1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние
салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады.
Бірақ көп ұзамай-ақ
«мәртебелі»
қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне
біржола
қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік
ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны
жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.