Айзенк тесті Мақсаты



Дата11.05.2022
өлшемі22,25 Kb.
#141980
Байланысты:
Айзенк тесті
жылдык жоспарлар, КМЖ 11 сынып, Аппараттық жасақтама, Серикбаева М.Ш, 1 сабак Ғылымның рөлі, Нормативтік құқықтық акт ҚР, АТАУЛЫ ДАТАЛАР, список школы, 10 сынып ЖМБ 17.10

Айзенк тесті

Мақсаты: Бұл сауалнама сыналушының психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қобалжу, фрустация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Нұсқау: Әр тұжырымдарға қарама-қарсы келесі сандар көрсетілген: 2,1,0. Егер тұжырым сізге сәйкес болса, 2 санын шеңбермен қоршаңыз, егер толық сәйкес болмаса 1 санын, тіпті сәйкес болмаса – 0 санын белгілеңіз.
1 Көп жағдайларда мен өзіме сенімсізбін
2 Кейде шешімін табуға болатын жағдайлар негізсіз сияқты болып көрінеді
3 Көп жағдайларда нақты шешімдерді өзім қабылдаймын
4 Әдеттерімді өзгерту қиын
5 Болмайтын нәрселер үшін жиі қызарамын
6 Сәтсіздіктер мені қатты ренжітеді, ерік-жігерімді әлсіретеді
7 Кей кездері әңгіме барысында серіктесімнің әңгімесіне кедергі келтіремін
8 Менің бір істен екінші іске ауысуым қиын
9 Түнде ұйықтап жатып жиі оянамын
10 Ірі сәтсіздіктерде, тек өзімді кінәлі сезінемін
11 Мені ренжіту оңай
12 Өмірімдегі өзгерістерге өте сақпын
13 Уайымға жеңіл түсемін
14 Бақытсыздық пен сәтсіздіктер мені ешнәрсеге үйретпейді
15 Менің басқаларға жиі ескерту жасауыма тура келеді
16 Пікірталас барысында мені қайта сендіру қиын
17 Мені қиялдағы сәтсіздіктердің өзі мазасыздандырады
18 Пайдасы жоқ деп есептей отырып, күресуден жиі бас тартамын
19 Айналамдағылар алдында беделді болғым келеді
20 Кейде ойлауға тұрмайтын ойлар көп мазалайды
21 Мен өмірдегі қиындықтардан қорқамын
22 Кейде өзімді қорғаусыз сезінемін
23 Кез-келген істе азға қанағаттанбаймын
24 Мен айналамдағылармен қарым-қатынасқа жеңіл түсемін
25 Мен өз кемшіліктерімді жиі талдап отырамын
26 Кейде ғана көңілді жағдайда боламын
27 Ашу үстінде өз-өзімді ұстау мен үшін өте қиын
28 Өмірімдегі күтпеген өзгерістерді қатты уайымдаймын
29 Мені сендіру өте оңай
30 Қиын жағдайларда абыржып қаламын
31 Бағынғаннан гөрі басқаруды қалаймын
32 Кейде еш нәрседен қайтпайтынымды көрсетемін
33 Мені денсаулық жағдайым мазалайды
34 Кейде қиын сәттерде өзімді балаша ұстаймын
35 Менің ым – ишарам тіке, дөрекі
36 Мен еш нәрсеге қарамастан тәуекелге барамын
37 Күткенді ұнатпаймын және қиналамын
38 Менің ойымша, мен ешқашан өз кемшіліктерімді түзей алмаймын
39 Мен кекшілмін
40 Мені жоспардағы кейбір өзгерістердің өзі ренжітеді
Кілт

1

Қобалжу шкаласы

1,5,9,13,17,21,25,29,33,37


2

Фрустрация шкаласы

2,6,10,14,18,22,26,30,34,38


3

Агрессия шкаласы

3,7,11,15,19,23,27,31,35,39,


4

Регидтілік шкаласы

4,8,12,16,20,24,28,32,36,40,



Нәтижелерді өңдеу барысында кілтпен сәйкес келген 1 және 2 жауаптар саны анықталады. Кілтпен сәйкес келген 2 жауабы үшін 2 ұпай беріледі, 1 жауабы үшін –1 ұпай беріледі. Содан кейін әр шкала бойынша қосынды шығарылады. Әрбір шкала бойынша орташа ұпай -10. Одан жоғары болуы тұлға құрылымында сол қасиеттің басымдылығын көрсетеді.
Сауалнама бойынша зерттелетін қасиеттер сипаты:
Жекедаралық қобалжу - индивидтің үрейді уайымдауға бейімділігі
Фрустрация - шынайы немесе қиялдағы кедергілер салдарынан пайда болатын, мақсатқа жетуге кедергі болатын психикалық күй.
Агрессия - жоғары психологиялық белсенділік, басқа адамдарға қатысты күш көрсете отырып лидерлікке ұмтылу.
Ригидтілік-жоспарланған істі өзгертудегі қиындық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет