Алғашқы қоңырау 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын



бет1/4
Дата16.09.2023
өлшемі20,76 Kb.
#181233
  1   2   3   4
Байланысты:
ілім күніне арналған сценарий
Тест мех каз 300-8-1, 7 3тоқ бжб 1


Алғашқы қоңырау 1 - қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын


Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер
Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

2 - жүргізуші:
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің»- мерекең!

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!


1 - жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата - ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1 - сынып бүлдіршіндеріне арналады.

2 - жүргізуші:

Біраз жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріп үйретер,
Ошаева Қарлығаш апай және Саразбанова Алтынай апай шәкірттерімен ортаға қарсы алыңыздар!
(Музыка ырғағымен 1 - сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

1 - жүргізуші:
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,- дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды ендіреміз.
(Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет