Алғашқы html файлы



Дата18.05.2022
өлшемі166,34 Kb.
#143735
түріУчебники
Байланысты:
лекция9
31


Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


§ 17. Сайтты картасы


Сайттың картасы дегеніміз не?
Сайттың картасы (Sitemap)сайт- тың барлық бөлімдері, ішкі бөлімдері, сайттағы мәліметтер көрсетілген жеке бет. Басқаша айтқанда, кітап мазмұны секілді, яғни мазмұнына қарап кітаптың не туралы екенін білсек, сайт картасы- нан сайттан қандай ақпарат алуға бола- тынын білуге болады.
Сайт картасының екі негізгі форматы бар: html сайт картасы мен xml сайт кар- тасы.
html форматындағы сайт картасы қолданушыларға арналған, ол қолдану- шылардың сайттан керекті ақпаратын із- деу жұмысын жеңілдетеді. Сайт картасы- ның бұл түрі 30-дан артық беттен тұратын ірі сайттарда міндетті түрде болуы керек. xml форматындағы сайт картасы іздеу жүйелері үшін қажет, іздеуші робот сайттағы барлық сілтемелерді көріп,
сайтты индекстейді.
Негізінде екі форматтағы сайт кар- тасын да құрған дұрыс: роботтар үшін – sitemap.XML және қолданушылар үшін – sitemap.HTML.
Sitemap файлының көмегімен Google, Яндекс секілді іздеу жүйелеріне сайттың қандай беттерін индекстеу керек, сайтта- ғы ақпарат қаншалықты жиі жаңарып

отырады, сайттың қай беттерін индекстеу маңызды екендігін хабарлауға болады.


Алдымен html форматындағы сайт картасын қарастыра- йық, бұл біздің күнде көріп жүрген әрбір сайттағы карталарға ұқсайды.


+70/ сайт картасын құру ережелері


  1. Сайт картасын басты мәзірден кіре алатындай жеке бетке орналастыру керек, яғни сайт картасына сілтеме кез келген сайт бетінен көрініп тұруы қажет.

  2. Сайт картасының құрылымында сайт беттерінің иерар- хиясын көрсету маңызды – басты бөлімдер мен бөлімшелер анық көрінуі керек.

  3. Сайт картасының басына сайттың қысқаша сипаттамасын келтірген дұрыс, бұл сайт қолданушысына ол нақты қандай сайтта тұрғанын көрсетеді.

  4. Сайт картасына артық суреттер қосудың қажеті жоқ, дұрысы – суретті мүлдем қолданбау.

  5. Сайт картасының бөлімдеріне бірден сайт бетіне өтіп кететін сілтеме қоюды ұмытпау керек, бұл қолданушының өзіне қажетті бөлімге бірден ауысып кетуіне мүмкіндік береді.

  6. Сайт бөлімдерін қысқаша сипаттау жеткілікті. Бөлім атау- лары қысқа, нақты, түсінікті болуы шарт.

  7. Сайт қартасының өзектілігіне назар аударыңдар. Егер сайттың кейбір бөлімдері жойылып немесе жаңадан бөлімдер қосылып жатса, оны сайт картасында да көрсетіп, жаңалап отыруды ұмытпаңдар.

XML сайт картасы – іздеу жүйелеріне (Яндекс, Google, Rambler, Bing және басқалар) арналған сайттың беттері тура- лы ақпарат орналасқан сайттың директивасында орналасқан файл. Бұл файл іздеу жүйелерінің сайтты жеңіл индекстеуі үшін керек.
Іздеу роботы сайтқа кірген кезде ең алдымен сайтты қалай индекстеу керектігі туралы ақпарат жазылған robots.txt файлындағы нұсқаулықты оқиды. Егер сол файлда sitemap.xml сайт картасы бар екендігі көрсетілсе, онда робот көрсетілген адрес бойынша сайттың маңызды беттерін қарайды. Сондықтан sitemap директивасында sitemap.xml файлын орналастырып қана қоймай, robots.txt файлына да жол көрсету керек.


sitemap.xml сайт картасы іздеу роботының жұмысын жеңіл- детеді және сайттың сапалы индекстелуін қамтамасыз етеді.
Яндекс үшін sitemap.xml сайт картасы қандай болатын- дығын қарастырайық. Яндекс Sitemap хаттамасын қолдайды. Ақпаратты беру үшін мына элементтерді қолдану керек (11-сызба):



loc
lastmod
changefreq
priority


бет адресі


бетті соңғы рет жаңа- лаған күн
бетті өзгер- ту жиілігі
беттің маңызды- лығы



11-сызба. Sitemap сайт картасының элементтері

Робот беттерді кезекпен 0.0-ден 1.0 аралығында көрсе- тілген коэффициенттің болуы мен оның мәнін есепке ала отырып жүктейді. Сайттағы URL үшін коэффициент мәндері маңызды.


HTML дегеніміз- ағылшынша HyperTextMarkupLanguage, яғни гипертексті таңбалау тілі дегенді білдіреді.Осы тіл арқылы сайттың парақтары жазылады.


Оны ең бірінші болып ашып, әлемге паш еткен интернеттің атасы Тим Бернерс-Ли деген азамат.Ол мұндай тілді ашу үшін сол кезде қолданыста жүрген SGML деген тілді пайдаланған
HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған.Кейін Тим Бернер тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум-құрылым ашқан.Ол W3C( World Wide Web Consortium) деп аталады.
1994 жылы гипертексті таңбалау стандарттарының екінші версиясы әзірленіп, ал 1995 жылы HTML3 версиясы CSS тің сүйемелдеуімен бірге жарық көреді.Одан соң 3.2 кейін 4.0 версиялар пайда болады.
Ал қазір біз 1999 жылы пайда болған HTML дің 4.01 версиясын осы күнге дейін пайдаланып келеміз.
HTML тегі дегенді түсіну үшін төмендегі суретке назар салайық, ондағы бұрышты жақшаның ішінде орналасқан бір немесе бірнеше әріптерден тұратын сөздер сол "тег" дегенді сипаттайды.
Енді бұл тегтердің құрамына көз салайық.Олар ашық- жабық тегтер болып және сыңар тегтер болып екіге бөлінеді.




Яғни, бұл жердегі ,,,,,, - бұл тег парақшаның денесі деп аталады яғни бұл жерде HTML тегтерімен не жазылса сол сайт бетінен көрініс табады. Сәрсенбі күнгі сабақ кестесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет