Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубеева Шолпан Муйденовнаға ПІКІР Кубеева Шолпан Муйденовна 1992 жылдың 2 желтоқсанынан А.С.Макаренко (қазіргі Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы) атындағы орта мектепке физика пәнінің мұғалімі болып ауысып, бүгінгі күнге дейін осы мектепте қызмет атқаруда. Шолпан Муйденовна - шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген шебер ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
2018 жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Педагогтың тұлғалық бағдары: рухани жаңғыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұсынған жұмысы үздік деп танылып, дипломмен марапатталды.
2019 жылы орыс әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019 жылы «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен өткен орыс тілі мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында І орынды иеленді.
2020 жылы республикалық қашықтық олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020 жылы республикалық «Зейін» орыс тілі мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиадада І орынға ие болды.
2021 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Педагогтың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру: шынайылық және перспективалар» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға өз тәжірибесімен қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
2018 жылы «Алтын ұрпақ» білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Поэзия души А.С.Пушкина» атты республикалық шығармашылық байқауында «Көркем оқу» номинациясы бойынша оқушылары Козыкеев М., Нарбота А., Ебелекбаев Д., Болатханқызы А., Наметова А. І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 жылы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадада 10 сынып оқушысы Сенбек Жанна І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде оқушысы Сенбек Жанна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020 жылы Байзақ ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадада 9 сынып оқушысы Қозыкеев М. І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде оқушысы Козыкеев Мағжан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадада 10 сынып оқушысы Джулдубаева А. ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мектеп оқушыларына арналған облыстық орыс тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасында 10 сынып оқушысы Джулдубаева Асемай ІІІ орынды иеленді.
2018 жылы «Новые методы обучения и преподавания русского языка и литературы в условиях обновленного содержания образования» атты авторлық оқу-әдістемелік құралы жарыққа шықты.
Педагог –шебер санаты 2021 жылы берілді.
2019 жылы «Педагогикадағы инновациялар» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының №12 санына «Знаменитости и спорт» тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары жарияланды.
2021 жылы «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «О.Сулейменов «Волчата» тақырыбындағы сабақ жоспары жарияланды.
2022 жылы «Педагог айнасы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының № 2 санында «Развитие комуникативных навыков учащихся на уроках русского языка и литературы» мақаласы жарияланды.
Шолпан Муйденовна сабақ беретін сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша соңғы 3 жылда білім сапасы 75 пайызды көрсетуде.
Кубеева Шолпан білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында өте беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз.
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубеева Шолпан Муйденовнаға ПІКІР Кубеева Шолпан Муйденовна 2021-2022 оқу жылында 8В сыныбында сынып жетекшілік қызметін атқарды. Осы аралықта ол өзінің білімділігі мен шеберлігін көрсетті. Себебі әрбір оқушы жеке тұлға, оның жүрегіне жол таба білу өте қиын. Ол мұғалім оқушының әр пікірімен санасып, оқушының өз ойын бағалау арқылы оқушының жүрегіне жол тапты. Ата-аналармен жүргізген сынып сағаттарының өзі де ерекше өтетін. Ондағы ойын түрлері, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, ситуациялық тапсырмаларды орындату арқылы әрбір ата-ана өзіміздің баламыздың жан-жақты қырын ашуға көмектесті. Білім мен тәрбие егіз демекші, тәрбиесі жақсы сыныптың білімі де жоғары. Мен ата-ана ретінде айтарым, әрбір мұғалім дәл Шолпан Муйденовна секілді оқушысын өз баласындай көріп оның жан дүниесіне жол тауып дұрыс бағыт-бағдар берсе, ертеңгі ұрпағымыз білімі мен тәрбиесі ұштасқан жан-жақты дамыған, өмірге құштар жеке тұлға болып қалыптасар еді деп ойлаймын.