Презентация Тақырыбы: Ата-ана құқығынан айыру



бет1/3
Дата15.11.2022
өлшемі269,73 Kb.
#158210
түріПрезентация
  1   2   3
Байланысты:
Презентация Орынбай Айдана

Презентация

Тақырыбы: Ата-ана құқығынан айыру

Орындаған: Орынбай Айдана

Тобы: ЮК20-1

Тексерген : Құралбаева Шолпан

Жоспар:

  • Ата-аналық құқық
  • Ата-ана құқықтарынан айырылу себебтері
  • Соттарда ата-аналық құқықтан айыру туралы істі қозғауға құқығы бар тұлға.
  • Ата-ана құқығынан айыру тәртібі
  • Салдары
  • Ата-ана құқықтарын шектеу.
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Ата-аналық құқық

  • Ата-аналық құқық – ата-ананың өз балаларын тәрбиелеу құқығы. Ата-аналық құқық балалардың мүдделеріне сай жүзеге асырылуға тиіс. Ата-ана баласын коммунизм құрылысшының моральдық кодексі рухында тәрбиелеуге, баланың шынығып өсуіне, оқуына, қоғамға пайдалы қызметке әзірленуіне қамқорлық жасауға міндетті. Әке мен шеше бала тәрбиелеуде тең құқылы, олардың арасында бала тәрбиелеуде туған даулы мәселелерді балаларға қамқорлық жасайтын ұйымдар шешеді. Ата-ана ажырасып кеткенде де, балалары жөніндегі мәселеде тең құқылы болып қала береді. Бір-бірінен бөлек тұратын ата-ананың балалары қайсысының қолында қалатыны туралы дауды сот шешеді. Балалардан бөлек тұратын әке не шеше баланы тәрбиелеу ісіне қатысуға міндетті, сондықтан баламен бірге тұратын әке не шеше бұл іске қарсылық жасамауы керек. Некеде тұрған ата-ана ғана баланы тәрбиелеу жөнінде тең құқылы болып саналады.

Ата-ана құқықтарынан айырылу себептері:

  • 1. Егер ата-аналар (олардың бiреуi):
  • 1) ата-ана мiндеттерiн орындаудан, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
  • 2) өз баласын перзентханадан (бөлiмшесiнен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелдi себептерсiз бас тартса;
  • 3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
  • 4) балаларға қатыгездiк көрсетсе, оның iшiнде олардың денесiне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктiгiне қастандық жасаса;
  • 5) заңдарда белгiленген тәртiппен маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет