Ахмет Ясауи кесенесі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата05.12.2022
өлшемі1,36 Mb.
#161226
  1   2
Байланысты:
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі



Қожа Ахмет Йасауи кесенесі


Ахмет Ясауи кесенесі

Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында
тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан
кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға
жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына
айналды.

Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет
өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа
аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-
дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі
ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында
білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар
қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.


1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние 
салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ 
«мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола 
қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік 
ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны 
жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.



Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде
атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» 
(«Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер
жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, 
жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай
мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған...

Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық
және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы
жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен
ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, 
оны басқа діндегілермен жауласудан
сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, 
зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.

Ахмет Ясауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, 
кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген
қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі
тайпалары зерттеудің көзі болып табылады.


Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің
ерекшеліктері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет