Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет135/140
Дата19.05.2020
өлшемі1.88 Mb.
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140
Ключевые слова:  школа-интернат, воспитание, дети с нарушениями слуха, социальная адаптация. 
 
Abstract 
Bulabayeva S.T.
1
 Aydarkulova A.Zh
2

 
1
Abay Kazakh National Pedagogical University , Institute of Pedagogy and Psychology, Department of 
"Special Education", Lecture 
2
Abay Kazakh National Pedagogical University, 5В010500- Defectology, specialization of the surdopedagics, 
student of 3

course 
Effective ways of upbringing of children with hearing disorders in conditions of the boarding school 
 
          One of the most important functions of the boarding school is the social adaptation of children with hearing 
impairment.  Adaptation  means  the  active  adaptation  of  children  with  hearing  impairment  to  the  conditions  of  the 
social  environment  through  the  assimilation  and  perception  of  values,  rules  and  norms  of  behavior  accepted  in 
society, and labor training in the process of targeted social and medical-pedagogical correctional support.. 
Keywords: boarding school, upbringing, children with hearing impairments , social adaptation 
 
Қазіргі  таңда  есту  қабілеті  зақымдалған  балалар  көп  жағдайда  арнайы  мектеп-интернатта 
оқиды. Мектеп-интернат есту қабілетін жоғалтқан балаларды жан-жақты дамыта отырып, түзете-
тәрбиелеу әрекетімен қамтамасыз етеді. Интернаттағы тәрбие жұмысы келесі міндеттерді шешеді: 
•  Тұлғаның жағымды жақтары, танымдық, қоғамдық, еңбекке деген белсенділігін дамыту, ақыл-ой, 
дене,адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие бойынша мектеп жұмысын кеңейту және естімейтін 
оқушыларды жан-жақты дамыту; 
•  Санада азаматтылық патриотизмділікті, интернационализмділікті тәрбиелеу
•  Еңбекке деген жағымды қатынастарын тәрбиелеу
•  Естімейтін  және  нашар  еститін  оқушылардың  жағымды  моральдық  адамгершілік  эстетикалық 
сапаларын  қалыптастыру,  мектеп  ұжымын  қалыптастыру,  мінез-құлық  сезімін,  мәдениетін 
тәрбиелеу; 
•  Қалдық есту қабілетін пайдалана отырып, ауызша сөйлеу тілін дамыту
•  Естімейтіндер  ортасында,  еститіндер  ұжымында  жұмыс  жасау,  өмір  сүре  білуге  тәрбиелеу, 
әлеуметтік байланысты кеңейтуге тырысу; 
Интернаттағы тәрбие процесімен педагогикалық жетекшілік ету, тәрбиеленуішінің өз бетімен 
әрекет  жасауын  дамыту  ұсынады.  Тәрбие  жұмысының  нәтижелігі  тәрбиешінің  әрбір  оқушының 
жас және жеке ерекшеліктерін  ескергеніне байланысты. Ең маңыздысы тәрбие нәтижесіне жетуге 
тырысу. 
Интернаттағы  педагог  жұмыстарының  тәрбиелік  мазмұны  есту  қабілеті  зақымдалған 
балаларды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерімен анықталады, балалардың түрлі әрекетінде 
орындалады – оқу,танымдылық, еңбек, ойындық коммуникативті. 
Интернаттағы  оқу-  танымдылық    әрекет  мектептегі  оқу-тәрбие  процесін  жалғастыру  болып 
табылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқу-танымдылық әрекет түрлі ғылыми көзқарас 
арқылы  қалыптасады,  қоршаған  табиғат  және  әлеуметтік  орта  туралы  білім  кеңейеді,  тұлғалық 
бағдар қалыптасады.  
Интернаттағы  оқу-  танымдылық  әрекет  өз  бетімен  дайындықты  ұйымдастыру  кезінде 
орындалады. Бұл дыбыс күшейткіш аппараттары (ДКА) бар сынып бөлмесінде өткізіледі. 
Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларға  арналған  мектептегі  өз  бетімен  дайындықты 
ұйымдастыру және өткізудің негізгі талаптары болып табылады:  
•  Тәрбиеші әр сабаққа тыңғылықты дайын болу керек
•  Оқушылардың  есту  қабілетін  және  ауызша  сөйлеу  тілін  дамытудағы  есту-сөйлеу  тәртібін  және 
жұмысын сақтау; 


113 
 
•  Оқушылардың  өз  бетімен  дайындығына  жетекшілік  ету  және  тәрбиеші  жақтан  жеке  көмек 
көрсетілуі керек; 
Аталған  дайындықтың  түрлері  күн  тәртібімен  сәйкес,  түскі  астан  кейінгі  қосымша 
демалыстан кейін жүргізілуі қажет. 
Осы жаста өз бетімен дайындық уақытында білім беру, тәрбие, түзету міндеттері шешіледі. 
Естімейтіндердің үй жұмысын орындауға формальдық қарым-қатынас белігеленеді. Үй жұмысын 
орындаудың негізгі міндеттері балаларды өз бетімен жұмыс тәсілдерін үйреткенде ғана бекітіледі. 
Қажетті лексиканы үйрету арқылы тәрбиеші жаңа білімді бекітеді. Үй жұмысын орындау кезінде 
соған жақын жағдай жасау керек. Тапсырманың белгілі бәр бөлігін орындағаннан кейін, баламен 
пікір  алмастырылады.  Үй  жұмысын  орындау  уақытында  тәрбиеші  ауызша  және  жазбаша 
жұмыстарды  өзара  тексеріп,  үлгерімі  төмен  оқушыларға  көмек  көрсету  керек.  Үй  жұмысын 
орындаудың қорытындысы жайында тәрбиеші сурдопедагогқа хабарлау керек. 
Естімейтін  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамытудың  бұзылыстарын  түзету 
міндеттерін  жүзеге  асыру  үшін  арнайы  әдістер  мен  білім  беру  технологиялары  қолданылады.  
Оқыту технологиялары қойылған міндеттерді жүзеге асыру кезеңдерін қарастырады.Арнайы білім 
беру технологиялары туралы айтқанда оқыту әдістерін де қарастыру керек.  
Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  адамға  білім  беру  процесінде  арнайы  педагогика 
арнайы білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен тәрбие әдістерін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет