Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиетін зерттеуші



Дата05.02.2020
өлшемі26,21 Kb.
#57210
Байланысты:
4.02 мысал жанрының мәні

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет және ірі қоғам қайраткері – Ахмет  Байтұрсынов болатын.

Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым… 


Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.

Ахмет Байтұрсынов – қазақ әдебиетін зерттеуші.

Ахмет Байтұрсыновтың қызметі тек тіл білімі саласында ғана емес, әдебиеттану саласында да  айрықша зор болды.  1923 жылы «Ер Сайын»  жырын Москвада жарыққа шығарады.1926 жылы «26 жоқтау» атты жинақ түзіп оны да Москвадан шығарады. Мұнда да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері берілген. Әдебиетке қатысты ой-пікірлерін білдірудің басы деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылдың 39-41 сандарында жарияланған «Қазақтың бас ақыны» деп аталатын көлемді мақаласын  атауға болады.  Бұл – Абай Құнанбайұлы туралы жазылған тұңғыш, алғашқы еңбек болып саналады.  Ақынның  «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті  тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы және  бүгінгі әдебиеттану саласының басы. Мұнда да әдебиеттану саласының терминдерін өзі ұсынған және олар күні бүгінге дейін қолданылып келеді.

Ахмет Байтұрсыновтың  ақындық таланты да, позтикалық мұрасы да оның өте дарынды, күшті, ойлы ақын екенін танытады.  Оның өлеңдері  «Маса», «Қырық мысал» деген аттармен  Санк –Петербург,  Қазан, Орынбор қалаларында басылып 1912 дылдан 1922 жылдарға дейін жарияланып тұрған.

  «Қырық мысал»  орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан  аударылған және соның ізімен жазылған өлеңдері. Ақынның ідеби шығарманың діл осы  жанрын таңдауында үлкен мән бар.  Мысал – қазақ халқына да жақын,  ғибрат айтып жақсылыққа шақырудың  ең ұтымды амалы.

1. А.Байтұрсынов өмір сүрген жылдар (1873-1938)

2. Орынбордағы мектепте қай жылдары оқыды. (1891-1895)

3. Хаблықтың тілін әдебиетін  сақтау ізденістерін, кімге жолығудан бастады. (Алекторов 1896ж)

4. Олардың жанұяларының қуғынға ұшырауына себепші болған кім? (Полковник Яковлев)

5. Торғай қаласында екі сыныптық мектепте оықған жылдары (1886-1891)

6.    40 мысал кітабы қайда, қашан шықты? (1909 жылы Петербургта)

7. 1907 жылы Қарқаралы түрмесіне не себепті отырғызылды? (отаршылдық саясатқа қарсы өлең шығарып, патшаға хат жазуды ұйымдастырғаны үшін)

8. Халық ағарту комиссары болып қашан сайланды? (1920 ж)

9. 1926-1928 ж қандай оқу орындарында сабақ берді? (Ташкент институты, Алматы уневерситеті)

10. Маса жинағы қашан, қайда шықты? (1911 жылы Орынборда)

2- топ


  1. Қазақ газеті қашан шықты? Редакторы кім? (1913 жылы 2 ақпан А.Байтұрсынов)

  2. 1921 жылы қандай қызмет атқарды? (халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми әдебди комиссиясы төрағасы.)

  3. Губернатор Сухомлинов қандай мақалдары үшін мың сом айып салды? (Бұл заманның соғысы, жәрдем комитеті, Қырғыз өлкесін, басқару ережесін сынағаны үшін)

  4. Абай туралы мақаласы қай газетке шықты? (Қазақтың бас ақыны 1913 жылы «Қазақ» гезетіне)

  5. Ана тілінде сауат ашар «Оқу құралы» әліппесі қашан шықты? (1912 жылы Орынборда, 1925 жылға дейін қолданылды)

  6. Ересектерге, оқушыларға арналған сауат ашар кітабын ата? (Әліп – би)

  7. Қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулықтары (тіл құралы үшін кітап1914-1916) (Тіл жұмсар 1928 жылы)

  8. 1923 бастырған қазақтың эпостық жыры (Ер сайын)

  9. 1926 жылы бастырған халық өлеңдері қандай атпен жарық көрді? (23 жоқтау)

  10. Ахметке көрсетілген сый құрмет қандай?

 

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Адамгершілік - асыл қасиет



Мектеп: № 26 С.Датов ат.орта мектеп


Күні:4.02

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.С Боранқұлова


Сынып: 5

Қатысқандар: 

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мысал жанрының мәні мен ерекшелігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 

5.Б/С4. Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға сыни хабарлама жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін сынып алдында талдайды



Кейбір оқушылар орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап өлең жолдарын құрастырады



Бағалау критерийі

-Алған әсерін өз сөзімен сипаттап жеткізе алады.

-Өлеңге талдау жасай алады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

егінші , бала бидай , дәнге толу, тәкаппарлық, шекірею, бүгілу, кекірейіп, иілу, қалпы



Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?

Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?

Бастары дәнге толы бидайлар неге тағзым етіп тұр?

Ишара: Көркем шығармадан қандай әсер алдыңдар, не байқадыңдар, өз ойларыңды шағын эссе түрінде жазыңдар.

Құндылықтарға баулу

«Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» және «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» әңгімесін оқу арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, биология, география, қазақ тілі

Алдыңғы оқу

Көркем шығармадан шағын көлемді үзінді жаттау, мәнерлеп оқу.

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

(5 мин)


Оқушылармен сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат

«Шаттық шеңбері» арқылы психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа жақсы тілектерін айтады.

Саналу бойынша сыныпты топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы А. Байтұрсынұлының шығармаларына шолу жасау.

БК: Өлеңдерін атап бере алады.

-Басқа мысал өлеңдермен салыстыра алады.

-Бағдаршам тәсілі бойынша бағаланады.

Қима қағаздар



Сабақтың ортасы

(35 мин)


Ж.

«Авторға хат»

Ахмет Байтұрсынұлына хат жазу.



БК:

- Хат жазу ережесін сақтайды.

-Өз ойын толық жеткізе алады.
С.

«Ақпаратты сүзіп алу»

Оқушылар «Егіннің бастары» өлеңінен өздеріне ұнаған сөздер мен тіркестерді жазады. Оларды таңдаған себептерін айтады және не мағына беретінін талқылайды.



БК:

-Сөз тіркесін таба алады.

-Сөз тіркестерінің мағынасын аша алады.
Жетекші сұрақ қою.

Қазіргі жастарға бұл өлең не береді?

БК:

- Өмірмен байланыстыра алады.

- Өзекті мәселелерді талдай алады.
ЖЖ.

«Бидайдың басын көтергені – дақылының жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы» мақалы мен мысалдың байланысын талдау.

БК.

- Ортақ шешім шығара алады.

-Мақалдың мағынасын аша алады.
Ж. Деңгейлік тапсырма

Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға:

Бидайдың образын шынайы өмірдегі адамдармен салыстырып, өлең жолдарын құрастыру.



БК.

- Өлең құрылысын сақтайды.

-Салыстыра алады.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға:

Бидайдың мінезін анықтайтын, бейнесін ашатын әрекеттерді талдау.

БК.

-Әрекеттерге талдау жасай алады;



-Автор идеясын аша алады.
Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:

- Көркем шығармадан алған әсеріңді сипаттап жазу.

БК.

-Іс-әрекеттерді сипаттай алады.



- Алған әсерін жаза алады.

Сергіту сәті. «Ауада санау»

Ақын суреті


таратпа қағаздар

Үлестірмелі карточкалар


Сабақтың

соңы
(5 мин)


Т.

Пікір алмасу. Сұрақ-жауап арқылы ой қорытындылайды.



1. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?

2. Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?

БК. Сұрақтарға жауап бере алады.

Адам мен бидай іс-әрекетін салыстыра алады.

Бағалау. Топтарға бір-біріне сұрақ қою тапсырылады. Кері байланыс ұйымдастырылады.
Үйге тапсырма беру.

А. Байтұрсынұлының басқа мысалдарын оқу.


Рефлексия. «Сыныптан шығу билеті».




Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)


Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға:

Бидайдың образын шынайы өмірдегі адамдармен салыстырып, өлең жолдарын құрастыру тапсырмасы беріледі.



Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға:

Бидайдың мінезін анықтайтын, бейнесін ашатын әрекеттерді талдау тапсырмасы беріледі.



Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:

Көркем шығармадан алған әсеріңді сипаттап жазу тапсырмасы беріледі.

Оқушылардың деңгейіне сай, әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет.



Критериалды бағалау,

Топтарға бір-біріне сұрақ қою тапсырылады. Кері байланыс ұйымдастырылады.

Бағдаршам әдісі арқылы бағаланады.


АКТ-мен байланыс болды.

Интербелсенді

тақта қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет