Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет1/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш



Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
 
Ілияс Есенберлин
 
 
 
АЛМАС ҚЫЛЫШ
 
(КӨШПЕНДІЛЕР – 1)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 

Оқырмандарға сөз 
 
Қымбатты достар! Сіздер Ілияс Есенберлиннің атақты «Көшпенділер» 
трилогиясын қолға алып отырсыздар. Кітап жалпы таралымы үш миллион 
данамен елу реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылса да, бұл 
жолғы басылымның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде алғаш рет жүзеге 
асырылуы назар аударарлық оқиға болып отыр. Осы арқылы аса көрнекті 
жазушының шығармашылығын қастерлеушілер мен бағалаушыларға, біздің 
тарихымызды қымбат көретін барша жұртшылыққа бұл шығармаға жаңаша —
ежелден азаттыққа ұмтылып, ұлттық тәуелсіздік үшін ерлікпен күрескен қазақ 
халқының жүзеге асқан арманы тұрғысынан қарауға мүмкіндік беріледі. 
Бүгінгі таңда трилогияны қайта оқи отырып, егемендік алу ісіне біздің 
бабаларымыз — Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандар, Наурызбай, Қобланды, 
Бөгенбай батырлар, Төле би, Асанқайғы, Бұқар жырау сынды даналар 
қаншалықты зор үлес қосқанын ерекше түйсініп, пайымдайсың... Олар, олардың 
серіктері мен ізбасарлары өз отанын шексіз сүйді, оның болашағына сенді, осынау 
көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш-қайрат жұмсады. 
Трилогияның тағдырында да оны жаратушы, бірнеше мәрте жала мен жазалауға 
душар етілген адамның тағдырына ұқсастық бар. Идеологиялық және цензуралық 
талай кедергілерден өткен соң, тек тәуелсіздік жылдарында ғана, бұл кітап шын 
мәнінде қалың оқырман қауымның қолы жететін игілікке айналды. Атап айтқанда, 
ол мектептердің оқу бағдарламасына енгізілді, ендігі жерде жастар одан рухани 
мықтылықтың, адамгершілік пен отаншылдықтың үлгісі мен тағылымына мөлдір 
бұлақтан су ішкендей қана алады. 
Ал енді аға ұрпаққа келетін болсақ, кітапты қайталап оқып шыққаннан кейін олар 
өздері осыдан біраз ғана бұрын байыбына бара алмастай көрінген көкейтесті 
сұрақтардың көпшілігіне жауап таба алады. Олардың ең бастысы, менің ойымша, 
жеке және ортақ мүдделері Үйлесім тауып біріккен халық, өзін түлетіп өсірген 
жерге адал берілген халық тауды қопарып тастауға, ең қиын проблемаларды 
шешуге қабілетті екендігін түйсінуде болса керек. 
Кітап шығару ең қиын кезеңін бастан кешіріп отырған қазіргі күнде, Ілияс 
Есенберлиннің шебер қатталып, талғампаздықпен безендірілген трилогиясы 
жарық көруінің өзі тәнті етеді. Бұл көп ретте «Қазақойл» ұлттық мұнай 
компаниясында, 
қазақтың 
«Астана-моторс» 
компаниясында, 
«Эксон» 
компаниясының Қазақстан өкілдігінде жұмыс істейтін адамдардың өнер мен 
тарихқа немқұрайды қарай алмай, оған іңкәрлік білдіруінің арқасында мүмкін 
болды. 
Мен оларға шын жүректен ризалығымды айтамын. 
Ал қымбатты оқырмандар, сіздерге болса, «Көшпенділердің» беттерімен қызықты 
әрі пайдалы саяхат жасауға тілектестік білдіремін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет