Қайта өрлеу заманының көрнекті өкілдерінің бірі итальяндық ғалым Николло Макиавелли



Дата04.01.2022
өлшемі16,68 Kb.
#109093
Байланысты:
Маккиавели
Маккиавели, 10 сынып құқұқ-ҚМЖ-1 тоқсан



СӨЖ

Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ойлардың басты ерекшелігі, осыған дейінгі саяси ойшылдар сияқты «жақсы өмірді» аңсау мен тұлғаның сыртқы күштерге деген тәуелділігі емес, керісінше, оларды мемлекет пен оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды. Саяси ойлар бірте-бірте діни және философиялық көзқарастардан айырылып, сана болмыстың негізі ретінде қарастырылып, заңдар оның құралына айналуы керек деген қағида бірінші кезекке қойылды.

Қайта өрлеу заманының көрнекті өкілдерінің бірі – итальяндық ғалым Николло Макиавелли (1469–1527 жж.). Ғалымның қарастырған мәселелерінің ішіндегі бастысы деп мыналарды айтуға болады:

1. Саяси ғылымды қоғамтану ғылымдарының ішінде дербес ғылым деп қарастыруы. Мемлекет пен құқық, тұлға мен мемлекет, шіркеу мен адамдардың ара қатынастарын зерттей келе, олардың қалай пайда болғанынына ерекше көңіл бөледі, сонымен қатар, ол мемлекеттегі билік тің ауысу мәселесіне, эволюциялық дамуына, басқарудың формаларына ерекше ден қояды.

2. Н. Макиавелли мемлекеттің пайда болуын қоғамдағы саяси ұйым ретінде қарастырды. Жалпы ол алғаш рет «мемлекет» ұғымын Саяси ілімдер тарихы ендірді. Сондай-ақ, антикалық ойшылдар дәстүрімен ол мемлекетті басқарудың алты үлгісін жасайды, үшеуі «формасы жағынан халыққа жағымды» (монархия, аристократия, демократия), үшеуі «жағымсыз» (тирания, олигархия, охлократия). Сонымен бірге ол мемлекет басшыларының ауысуы қоғамда ешбір діни нанымсенімдерге байланысты емес деп түсіндірді

3. Жеке тұлғаға саналы, ерікті, өз құқығы үшін күресуге мүмкіндігі бар белсенді деп қарады. Тұлғаның жеке белсенділігі қоғаммен тікелей байланысты деп түсіндірді. Қоғам неғұрлым тұрақты, гармониялы түрде дамыса, тұлға да соншалықты белсенді болмақ.

4. Саясат пен құқықтан моральдың ара-жігін ажыратып берді. Саясат пен құқық христиандық догмалық және моральдық ұстанымдарға еш уақытта бағынбайды. Ол өмірдегі тәжірибе мен практикаға, соның ішінде, күшке байланысты деп түсіндіреді.

Маиавелли пікірінше, билеуші өз іс-әрекеттерінде дұрыс деп тапқан әдістер мен шараларды қолдана алады. Ал, бұл мақсатта бұрынғы айтылған уәделер мен анттар бұзылса, әдептілік қағидалары мен адамгершілік принциптері аяққа тапталса, азаматтық бостандық шеттетіліп ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе де жоқ. Билеуші оған бас ауыртып көңіл бөлмеуі керек. Өйтпеген жағдайда саясатта мақсатқа жету қиыныраққа соғады. «Макиавеллизм» деген атқа ие болған оның бұл ілімі саясат пен билікте өз мақсатына қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың пайда болуына әкелді. Оның бұл көзқарастары феодалдық және буржуазиялық билеушілердің арасында кеңінен таралды. Макиавеллидің бұл ілімін қазіргі кезде де қолданатындар бар.

Макиавелли саяси билікті жүзеге асырудың міндетті ережелерінің бірі қол астындағылардың сеніміне ие болу керек екендігін жақсы түсінді. Жақсы билеушінің басты қасиеттерінің бірі халық сеніміне ие бола білуі деп есептеді. Халық билеушінің билік қызметін жүргізуіне кедергі жасамауы үшін, олар билеушіге толық бағынышты болуы да қажет. Макиавеллидің айтуынша, халықты өзіне толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оның біріншісі – халықтың билеушіге деген сүйспеншілігі, екіншісі - оның алдында қорқынышта болу. Бұның қайсысы тиімді және қолайлы деген мәселеде Макиавелли «сүйіспеншілік пен қорқыныш бір мезгілде болғанда тиімді нәтиже берер еді, бірақ сүйіспеншілік қорқынышпен сіңісе алмайды, ал осылардың біреуін таңдау қажет болғанда, қорқынышты таңдау тиімдірек болады» деген қорытындыға келеді.



Қол астындағыларды өзіне мүлтіксіз бағынышты ету үшін билеуші ең қатал және ауыр шараларды ғана пайдаланып қоймай, ең бастысы айламен билей білуі керек. Макиавелли қаталдық соғыс және төтенше жағдайларда ғана емес, бейбіт уақытта да қажет деп есептейді. Мысалы, мемлекеттік билік жаулары мен сатқындардың көзін жойып отыру билеушінің міндеті болып саналады. Олардың алдында билеушінің жауапкершілік міндеті болуының қажеті жоқ. «Билеуші сотқа бағынышты емес».

Макиавеллидің сөзімен айтсақ: «Барлық мемлекеттердің ең басты негіздері - мейлі олар жаңа болсын, ескі болсын немесе аралас болсын бәрібір - жақсы заңдар мен күшті әскер. Күшті әскер жоқ жерде жақсы заң бола алмайды, ал күшті әскер бар жерде, әрине, жақсы заңдар болады.

Макиавелли тарихқа орта ғасырлық саяси-құқықтық түсінікті өзгертуші, Қайта өрлеудің саяси доктринасын жасаушы ретінде енді. Оның ілімі саяси ғылымның одан кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті. Макиавеллидің саясат және билік туралы ілімі қазіргі мемлекет саясаты мен басқаруда да кеңінен қолданылады. Оны кез-келген мемлекеттік басқарудан және елден де көруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет