмі философиясындағы Адам және Әлем.

21. Экзистенциализм философиясындағы еркіндік мәселесі.

22. Мәдениет тарихындағы болмыс мәселесі.

23. Философия дүниенің бірлігі мен көптүрлілігі туралы.

24. Шығармашылық және еңбек.

25. Таным және шығармашылық.

26. Ойлау мәнері және зерттеу методтары.

27. ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы құндылықтардың философиялық теориясы.

28. Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде.

29. Білім философиясы: зерттеулердің негізгі бағыттары.

30. Ж.Ж. Руссо. Әйел және азаматтық қоғам («Эмиль»).
10. Өндірістік практикадан өту бойынша әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша практика жоспарланбаған.


11. «Философия» пәнінен білімді бағалау сұлбасы

Философия пәні 1 семестрге жоспарланған. 8 аптаның соңында студенттерге бірінші рейтинг (max 30%), 15 аптаның соңында екінші рейтинг (max 30%) шығарылады.

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 8 және 15 апталарда.


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Жұмыс үшін балл

Орындалған жұмыс саны

Дәрістегі белсенділік

100

30

Семинардағы белсенділік

100

15

ОЖСӨЖ сабақтарындағы белсенділік

100

45

СӨЖ тапсырмаларың орындалуы

100

45

Жеке жұмыс

100

6

Жазба жұмыстары

100

2

Және басқа бақылау түрі

100

N

Аралық бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)



100

Барлық бағалардың орташа арифметикалық қосындысы

Ағымдағы бақылау

(Р1+Р2)/2




Емтиханға жіберілу рейтингі

Ағымдағы бақылау *0,6




Қорытынды баға (емтихан)

100*0,4




Барлығы

Жіберілу рейтингі +

Қорытынды бақылау





Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).

Семестр барысында екі аралық бақылау 7-ші және 15-ші аптада өткізіледі. Аралық бақылау бойынша студенттің ең үлкен үлгерім көрсеткіші 60% құрайды.

Семестр соңында емтихан болады.

Емтихан бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулардың ең үлкен көрсеткіші /max 60%/ мен емтихан /max 40%/ көрсеткішінің қосындысынан құралады, яғни 100%-ды құрайды.

Қорытынды емтихан тест түрінде болады. Студенттің білім, білік дағдылары төмендегідей бағаланады:




Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

А-


4,0

3,67


95-100%

90-94%


өте жақсы

В+

В

В+



3,33

3,0


2,67

85-89 %

80-84%


75-79%

жақсы


С+

С

С+



D+

D


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70-74%

65-69%


60-64%

55-59%


50-54%

қанағаттанарлық



F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


11.2. Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу үрдісінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студент тер үшін мінедтті. Әрбір оқытушы студенттерге сабан барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қтынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.



Студенттерге қойылатын талаптар

Курс бойынша жоғары балл Алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).

Берілген оқулықтарды констпкет жасап, тапсврмаларды мегеру. Оқытушылармен піків алмасу. Өздік ойлау танымдық қабілеттілікті арттыру.

1.Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2.Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабан уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3.Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орныдалуы қажет. Үй тапсырамлары негізінле қорытынды баға шығарылады.

4.Жеке тапсырмалар

Семестр лік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат ретінде орындалып қорғалады. Бұл тапсырамлардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шағарылады.

5.Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімі негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6.Пікірлесу

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
11.3. Студенттердің білімін тақырытар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

11.3.1. 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

1. Философияның негізгі мәселесі және оның шешімі.

2. Философиялық дүниетанымның ерекшеліктері.

3. Философияның қызметі және мақсаты.

4. Философияның рухани қайнар көздері және мәдени-тарихи алғышарттары.

5. Даосизм философиясы.

6. Милет ойшылдары және Пифагор іліміндегі дүниенің түпнегізі мәселесі.

7. Софистер ілімінің ерекшеліктері.

8. Платон жан туралы.

9. Аристотель онтологиясы.

10. Номинализм және реализм: екі қарама-қарсы бағыт ретінде.

11. Қайта Өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.

12. Ф. Бекон эмпиризмі және Р. Декарт рационализмі.

13. Адамзаттың ағартушылық тұжырымдамалары.

14. Неміс философиясына жалпы сипаттама.

15. Гегельдің диалектикалық әдісі.



11.3.2 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

1. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну.

2. Позитивизм философиясы: мәні, дамуының негізгі сатылары.

3. Экзистенциализм мәні.

4. Орыс философиясының дамуы және маны.

5. Қазақ философиясының рухани қайнар көздері, даму сатылары және ерекшеліктері.

6. Абайдың философиялық-діни көзқарасы.

7. ХХ г. басындағы европалық философияның дамуының әлеуметтік-тарихи, саяси және мәдени жағдайлары.

8. Герменевтика және мәтінді талқылау мәселесі.

9. Санасыздық мәселесі және психоанализ.

10. Экзистенциализмдегі бостандық мәселесі.

11. «Болмыс» категориясының ерекшелігі және мәні.

12. Философия тарихындағы материя түсінігі. Материя туралы қазіргі түсінік. Әлемнің материалдық бірлігі.

13. Философия тарихындағы сана мәселесі. Сана генезисі.

14. Даму түсінігі, оның түрлері мен формалары.

15. Жекелік, ерекшелік және жалпылық категориялар.

16. Таным және өзіндік таным – олардың айырмашылығы. Таным субъектісі және объектісі.

17. Логика және шығармашылық.

18. Құндылықтың әлеуметтік-тарихи мәні.

19. Адам жоғарғы құндылық ретінде.

20. Қоғам өздігінен дамитын жүйе және адам құндылығы ретінде.
11.4. «Философия» пәнінен тест сұрақтары


1. Философия дегеніміз не:

А) қоғам туралы ғылым;

В) аян беру арқылы келетін ақиқаттарға сенім

С) табиғатты тану

D) табиғаттың, қоғамның және танымның дамуының жалпы заңдары туралы ғылым

Е) аспан денелері қозғалысының теориясы

2. Дүниеге көзқарастың анықтамасы:

А) қоғам туралы білімдердің жиынтығы

В) дүниеге, адамның дүниеде алатын орнына деген көзқарастардың жүйесі

С) адамгершілік принциптерінің жүйесі

D) дүниені танып-білуді білдіретін қағидалардың жиынтығы

Е) дүниеге діни көзқарас

3. Философияның негізгі сұрағы:

А) әлем қалай құрылған

В) өмірдің мәні неде

С) жерден тысқары өркениет бар ма

D) дүние мен адамның, материя мен сананың арақатынасы туралы мәселе

Е) экологиялық дағдырыстың себептері неде

4. Философиядағы негізгі екі бағыт:

А) скептицизм мен стоицизм

В) апологетика мен патристика

С) реализм мен номинализм

D) позитивизм мен неоқантшылдық

Е) материализм мен идеализм

5. Дүниеге көзқарас түрлерінің тарихи тізбегі қандай:

А) философия, аңыз, дін,

В) аңыз, философия, дін

С) дін, философия, аңыз

D) философия, дін, аңыз

Е) аңыз, дін, философия

6. Философияның функциялары:

А) дүниеге көзқарастық, логикалық, гносеологиялық, методологиялық, аксиологиялық, гуманистік

В) өмірдің барлық жағдайларына сай келетін ғылыми негізделген ұсыныстарды беру

С) болмыс пен ойлау, мәңгі мен өткінші туралы абстрактылы теориялық ойға салыну

D) қоршаған шындықты ғылыми түсіндіру

Е) барлық ғылымдардың ғылымы болу

7. Философиялық танымның ерекшелігі неде:

А) практика қажеттерінен қол үзіп алыстатылғандығына

В) жалпылығында, әмбебаптығында, өмірмәндік толыққандылығында

С) сезімдік–эмоционалдық нақтылығында

D) абстрактылы теориялылығында

Е) реалдылықты объективті бейнелеуінде

8. Философия қайда пайда болды және қалыптасты:

А) Көне Грецияда

В) Вавилонда

С) Көне Мысырда

D) Көне Иранда

Е) Көне Римде

9. Берілген сөйлемдерден идеалистік пікірді көрсет:

А) сана материяға дейін және оған тәуелсіз өмір сүре алады

В) сана – адам түйсіктерінің жиынтығы

С) сана – материяның жемісі

D) сана - материянвң түрі

Е) сана материямен бөлінбес байланыста

10. Гносеология дегеніміз:

А) гректің әйел құдайы

В) философиялық идея

С) философияның таным жөніндегі тармағы

D ) ақиқат синонимі

Е) болмыс туралы ілім

11. Даосизмнің негізін қалаушы:

А) Конфуций

В) Мо Цзы

С) Лао Цзы

D) Гаутама

Е) Мэн Цзы

12. Көне Қытай философиясының басты ағымдарының бірі:

А) буддизм

В) суфизм

С) перипатетизм

D) джайнизм

Е) конфуцианшылдық

13. Көне Үнділің қазір әлемдік діннің бірі болып табылатын діни-философиялық ілімі:

А) буддизм

В) йога

С) брахманизм



D) джайнизм

Е) чарвака-локаята

14. Көне Үнді философиясының өкілін көрсет:

А) Сенека

В) Парменид

С) Зенон


D) Джина

Е) Лао Цзы

15. Чарвактар үшін не бастама болып табылады:

А) жер, су, ауа, от

В) жер, су және ауа

С) жер, су, от

D) су, ауа, от

Е) ағаш, күн, жер

16. Антикалық философия:

А) орта ғасырлар философиясы

В) көне Үнді философиясы

С) ежелгі гректер мен римдықтардың философиясы

D) ертедегі мысырлықтардың ілімі

Е) Көне шығыс даналығы

17. „Бәрі ағып, бәрі өзгереді, бір өзенге екі рет енуге болмайды”, – деген кімнің сөзі:

А) Фалестің

В) Гераклиттің

С) Парменидтің

D) Зенонның

Е) Пифагордың

18. Анаксимен ілімі бойынша, дүниедегі нәрселердің бәрінің материалдық бастамасы

А) от


В) ауа

С) апейрон

D) су

Е) идея


19. Белгілі апориялардың („Дихотомия”, „Ахиллес тасбақаға жете алмайды”, „Жебе” т. б.) авторы кім:

А) Анаксимен

В) Пифагор

С) Левкипп

D) Аристотель

Е) Элейдік Зенон

20. Платонның таным теориясын сипаттаңыз:

А) агностицизм

В) скептицизм

С) эмпиризм

D) схоластика

Е) еске түсіру теориясы

21. Сократ диалогтарының авторы кім:

А) Парменид

В) Демокрит

С) Аристотель

D) Платон

Е) Плотин

22. Антика философиясының шыңы болып есептелетін философ:

А) Фалес


В) Демокрит

С) Аристотель

D) Сократ

Е) Плотин

23. Көне грек атомистерін атап беріңіз:

А) Фалес, Анаксимандр, Анаксимен

В) Парменид, Зенон, Мелисс

С) Левкипп, Демокрит; Эпикур

D) Сократ, Платон, Аристотель

Е) Анаксагор, Протагор, Эмпедокл

24. „Адам – барлық заттардың өлшемі”, - деген кімнің сөзі:

А) Горгийдің

В) Эмпедоклдің

С) Сократтың

D) Платонның

Е) Протагордың

25. Демокриттің атомистік ілімінің мұрагері кім:

А) Эпикур

В) Протагор

С) Сократ

D) Софокл

Е) Цицерон

26. Рим дәуіріндегі Демокрит ілімінің мұрагері кім:

А) Макиавелли

В) Цицерон

С) Сенека

D) Марк Аврелий

Е) Лукреций Кар

27. Идеалды мемлекет туралы ілімді баяндайтын „Мемлекет” атты философиялық-саяси шығарманың авторы кім:

А) К. Маркс

В) Сократ

С) Платон

D) Эпикур

Е) Конфуций

28. Аристотель қай мектептің түлегі:

А) Милет

В) Элей

С) атомистикалық

D) Платон Академиясының

Е) пифагорлық

29. Аристотельдің негізгі философиялық шығармасы қандай:

А) „Топика”

В) „Жан туралы”

С) „Метафизика”

D) „Никомахтың этикасы”

Е) „Физика”

30. Аристотельді неге „Адамзаттың алғашқы ұстазы” деп атайды:

А) формальдық логиканы құрғаны үшін

В) сындарлы этикалық ілімді жасағаны үшін

С) мемлекеттің теориясын дамытқаны үшін

D) физика, биология және т.б. ғылымдар саласында ашқан жаңалықтары үшін

Е) антикалық дәуірдің барлық даналығы мен ғылымын қорытқан философиялық ілімі үшін





12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру.

Философия пәнінен электрондық оқулық пен презентация (слайд шоу) корпус – 1, 3 сақталған.



13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – кесте бойынша.

Корпус - №3, аудитория – 201, 408








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет