Аңдатпа: Бұл мақаладам



Дата22.08.2017
өлшемі90,46 Kb.
#24534
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Салтанат Шармуханбет,

( Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ)

Аңдатпа: Бұл мақаладамәліметтер қоры негіздерін оқытуда жобалау әдісін пайдалану әдістемесі оқытудың оқу-тәрбиелік мақсатына тәуелді. Сондықтан жобалау әдісін пәннің мазмұнына сәйкес нақты бір тақырыпты немесе тарауды оқытуда қолдануды ұсынамыз.

Кілттік сөздер: мәліметтер коры, жобалау әдісі.

Мектепте пәнді оқыту,меңгерту мақсатында дәрістер,практикалық және лабороториялық сабақтар,оқушылардың өзіндік жұмыстары жоспарланады. Оқытудың бұл формаларының кез келгенін жүргізу барысында жобалау әдісін тиімді қолдануға болады және жоба жетекшісінің рөлін сол оқытушының өзі атқара алады.

Оқу тобы мәліметтер қоры негіздерін қамтитын пәндеріне сәйкес лабороториялық сабақтарында ішкі топтарға бөлінетіндігінің өзі жобалау әдісін тиімді қолдануға оң ықпалын тигізеді.Демек, жобаның көлеміне қарай топтарға бөлу,ұйымдастыру жұмыстары жеңілдейді. Оның үстіне,жоба нәтижесі компьютердің көмегімен алынатындықтан, компьютерлік сыныптарда оқушытердің тиімді жұмыс жасау мүмкіндіктері артады (компьютер жетіспеушілік мәселесі азаяды). Сонымен қатар,ішкі топтарда жоба мәселесін талқылау,бөліп алу,біріктіру әрекеттерін ұйымдастыру қиындық туғызбайды.

Ендігі кезекте «Мәліметтер қоры» бойынша оқу жобалауын қолданудың алғы шарттары мен оған қойылатын талаптарды айқындап алу міндеті туындайды.

Мәліметтер қоры құрамына енетін пәндердің барлығы дерлік компьютерлік сыныптарда ұйымдастырылатын лабороториялық сабақтар түрінде оқытылады. Яғни,бұл пәндер бойынша жоспарланған жобалау компьютер көмегімен орындалады. Осыған сәйкес оқу жобалауының тақырыптарына қарай олардың нәтижелеріне жеткізетін ең маңызды алғы шарттарды атап өтейік:

- заман талабына сай жабдықталған компьютерлік сыныптың болуы;

- жоба құрамына енетін материалдар(модуль,файл) жасақталатын қолданбалы және жүйелік программалық жабдықтардың орнатылуы;

-жобаның негізгі идеясын тұжырымдайтын,қосымша (программа)құрылатын мәліметтер қоры орталарының болуы;

-жобаға жетекшілік жасайтын оқытушының іс-тәжірибесінің болуы(кем дегенде бір жобаны бастан-аяқ орындап шығуға қатысқан болуы шарт).

Аталған шарттардың ең болмағанда біреуінің болмауы жобалау әдісін пайдаланып оқыту тиімділігіне кері әсерін тигізеді.

Енді,аталған шарттар орындалған және оқу үдерісінде қолданылатын жобалау оларға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын деңгейде құрылған деп есептеп,мәліметтер қоры қамтитын пәндерді оқыту үдерісінде жобалау әдісін пайдалануды ұйымдастыру әдістемесін қарастырайық.

Ең алдымен, оқушыларды жобаның орындалу кезеңдерімен таныстырады,оны жүзеге асыру бағытында жұмыс жасауға жұмылдырады, яғни жобаны орындауға дайындау кезеңі жүргізіледі. Бұл уақытта ұсынылған оқу әдістемелік құралдағы нұсқауларды мейлінше орнымен қолданған дұрыс.

Сол секілді,электрондық құралдағы жобалау қорынан сабақ тақырыбына сәйкес жобалау қорын оқушы қарай отырып, орындалмақшы жобаны таңдай алады. Содан кейін жоба оқушыға ұсынылады да,оқытушымен бірге жобаның айқындамасы құрылады. Бұл қадамда құрылатын жоба нақты да айқын баяндалса,оқушы жоба айқындамасының мүмкін болатын қорытынды сұлбасы мен кейбір аралық бөліктері жобаланады. Оқушылар ұсынылған жобаның бағдарламасын (бағдарламалық жабдығын,материалын) құру ортасымен таныс болғанымен жобаның кейбір ішкі есептерін көрмеуі де мүмкін. Сондықтан ішкі есептерінің жалпы құрамын анықтайды. Ал,өте мұқият үңілген жағдайында жобаның жалпы шешу жолын,сұлбасын танып,оның рет-ретімен орындалу тізбегін анықтайды,жобаны шешуге қатысты ұсынылған нұсқаларды талдау,шешу жолдарын ортаға салады,нұсқаның тиімдісі таңдалады,таңдалған нұсқаны негіздеу жасалады.

Жобаның дайын айқындамасы бойынша жұмыс жоспары құрылып,ішкі есептері анықталады.

Сонымен қатар,жобаны орындайтын оқушы немесе оқушылар тобы (жұмыстың көлеміне т.б. шарттарына қарай)сайланып,есеп үлестіріледі,нақты талқылануы да мүмкін. Жетекші оқушының материалды меңгеруі,әрекеттерінің дұрыс бағыты т.б. әрекеттері қадағаланып-тексеріліп отырады.

Соңында оқушы өзіне берілген ішкі есепке сәйкес тапсырманы орындайды және оның жобадағы орнын айқын білмеуі де мүмкін. Жобаны орындаушы топтың негізгі құрастырушысы қосымша блоктарын қабылдап,бірлесе отырып оларды біріктіреді. Әрбір ішкі есепті орындаушы өз есебінің нәтижесін қорытындылап тұжырымдайды.

Нәтижесінде жоба шешімі жариялауға дайындалады. Соңынаноқушының білім деңгейі,жұмысы бағаланады.

Ең алдымен,мәселені қойып және оны сәтті шешу үшін оқушының тиісті білім деңгейін,үдеріс барысында қандай жаңа ұғымдар,түсініктерді қабылдап меңгеру қажеттігін және бұрынғы білім-дағдыларын пысықтауға қаншалықты мүмкіндіктер ашылатынын ескеру қажет.

Оқу жобасын таңдау немесе құру барысында оқушының атқаратын жұмыс деңгейін(оны орындауға қажетті білімінің жеткіліктілігін) ескерумен қатар жобаның техникалық және ақпараттық қамтамасыз етілуін және тақырыбының оқушыны қаншалықты қызықтыруы мүмкіндігін талдап алған дұрыс. Себебі,жобаны орындау барысында оқушының білім деңгейіндеескерілмеген қиындық кездессе, нәтижесінде жоба аяқсыз қалады.

Оқу жобасы негізінен біртіндеп рет-ретімен орындалатын тапсырмалардан тұрады. Олар жаңа материалды меңгерту,бұған дейін алған біліктілігін,машықтарын жинақтап қолдану,шығармашылық ізденістер жүргізу,теориялық білімдерін бекіту және т.б. тапсырмалары анықталуы мүмкін.

Жобалауды оқушылардың топтаса орындауын ұйымдастыруды мәселенің қойылуын талқылаудан бастап,программалау тапсырмасын бәріне ортақ тұжырымдайды,ал программалау және енгізу,өңдеу және есептеу 2-3 адамнан тұратын шағын топтарда ең болмағанда бір компьютердің көмегімен жүргізіледі. Әрине,әр шағын топ бастапқы мәліметтерді әр түрлі талқыласа,жобаны орындау деңгейі артады, өлшеулер дәлдігінің т.б. факторлардың есептеу нәтижесіне тигізетін әсері айқынырақ көрінеді.

Енді жобалау әдісін пайдаланып оқыту үдерісінің ұйымдастырылу ретіне тоқталайық.

Оқыту үдерісінде жобалау әдісін қолданудың нәтижелері болуының қажетті шарты-оқу жобалауы мақсаттарының дәл,тиянақты,толық және жүйелі түрде жазбаша сипатталуы. Сонымен қатар,мақсатқа қол жеткізуге тікелей ықпал ететін кезеңдік жоспарлаудың да маңызы бар. Осы екі талап программалық жобаның арнаулы айқындамасында ұштастырылады.

Жобалау айқындамасы динамикалық құрылым болып табылады және жоба толық орындалып болғанша тиісті өзгерістерге ұшырауы да мүмкін. Мәліметтер қорын оқытуда жобалау әдісін пайдалану тиімділігін көрсету үшін орындалуға тиісті принциптерді келтірейік:

Жобалау әдісі арқылы оқыту үдерісінде әрбір оқушы оқытудың бірнеше міндетті кезеңінен өтуі тиіс. Бұл кезеңдер жобалау әдісінің технологиялық сұлбасына сәйкес анықталады. Әр кезеңнің мәліметтер қорын құрудың жоғары деңгейіне,дағдыларына қол жеткізуге бағытталған өзіндік мақсат,мазмұн,сипаттамалары болады. Оқытушы мен оқушының әр кезеңдегі іс-әрекеттерін,мақсат міндеттерін анықтап сипаттама берсек:

Бірінші – «бастапқы ұйымдастыру» кезеңінде мәселелік жағдаят қойылады. Жоба таңдалады. Жоба мақсаты мен есебінің қойылымы анықталады. Жобаны орындаудың осы басты кезеңінде оқушыларды мейлінше екпінді түрде жұмылдыру (тікелей араластыру) қажет. Себебі, оқушы жобаны еркін таңдау және оны жүзеге асыру мақсатындағы бағыттарды анықтауға белсенді араласу арқылы өзінің жобаны орындауға деген мотиві(ынтасын) мен жауапкершілігі арттырады,демек оның жобаға қатысты оқып үйрену барысындағы іс-әрекеті молаяды,реттеледі.

Мысалы, «Тестілеу жүйесі» жобасында оқытушы компьютер көмегімен тестілеу жүйесінің құрылуы туралы негізгі идеясын ғана береді, ал бірақ тестілік материалдарын қандай форматта,қайдан алынатынын,қандай ретпен берілетінін атамайды. Жобаның басты есебінің қойылымын,ішкі есептерін жобаны орындайтын топ мүшелері анықтайды,құрады,келіседі. Соған сәйкес файлмен жұмыс жасауға арналған процедуралар мен функциялар туралы теориялық материалдарды дайындалған құралдан табуға,оқып алуға болады.

Екінші- «Білімдерін саралау-толықтыру» кезеңінде жобаны жүзеге асыруға қажетті білім деңгейлері анықталады. Атап айтқанда,қарастырылып отырған тақырып шеңберінде бұған дейін өтілген материалдарды қайта пысықтайды. Қажетті программалық жабдық немесе мәліметтер қорын құру немесе басқару ортасы жұмысын тексереді.

Үшінші- «Қойылымдық бөлігін жоспарлау» кезеңінде оқушының оқу-танымдық іс әрекетін,өз бетінше жұмыс жасауға бейімділігін қалыптастыру және мақсатты түрде өзінің шығармашылық топтағы іс-әрекетін жоспарлау тәрізді тәрбиелік жұмыстарды атқару көзделеді.

Сонымен қатар, үдерісті ұйымдастырудың төмендегідей әдістері мен түрлері қолданылады:

- үдерістің басты мәселелерінің ғылыми-логикалық негіздемесінің берілуі;

- негізгі құрылымдық элементтерінің анықталуы;

- қажетті теориялық материалдардың құрамы мен мазмұнының айқындалуы;

- жобаны орындау қадамдарының нақтылануы,оны орындайтын шығармашылық топтардың құрылуы;

- топ мүшелерімен бірлесе отырып, күтілетін нәтиженің және оған қол жеткізудің тәсілдерінің талқылануы,жоспарлануы. Бұл жердегі ең басты назар аударатын нәрсе-оқушының «еркін» болуы.

-жобаны жоспарлау және мазмұнын айқындау барысында ескеретін дүниежоспардың алғашқыда жоба көлеміне қарай (әсіресе үлкен тақырыптық блоктарға арналған жобалауда) жалпы түрде құрылып,кейін жұмысты орындау барысында өзгертіліп отырылу мүмкіндігін ескеру.

Төртінші- «Жобалау қадамы» кезеңінде қойылған есеп бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру көзделеді.

Негізінен жобаны орындау барысында оқушылардың жаңа материалдарды –жинақты білімдерін қолданулары қадағаланады. Демек, тақырыпқа сәйкес жаңа материалдар беріліп отырады,жобаның ішкі бөлімдері жүзеге асырылады,оны орындау барысындағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы,әрекеттері қадағаланады. Сонымен қатар,оқушыларға қажетті ақпараттарды іздеп –табуға бағыт-бағдар беріліп,оның нәтижесі бағаланып отырады және компьютердегі практикалық жұмыстары ұйымдастырылады. Оқытушы оқушының жұмысының аралық нәтижелі болуын жітік қадағалайды және қажеттілігіне қарай қамтамасыз етеді. Оқушыжобаның әр қадамын толық түйсініп отыруына үлкен мән берген жөн және қажетіне қарай бағыт-бағдар беріп отыру керек.

Дайын болу ретіне қарай жоба бөліктері –блоктары біріктіріледі.

Бесінші – «Аралық бақылау» кезеңінде жобаға қатысты ішкі есеп нәтижесі талқыланады және түзетіледі. Қажеттілігіне қарай аталған кезеңдердің кез келгені қайталануы да мүмкін. Негізгі мәселе- оқушылардың білім деңгейі мен машығының қалыптасуы тексеріледі және дайын болған ішкі есептердің дұрыстығына көз жеткізіліп жобаның басқа дайын блоктарымен біріктіріледі.

Алтыншы - «Қорытынды бақылау» кезеңінде орындалған программалық жобаға қорытынды-бақылау жасалады,мақсатты біліктілік, дағды–машықтар деңгейі бағаланады. Жобаны қорғату жұмысы ұйымдастырылып,алдын-ала келісім бойынша тағайындалған сарапшылар алдында қорғалады(оқушылар тобы мен оқытушының өзі ғана қабылдауы да мүмкін).

Осы мәселелерге байланысты айқындалған жобаны құру барысында орындалған кезеңдер:

I.Бастапқы ұйымдастыру кезеңінде тақырыпқа сәйкес есептің қойылымы нақтыланады.

II. Мәліметтер қорын құру мен әдістері бойынша біліктіліктерін айқындау кезеңі.

III.Қойымдылық бөлігін жоспарлау кезеңінде оқушылар жобаның айқындамасын құрады. Оқытушы қадағалап, кейбір компоненттерін нақтылау барысында көмектеседі.

IV-V.Жобалау қадамы және бақылау кезеңдеріндеоқушылар өз бетінше жұмыс жасайды және үнемі жоба жетекшісінен қажетті кеңес алып,жеткен жетістіктері мен нәтижелерін қорытындылап (әр ішкі есеп нәтижесін),талқылап отырады.

VI. Қорытынды-бақылау,бағалау кезеңі. Бұл уақытта алынған нәтижені жариялауға дайындық жасалады. Яғни,оқушы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, презентациялар мен оқу практикасының есебін дайындайды. Бағалау кезеңінде жұмыс қорытындысын алдын-ала белгіленген күні оқытушылардан құралған алқа мүшелері мен оқушылар алдында баяндау нәтижесінде жүргізіледі.

Қорыта келгенде, оқыту үдерісінде қазіргі қоғам мүшесі бойына сіңірілуі тиіс қабілет-дағдыларды қалыптастыру үшін кеңірек қолданылатын әдістердің ішінде жобалау әдісінің рөлі артып келе жатқандығы атап көрсетіледі. Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін өз бетінше еркін шешім қабылдай алу қасиетін қалыптастыру және дамыту, оқушының танымдық қажеттілігін арттыру үшін оқыту барысында жобалау әдісін қолданудың алғы шарттары, ерекшеліктері және дидактикалық мүмкіндіктері жан жақты талқыланады. Жобалау әдісін оқытудың маңыздылығын ескеріп, оқу жобалауының типтік белгілері нақтыланады және оларға сәйкес түрлеріне сипаттамалар беріледі. Оқытуды жобалау әідісі арқылы ұымдастырудың сабақ түріне сәйкес нұсқалары ұсынылып және әдісті меңгертудежеке тұлғаның танымдық қызығушылығын арттырудағы алгоритмдік ойлау қабілетін жетілдірудегі дидактикалық және тәрбиелік рөлдері тиянақталады.

Әдебиеттер

1. Алсынбаева Л.Г., Лаврентьев М.М., Васючкова Т.С. Метод проектов в системе непрерывного обучения информатике. Опыт НГУ: Материалы ХII Международной конференции «Информационные технологии в образовании» // Сб.тр. – М, 2002. –Ч.Н.

2. Новикова Т. Проектные технологии на уроках и во внеурочной деятельности // Народное образования. – 2000. - №7.



3Байбақтина А.Т. Информатиканы оқыту үдерісінде оқу проектілерін қолданудың алғы шарттары мен талаптары туралы // «Информатика негіздері» журналы. – Алматы, 2005. - №3. – Б.5 – 7.

4. Пахомова Н. Учебный проект: его возможности // Учитель. – 2000. -№4. – С.52-55.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет