Алматы экономика және статистика академиясы



бет1/16
Дата19.07.2017
өлшемі2,95 Mb.
#21274
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ









ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(ПОӘК)
«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПРИНЦИПТЕРІ» пәні бойынша

«5В050800 «Есеп және аудит»» мамандығы

Алматы, 2012 ж.



Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған «Есеп және аудит» кафедрасының ­­________________________________­­­­­­______________

«Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде талқыланып ұсынылған, хаттама № __ _____________ 20___ж.

Кафедра меңгерушісі ______________ э.ғ.к., профессор Штиллер М.В.

Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған , қаулы № __ __________ 20___ж.

Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы

/төрайымы/ _______________ п.ғ.к., профессор Машанова Р.К.









Мазмұны








Бет



Пәннің типтік оқу бағдарламасы






Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы






Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)






Дәрістер кешені






Тәжірибе (семинар) сабақтарын орындау бойынша әдістемелік нұсқау






Зертханалық сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау






Студенттің оқытушының басшылығымен өздік жұмыстарды орындауы бойынша әдістемелік нұсқау






Студенттің өздік жұмысты орындауы бойынша әдістемелік нұсқау






Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы






ВЕК 2301 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ҚАҒИДАЛАРЫ

3 кредит

Алғысөз

1.Т. Рыскулов атындагы Қазак, Экономикалық Университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.

2.ПІК1Р ЖАЗҒАНДАР: э.ғ.д., (PhD) доктор Н.А. Товма -әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; э.ғ.к., А.А. Алексеенко Т. Рыскұлов атындағы КазЭУ доценті.

3. Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 30 желтоксан № 611 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

4.Типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «050508 - Есеп және аудит» мамандығы бойынша ӘЗ1РЛЕНГЕН.

5. Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында ҚАРАЛДЫ 2009 жыл 25 маусым № 1 хаттама.

Бұл типтік оқу бағдарламаларды Казакстан Республикасы Білім және гьлым Министрлігінің рұксатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды
ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАХАТ

«Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәні бухгалтерлік есептің іргелі негізгі болып табылады және де теориясы мен тәжірибесінің кіріспесі ретінде тусінік береді.Бұл бағдарламада; әртүрлі салалалардағы және меншіктеп ұйымдардың бухгалтерлік есеп және аудит саласының мамандарына қаржылык, есептілікті құруың халықаралық жалпы кабылданған бухгалтерлік есептің қағидалары, әдістері мен тәсілдері қарастырлады.

Бұл курста бухгалтерлік есептің негізгін құрайтын базалық қағидалары, әдістері мен есептеу тәсілдері (процедуралары) окытылады.

Курсты окытудың мақсаты ұлттык қаржылык, есептілік және халықаралық қаржылық; есептілік стандарттарына, сондай-ак, нормативтік-құқықтык құжаттарға сәйкес кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастырылуының негізін оқытушы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп қағидалар курсы оқытылуы барысында бухгалтерлік есептің негізін қағидаларыда, бухгалтерлік есептің шоттар жүйесін таныстырып, бухгалтерлік есеп акпараттарын дұрыс пайдалану мен оның талаптарға сай әдістемелік тұрғысынан ұйымдастырылуы жайлы қажетті білім береді.

Бұл курста экономикалық жоғары оқу орындарында білім алып жаткан студенттерге «Экономикалық теория», «Микро және мак­роэкономика», «Математика экономистер үшін» және т.б. пәндер оқытылады.

«Бухгалтерлік есеп қағидалары» курсы негізінен «Қаржы есеп I» және «Қаржы есеп II» пәндеріне негізделген.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

1-тақырып. Бухгалтерлік есеп акпараттық, жүйе ретінде.

2-тақырып. Бухгалтерлік есептің концепциялары.

3-тақырып. Екі жактылык, қағидасы және баланстық теңдік.

4-тақырып. Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп шоттары.

5-тақырып. Есепті кезең және қаржылық есептілікті дайындау.

6-тақырып. Кірістер және ақша қаражатының есебі.

7-тақырып. Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік куны.

8-тақырып. Ұзак мерзімді активтер: есебі, тозуы және амортизациясы.

9-тақырып. Шығыстар есебі

10-тақырып. Міндеттемелердің және капиталдьң есебі.

11-тақырып. Қаржылық есептілік дайындау.


ПӘННІІҢ МАЗМҰНЫ
1-такырып. Бухгалтерлік есеп акпараттык жүйе ретінде

Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері. Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі. Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есептің нышандары және акпараттық база ретінде маңызы. Бухгалтерлік ақпарат және баскарушылык; шешім кабылдау. Бухгалтерлік есептің атқаратын кызметі және оның мінндеттері. Қазақстан Республикасында бух­галтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі. Бухгалтерлік есептегі этика.Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар. Халықаралық бух­галтерлік есеп және оның Қазақстандағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына ықпалы. Ұйымдардың түрлері.



2-такырып. Бухгалтерлік есептің концепциялары

Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Бухгалтерліке есептің негізін құраушы қағидалар: екіжактылық қағидасы, ақшалай өлшеу қағидасы, өзіндік құн кағидасы, материалдык кағидасы, тарату қағидасы, салыстырмалылық қағидасы, дәйектілік қағидасы, толассыздык қағидасы. Есеп қағидаларының жалпы сипаттамасы. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Актив, міндеттеме, капитал, ұйымның кірістері мен шығыстары туралы түсінік.



3-тақырып. Екіжақтылық қағидасы және балансытық теңдік.

Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы. Негізгі бухгалтерлік тендік.Үздіксіздік қағидасы. Есептеу қағидасы. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы. Бухгалтерлік баланстың бөлімдері. Бухгалтерлік баланстың негізгі баптары. Активтердің құрамы және сипаттамасы. Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және оньң эквиваленттері, қаржылық инвестициялар, қорлар, дебиторлық борыштар. Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, материалдык емес активтер, ұзак мерзімді инвестициялар және оның эквиваленттері, қыска және ұзак мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы. Капиталдың құрамы және сипаттамасы. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері.



4-такырып. Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп шоттары

«Шаруашылық операциялары» туралы тусінік. Екі жакты жазудың мәні. Бухгалтерлік есеп шоттарыныың анықтамасы және мақсаты. Бухгалтерлік есеп шоттардың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша және атқаратын кызметі бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.) жуйесі. Шоттар корреспонденциясы. Жай және күрделі бухгалтерлік жазулар. Топтамалық (синтетикалык) және талдамалық (аналитикалык) шоттар мен олардың өзара байланысы. Талдамалык (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалык,) есеп. Айналым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бух­галтерлік шоттарды жабу процесі Сынак баланс.



5-такырып. Есепті кезең және қаржылық есептілікті дайындау.

Есепті кезең. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі. Айналым ведомостары. Алғашқы есеп құжаттары туралы түсінік. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарды қолданудың қажеттілігі және оның ролі мен атқаратын қызметі. Есеп құжаттарындағы міндетгі реквизиттер. Алғашқы есеп құжаттарының жіктелінуі. Құжат айналымы. «Бухгалтерлік есеп регистрлері» туралы тусінік. Бух-галтерлік есеп регистрлерінің формалары және жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Есеп саясаты.



6-тақырып. Кірістер және ақша қаражатының есебі

Консерватизм қағидасы. Материалдық қағидасы. Сату қағидасы. Бухгалтерлік есептегі есептеу әдістері. Ақша қаражаттарын өлшеу. Кірістер туралы түсінік және оның танылуы. «Есептік кезең» түсінігі. Есепті кезеңдегі кірістер. «Ақша қаражаттары» туралы түсінік: Кассадағы қолма-қол ақша. Кассалық кіріс және шыгыс ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сипаттамасы. Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквивалентерінің есебі. Есеп берілетін сомалардың есебі (кіші касса). Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы. Күмәнді (күдікті) дебиторлық борыштар туралы түсінік. Алынуға тиісті вексельдердің есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Алдағы кезең шығындарының есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі.


7-тақырып. Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік құны

Қорлар жайлы түсінік. Қорлардың жіктелуі. Қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО және арнайы ұқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру. Түгендеудің анықтамасы және мақсаты. Қорларды есептеу түрлері. Қорлардың өзіндік құнын анықтау қағидасы. «Өндірістік шығындар» және «мерзімдік шығындар» туралы тусінік. Үстеме шығындар мөлшері. Қорлардың айналымдылығы. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін колдану. Төменгі құны бойынша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы.



8-тақырып. Ұзақ мерзімді активтер: есебі, тозуы және амортизациясы

Үзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Материалдық емес активтер, негізгі құралдар және биологиялық активтердің анықтамасы және сипаттамасы. Түгендеу (инвентарлық) объект. Ұзақ мерзімді активтердің бағалануы. Бастапқы құн, ағыммдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні. Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Есептелінген амортизациялық аударым сомаларының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленүі.



9-тақырып. Шығыстар есебі

«Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні. Белгіленген есепті уақыттағы шығындардың анықтамасы. Сәйкестілік қағидасы. Ұсталымдар мен шығындардың және есепті кезең шыгыстарының өзара байланысы. Қаржылық нәтижені анықтау қағидасы. Қаржылық есептілікгі бағалау қағидалары (Бастапқы, ағымдағы, нарықтық, дисконтталған, сатылған жэне т.б.). Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі. Транзиттік шот туралы түсінік. Қаржылық және шаруашылық процесстері.



10-тақырып. Міндеттемелердің және капиталдың есебі

«Меншікті айналым қорлары» туралы түсінік. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал. Резервтік капитал. Резервтік капиталды құру және пайдалану (жұмсалыну) тәртібі. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) және есепті кезеңдегі (өткен кезеңдердегі) дивиденттер.

Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі. Міндеттемелерді есептеу. Капиталдың өзгерісін және міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу.

11-такырып. Қаржылық есептілікті дайындау

Есеп беру, кәсіпорынның шаруашылық кызметіннің нәтижесін, оның қаржылык, мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде. «Бухгалтерлік есептік», «қаржылык есептілік» түсінігі. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері тусініктілік, орындылык, сенімділік және салыстырмалылқ. Қаржылык есептіліктің құрастыруға қойылатын қағидалар. Каржылық, есептілктің кұрамы (формалары). Бухгалтерлік балансты ұсыну. Пайда және зиян туралы есепті ұсыну. Ақшалардың қозғалысы туралы есепті ұсыну. Тікелей әдіс. Капиталдың өзгерісі туралы есепті ұсыну. Түсініктемелік жазбаның мәні. Қорытынды есептердің өзара байланыстылығы. Қаржылык есептілікті кәсіби талқылау.




ПРАКТИКАЛЬҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

2. Бухгалтерлік есептің пәні және әдістері

3. Бухгалтерлік есептің түрлері.

4. Бухгалтерлік есепті реттеу.

5. Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері.

6. Бухгалтерлік есептің негізгі теңдеу.

7. Актив, міндеттеме және капитал.

8. Активтердің құрамы және мінездемесі.

9. Қыска және ұзак, мерзімді міндеттемелердін құрамы және мінездемесі.

10. Меншікті капиталдың құрамы және мінездемесі

11. Бухгалтерлік баланстық құрамы, құрылымы.

12. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.

13. Бухгалтерлік баланстық түрлері (жіктелінуі).

14. Бухгалтерлік шоттар туралы тусінігіне және оның құрылымы.

15. Бухгалтерлік шоттар және оның түрлері (жіктелінуі).

16. Екіжакты жазу жүйесі.

17.Топтамалык, және талдамалық, шоттар және олардың өзара байланысы.

18. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары.

19. Есептік кезең.

20. Алғашқы құжаттар, олардың реквизиттері және олардың толтырылуы

21. Алғашкы есеп құжаттарыньң типтік нысандары

22. Алғашкы құжаттарды толтыру, рәсімдеу және тексеру

23. Құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі

24. Бухгалтерлік есеп құжаттарын сактау мерзімі және тәртібі

25. Бухгалтерлік есеп регистрлері

26. Есеп регистрлеріндегі және құжаттардағы қателерді түзету

27. Бухгалтерлік есеп нысандары

28. Бухгалтерлік мемориалды-ордерлі нысаны

29. Бухгалтерлік журналды-ордерлі нысаны

30. Бухгалтерлік есептің компьютерлік нысаны

31. Бухгалтерлік есеп жүгізудің жеңілдетілген (қысқартылған) нысаны

32. Тугендеу

33. Кыска мерзімді активтердің анықтамасы: акшалар және олардың жіктелуі

34. Дебиторлық борыштардың есебі, оны тану және бағалау

35. Тауарлы-материалдык, қорлардың есебі және оларды ба­ғалау

36. Ұзак мерзімді активтер туралы түсінік, олардың жіктелінуі және бағалануы

37. Міндеттемелердің анықтамасы және олардың жіктелінуі

38. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының көрсетілінуі

39. Капитал түсінігі: жарғылық, резервтік

40. Есепті кезеңнің және өткен кезендердің бөлінбеген (пайдасы) жабылмаған зияны

41. Қаржылық есептілікті ұсыну


ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.2007-жылғы 28-4-ақпандағы №234-111 Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы.

2. Ұлттық, қаржылық, есептілік стандарттары. 21,06.2007ж.

3. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары 2008ж.

4. Бухгалтерлік есеп шоттарыньң жоспары. Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2007-жылғы 23-мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген.

5.Андросов В. Д. «Бухгалтерский учет». М:, ФинСтат. 2008.

6.Астахов В.П. «Бухгалтерский и финансовый учет». Ростов на Дону: Март, 2007.

7. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің принциптері». Алматы, 2006.

8. Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета». М:, 2009.

9. Безруких П.С. «Бухгалтерский учет». М:, ФинСтат. 2007.

10. Блейк Д., Амат О. Европейский бухгалтерский учет Пер. с англ. М:, 2009.

11. Гетьман, Терехова, Шнейдман и др. «Финансовый учет». М:, ФинСтат. 2010.

12. Ержанов М.С, Ержанова С. «Учетная политика». Алматы, 2011.

13. Ержанов М.С, Ержанова С. «Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов». Алматы, Ержанов и К 2008.

14. Ержанов М.С. «Финансовая отчетность». Алматы, 2007ж

15. Качалин В.В. «Финансовый учет и отчетность в соответс­твии со стандартами СААР». М:, 2000.

16. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. «Бух­галтерлік есеп принциптері». Алматы, Экономикс 2003.

17. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп; теориясы және негіздері. Алматы, 2006.

18. Кеулімжаев Қ..К. «Шоттар корреспонденциясы». Алматы, БИКО 2006.

19. Кирьянова З.В. «Теория бухгалтерского учета». М., 2007.

20. Кутер М.И. «Теория и принципы бухгалтерского учета». М., 2008.

21 Кутер М.И. «Бухгалтерский учет: основы теории». М., 2011.

22, Крятова Л.А-, Эргашев Х.Х. «Бухгалтерский учет: основы и теорий». М., Маркетинг 2008.

23 .Кузьминский А.Н. «Теория бухгалтерского учета». Киев, 2007.

24. Назарова В.Л. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2008.

25. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов». Алматы: Экономика, 2007.



26, Нидлз Б., Андерсон X., Колдуэлл Н. «Принципы бухгал­терского учета». М., 2007.

2. Ниткин В.М., Ниткина Д.А. «Теория бухгалтерского уче­та». М., Дело и сервис 2009.

28. Рахимбекова Р.М., Кеулимжаев К.К., Айтхожина Л.Ж., Салменова А. «Финансовый учет на предприятии». Алма-ТЫ, Экономика 2009.

29. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Кәсіп-орындардағы бухгалтерлік есеп» Алматы. 2007.

30. Ряжнова О.В. «Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой отчетности». М., 2008.

31. Укашов Б.Е., Әжібаева З.Н. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы, 2009.

32. Салина А.П. Принципы бухгалтерского учета. Алматы, «Экономика» 2008.

33. Соколов Я.В. «Очерки по истори бухгалтерского учета». М., 2007.

34. Энтони Р., Рис Дж. «Учет: ситуации и примеры». М., 2010

АВТОРЛАР

Экономика ғылымдарыньң докторы, доцент С.Т. Міржақыпова

Аға оқытушы Б.К. Мошкалова

Аға окытушы Л.Э. Софиева

Аға окытушы Н.А. Құдайбергенов

Алматы экономика және статистика академиясы
«Есеп және аудит» кафедрасы


ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПРИНЦИПТЕРІ» пәні бойынша

«5В050800 «Есеп және аудит»» мамандығы





Оқыту нысаны

Күндізгі


Сырттай


Барлық кредит саны

3

3

Курс

2,1

1,2

Семестр

3, 1

2

Емтихан (семестр)

3, 1

2

Барлық сағаттар,

Соның ішінде:



135

135

Дәрістер (сағат)

30

9

Тәжірибе (семинар) сабақтары (сағат)

15

6

СОӨЖ (сағат)

45

60

СӨЖ (сағат)

45

60


Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет