Ана мен балаға берілетін жәрдемақы түрлері Орындаған: Абугали Ахат Ю.Қ 213 Тексерген: Жуниспаева А. Б бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы Бала туғанда төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2003 жылы енгізілген



Дата28.03.2020
өлшемі0,59 Mb.
#60968
Байланысты:
Абугали Ахат ЮҚ213 БОЖ


Ана мен балаға берілетін жәрдемақы түрлері

Орындаған:Абугали Ахат Ю.Қ 213

Тексерген:Жуниспаева А.Б

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2003 жылы енгізілген. 2019 жылы біржолғы жәрдемақының мөлшері мынадай болды:

Бірінші, екінші, үшінші балаға – 95 950 теңге;

Төрт және одан да көп балаға – 159 075 теңге.

Егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.



Бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін берілетін ай сайынғы жәрдемақы

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы түрлері:

Бірінші балаға – 14 544 теңге;

Екінші балаға – 17 195 теңге;

Үшінші балаға – 19 821 теңге;

Төрт және одан да көп балаға – 22 473 теңге.



Ал декретке дейін жұмыс істеген әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы төлем мөлшері былай есептеледі: соңғы екі жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

“Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға кіріске тәуелсіз төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері биылдан бастап 16 160 теңгені құрайды. Есіңізге сала кетсек, 2018 жылы бұл жәрдемақы 15 392 теңге болған.

Ал бірге тұратын, кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар отбасыларға биыл 10 405 теңге төленеді.

Мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы түрлері

Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс шегін тиісті коэффициентке көбейту арқылы есептеледі.



Жалпы және кәсіби аурулардан, еңбекте мертiгуден мүгедек болғандарға:

I топ – 57 021 теңге;

II топ – 45438 теңге;

III топ – 30 886 теңге;

Бала кезінен бері мүгедек жандарға:

I топ – 57 021 теңге;

II топ – 47 220 теңге;

III топ – 35 638 теңге;

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 41 578 теңге.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет