Алколоидтар. Жапырақты шайдан кофеиннің экстракциясын жүргізу.
Орындаған:Мұханбек Назерке
Мұрат Асем
ЖОСПАР: 1) Алкалоидтар туралы түсінік, алкалоидтардың жіктелуі 2) Алкалоидтардың адам организміне әсері,
3)Құрамында алкалоиды бар дәрілік заттар
4)Алкалоидтардың түрлері ,жіктелуі
5)Лабораториялық жұмыс
6) Қорытынды
АЛКАЛОИДТАР
Алкалоидтар дегеніміз – құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер. Құрамындағы азоты бар сілті қасиетті органикалық зат, оның улы және емдік қасиеттері бар. Мысалы: хинин, кофеин, никотин, эфедрин, анабазин т.б. Қазір 5500-ден астам түрі бар. «Алкалоид» терминің 1819 жылы фармацевт В.Мейснер ұсынды. Алғаш анықтама берген 1910 жылы Э.Винтерштейн мен Г.Трир.
АЛКАЛОИДТАРДЫҢ АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ӘСЕРІ
Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. Алкалоидтар туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады (мыс., морфин, эфедрин, атропин, папаверин т.б.).
ҚҰРАМЫНДА АЛКАЛОИДЫ БАР ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Медицинада алкалоидтардың маңызы өте зор. Өткен ғасырдың белгілі фармакохимигі Е.А. Шацкий былай деген: «Темірдің ашылуы дүние жүзінің мәдениетінде қандай болса, осы жүз жылдықта алкалоидтардың ашылуы медицина үшін маңызы сондай маңызды». Алкалоидтардың көп санының ішінен бір бөлігі ғана оқып танылғандықтан бөлініп алынған заттар ғалымдарға дәл классификациясын беруге мүмкіндік бермейді. Американдық ғалым Манске Р.Г. фармакологиялық классификациясын ұсынды. Мысалы: спазмолитикалық, қабынуға, қатерлі ісікке, гипертонияға қарсы т.б.
БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ГЕТЕРОЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАР
Никотин
Хинин
Морфин
Нағыз алкалоидтар аминқышқылдарынан түзілген, сондықтан олардың құрылысы азотты гетероциплдер болып табылады.
Пирролидинді алкалоидтар пирролидин мен оның бициклді аналогы–тропан түрінде көрсетілген (сызба 40).
Пиперидинді алкалоидтар әрітүрлілігімен және кең таралғандығымен ерекшеленеді (сызба 41). Олардың биологиялық белсенділігі де әртүрлі, мысалы, кониин улы негіз болатын болса, ареколин алкалоиды антигельминтті және әлсіздендіруші қасиеттерге ие.
Пиридинді алкалоидтарды үш топшаға бөлуге болады: құрамында тек қана гетероциклді топтары бар, қосымша гетероциклі бар және молекуласындағы пиридинді сақинасы өлшемдері әртүрлі алициклдермен конденсирленген қосылыстар (сызба 42). Биологиялық белсенділігі жағынана бұл қатарда никотинмен анабазинді атап кетуге болады: екеуі де жылықандыларға айтарлықтай улы, инсектицидті белсенділік танытады.
КОФЕИН
Кофеин - пуриндік қатардың алкалоиді. Кофе ағашы, шай, гуарана сияқты өсімдіктер құрамында және әр түрлі сусындар құрамында кездеседі. Аз мөлшерде жүйке жүйесіне сергіткіш ретінде әсер етеді. Көп мөлшерде қолдану кофеинге тәуелділік туғызады. Ал өте көп мөлшерде қолдану өлімге әкеліп соқтыру мүмкін.
Кофеиннің адам ағзасына әсері
Жоғары сапалы. әрі еритін кофе емес, ұсақталған табиғи дәндерінен қайнатып жасалған кофе мөлшермен ішсе пайдалы. Құрамында антиоксиданттар өте көп. Күніне бір кеседен артық пайдаланбаған жөн Соған қарамастан, кофе шаршаңқылықты жояды, депрессия кезінде пайдасы мол, яғни серотонина гармоны арқылы адамға бақыт, қуаныш, өз-өзіне сенімділік алып келеді.
Жапырақты шайдан кофеиннің экстракциясын жүргізу.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Гетероциклді қосылыстардың көпшілігі биологияда, медицинады, ауыл шаруашылығында маңызы зор. Олар маңызды табиғи өнімдердің құрамына енеді. Мысалы, қандағы гемде және өсімдіктердегі хлорофиллде, нуклеин қышқылдарында, көптеген дәрумендерде, антибиотиктерде, және алкалоидтарда кездесуі мүмкін. Бүкіл фармацевтикалық химияны гетероциклді қосылыстардың химиясы деуге болады. Әдетте, өсімдіктерде бір – біріне ұқсас бірнеше алкалоидтардың түрлері кездеседі. Көпшілігі биологиялық әсерімен танылады, ағзада көп мөлшерде болуы улы болып саналады, ол аз мөлшерде дәрі ретінде пайдаланылады. Алкалоидтар өсімдіктер құрамында әдетте органикалық қышқылдарының – қымыздық, алма, шарап, лимон қышқылдарының тұздары түрінде кездеседі.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |