Ақжайық ауданы Чапаев селосы М.Әуезов атындағы №2 жоббм каирлиева Гулмира Нигметовна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Дата10.11.2016
өлшемі105,88 Kb.
#1400
Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Чапаев селосы

М.Әуезов атындағы №2 ЖОББМ

Каирлиева Гулмира Нигметовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пәні: қазақ әдебиеті

Сынып: 8

Уақыты:



Мұғалім: Кайрлиева.Г.Н.

Сабақтың тақырыбы:Әлем әдебиеті үлгілері. Әбілхасан Рудаки.

Сабақтың жалпы мақсаты:Әлем әдебиеті, оның ірі өкілдері туралы түсінік қалыптастыру. Әбілхасан Рудаки өмірбаянымен таныстыру, шығармашылығына талдау жасау. Өмір туралы көзқарастарын ортаға салып, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, СТО технологиясы стратегиялары, АКТ.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер(слайд), проектор, портрет, үлестірме қағаздар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім.

Сабақтың нәтижесі:

әлем әдебиеті туралы, өкілдері туралы түсінік алады;

Әбілхасан Рудаки өмірімен, шығармашылығымен танысады;

өлеңдерін талдай отырып, өмір туралы көзқарастарын айта алады.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру/Оқушылармен амандасу, танысу, түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру/ «Әпке» пьесасының идеясын сұрау.Сыныпты 4 топқа бөлу.Топқа бөлу тренингі/.

ІІІ. Жаңа сабақ. Әлем әдебиеті үлгілері. Әбілхасан Рудаки.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

/ Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын үлестіру/



Бағалау парағы.



Оқушының аты

1-тапсырма

(жоғары балл -5)



2-тапсырма

(жоғары балл -10)



3-тапсырма

(Әр мақал не афоризм- 1 балл)



Қорытынды балл

1
















2
















3
















4
















5
















6
















1- топтық тапсырма.Тірек сөздерді пайдалана отырып мәтін құрау.

І топ. Әлем әдебиеті /Фирдауси, Низами, Науаи, Хұсрау, Физули, Жәми, Сағди, Хафиз, Омар һәйям, Ш.Айтматов, Жюль Верн, А.С.Пушкин,“Мың бір түн”, “Махабхарата”, “Рамаяна”, “Қалила мен Димна”/

ІІ топ. Өмірбаяны / Әбу Абдуллах Джафар Ибн Мухаммед, парсы-тәжік ақыны,858 жыл,сарайға шақырылу, Панжруд (тәжік тілінен аударғанда бес бұлақ),соқыр,Араб тілі, Құран, 8 жас, Хорасан әмірі болған Ахмад Саманидың ұлы Әмір Насыр, музыкант, сарайдан қуылу, мәйіт, антрополог М.Герасимов, мовзолей, Самани әмірі/

ІІІ топ. Шығармашылығы / тәжік классикалық поэзиясы, 5 үлкен поэма, «Калила мен Димна», зерттеуші,«Синабаднаме», 130 мың бәйіт, 2000 бәйіт, Садриддин Айни, рубаи/

ІV топ.Ерекшелігі /«Ақындардың адам атасы», «Хорасан бұлбұлы»,шәкірттер, 40 жыл ақындар атасы, орыс қызы, ғашық болу, бостандық беру/

/4 топтың мәтіні тыңдалады, слайд арқылы мұғалім әзірлеген мәтін интерактивті тақтаға шығарылады /.



І топ жауабы:

Қазақ әдебиеті көршілес шығыс, туысқан түркі халықтарының мәдениетімен, әдебиетімен ежелден жақын, тығыз байланыста болды. Қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, әзербайжан, татар халықтарының ортақ ежелгі жазба ескерткіштері соның айғағы. Шығыстың классикалық поэзиясы, оның ірі өкілдері Фирдауси, Низами, Науаи, Хұсрау, Физули, Жәми, Сағди, Хафиз, Омар һәйям туындылары, араб халқының “Мың бір түн”, үнді елінің “Махабхарата”, “Рамаяна”, әсіресе “Қалила мен Димна”, “Тотынама” сияқты әлемге әйгілі үлгілерінің кейбір тараулары қазақ арасында кең тараған, олардың жекелеген сюжеттеріне өлең, қисса, дастандар шығарылған.



ІІ топ жауабы:

Әбу Абдуллах Джафар Ибн Мухаммед (кей деректерде – Әбіл Хасан) – белгілі парсы-тәжік ақыны, тәжік классикалық поэзиясының негізін қалаушы. 858 жылы Панжруд (тәжік тілінен аударғанда бес бұлақ) деген ежелгі Согидан астанасы Пенджикент маңындағы таулы өлкеде туған.

«Ақындардың адам атасы», «Хорасан бұлбұлы» атанған. Ел есінде ол Рудаки деген атпен қалған. Рудаки(ручеёк), Панжрудтан шыққан дегенді білдіреді.

Бір деректерде ол соқыр боп дүниеге келген, ал кей деректер оның Самани әмірінің бұйрығымен соқыр боп қалған. Осы дерек бойынша зерттеушілер бір тоқтамға келе алмаған. Ол өз заманына лайық жақсы білім алған. Араб тілін жақсы білген, Құранды жатқа оқыған. Парсы поэзиясының антологиясында ол туралы былай деп жазылған: « Ол өте талантты болатын, 8 жасында Құранды жатқа оқитын, Оның жырлары мазмұнды болғандықтан, халық құрметпен оқитын. Жаратушы оған сонымен қоса керемет дауыс берген. Дауысының арқасында әнші боп, сол кездің белгілі музыканты Абдоллаб Бақтиярдан үйренеді.Хорасан әмірі болған Ахмад Саманидың ұлы Әмір Насыр оны өзіне жақын тартады. Таланты мен ақындығы оны шыңға шығарды, байлығы да арта түсті. Одан кейінгі ақындардың ешқайсысы бұлай байып көрген жоқ еді». Бозбала күнінде ол туған үйінен жыраққа,Бұқарға оқу іздеп келеді. Күндіз оқу оқып, түнде ән айтады. Талантты ақын, әнші туралы Хорасан билеушісі Әмір Насыр ибн Ахмед Саманиға жеткен кезде оны сарайға шақыртады. Өмірінің көп бөлігі сарайда өтеді. Әмір Рудакиды жақсы сыйлайды, онымен өнер, музыка саласындағы тақырыптарда кеңесіп отырады. 40 жылдан аса уақыт ол Бұқардың Самани әулеті билігіндегі ақындардың басы болады. Алайда оның өмірінің бәрі осылай тыныш өтті деуге келмейді. Қартайған шағында ол көзінен айырылып, сарайдан қуылады, мүлкі тәркіленіп, жоқшылықта өледі. Сарайдан қуылу себебі Хорасан әмірінің байларға қарсы күрескен жауларына деген аяушылық сезімі әсер еткен болу керек.

1100 жылдан кейін оның мәйіті жаңа тәжік прозасының негізін салушы Садриддин Айнидың үздіксіз жұмысының арқасында табылды. Ол көптеген тарихи деректер мен қолжазбаларды оқып шығып, ұлы ақынның жерленген жерін дәл тапты. 1956 жылы оның мәйіті ашылып, белгілі антрополог М.Герасимов сүйек қалдықтарымен оның бет-бейнесін қалпына келтірді.

1858 жылы Рудакидың 1100 жылдығына орай ақынның жерленген жеріне Пенжикентке жақын Панджруд кишлагында ақынның мовзолейі тұрғызылды.



ІІІ топ жауабы:

Тарихи дереккөздерге қарағанда Рудаки өте көп жазған. Ол 5 үлкен поэманың авторы. Үндінің «Калила мен Димна» ертегілер кітабынан жасалған аудармасы, «Синабаднаме» поэмасы, т.б.Бірақ оның 130 мың бәйітінен бізге тек 2000 –дайы сақталған. Осы сақталғандардың өзі оның мықты ақын екенін растайды.



ІV топ жауабы:

Көзі тірісінде оны «Ақындардың адам атасы», «Хорасан бұлбұлы» атаған.

Ортағасырдың аса көрнекті ақындары Фирдоуси, Хайям, Сағди Рудаки шығармаларына үлкен мән берген әрі өздерін оның шәкіртіміз деп есептеген.

Адамгершілік пен жақсылық жасау оның екінші өзі болатын. Бір аңыздарда оның күңдікте жүрген орыс қызына ғашық болып, оны сатып алып, еліне босатып жібергені туралы айтылады.



2-топтық тапсырма. Оқулықта берілген өлеңдерін оқып, мазмұнын, идеясын түсіндіру.

І топ. Өмір маған ақыл айтты – сол ізгі.

ІІ топ. Үш күндік бұл фәниге келген пенде.

ІІІ топ. Қара сен ой көзіңмен дүниеге бұл.

ІV топ. Ақылсыз болса дана ұлы.

3-топтық тапсырма. Әр топ өздеріне берілген өлең жолдарының мазмұнын ашатындай мақал не афоризм айту.

Бекіту: Әр топ өткен тақырып бойынша 3 сұрақ дайындайды.

Бағалау: Топ басшысы бағалау парағына жауап берген оқушыларға белгілеп береді.

Қорытынды баға

«5» - 13-17 балл

«4» - 8-12 балл

«3» - 5-7 балл




Оқушының аты

1-тапсырма

(жоғары балл -5)



2-тапсырма

(жоғары балл -10)



3-тапсырма

(Әр мақал не афоризм- 1 балл)



Қорытынды балл

1
















2
















3
















4
















5
















6





















Оқушының аты

1-тапсырма

(жоғары балл -5)



2-тапсырма

(жоғары балл -10)



3-тапсырма

(Әр мақал не афоризм- 1 балл)



Қорытынды балл

1
















2
















3
















4
















5
















6





















Оқушының аты

1-тапсырма

(жоғары балл -5)



2-тапсырма

(жоғары балл -10)



3-тапсырма

(Әр мақал не афоризм- 1 балл)



Қорытынды балл

1
















2
















3
















4
















5
















6

















І топ. Әлем әдебиеті /Фирдауси, Низами, Науаи, Хұсрау, Физули, Жәми, Сағди, Хафиз, Омар һәйям, Ш.Айтматов, Жюль Верн, А.С.Пушкин,“Мың бір түн”, “Махабхарата”, “Рамаяна”, “Қалила мен Димна”/


ІІ топ. Өмірбаяны / Әбу Абдуллах Джафар Ибн Мухаммед, парсы-тәжік ақыны,858 жыл,сарайға шақырылу, Панжруд (тәжік тілінен аударғанда бес бұлақ),соқыр,Араб тілі, Құран, 8 жас, Хорасан әмірі болған Ахмад Саманидың ұлы Әмір Насыр, музыкант, сарайдан қуылу, мәйіт, антрополог М.Герасимов, мовзолей, Самани әмірі/

ІІІ топ. Шығармашылығы / тәжік классикалық поэзиясы, 5 үлкен поэма, «Калила мен Димна», зерттеуші,«Синабаднаме», 130 мың бәйіт, 2000 бәйіт, Садриддин Айни, рубаи/


ІV топ.Ерекшелігі /«Ақындардың адам атасы», «Хорасан бұлбұлы»,шәкірттер, 40 жыл ақындар атасы, орыс қызы, ғашық болу, бостандық беру/

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет