Ана тілі 2- сынып Тақырыбы : Ұшқан ұя Мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі48,01 Kb.
#10061
Ана тілі

2- сынып

Тақырыбы : Ұшқан ұя
Мақсаты

Оқушыларға Б.Момышұлы туралы білім беру. Мәтінді түсіндіре отырып, жеті ата әдептілік туралы ұғындыру.



  1. Қазақ халқының ұлы перзентінен үлгі алу, өмірімен таныстыра отырып танымдық білімдерін нығайту. Дамыта оқыту технологиясын, Блум жүйесін қолдану арқылы білімдерін дамыту

  2. Ұлы адамдардың өмірін үлгі тұту, сәлемдесуге, жеті атасын білуге, ұлттық салт-дәстүрді сыйлауға, оны жалғастыруға және патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Көрнекілігі: Б.Момышұлының портреті, нақыл сөздер.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, байяндау, сұрақ-жауап, Блум жүйесі Д.О.Т.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық тренинг)

1. Балалар бір-бірімізге жымиып қарайық.

2. Біздің мектепке барғымыз келеді

3. Біздің сабақ оқығымыз келеді

4. Біз сабаққа дайынбыз


Сабаққа дайын болсақ, сабағымызды бастайық. Бүгінгі күннің реті:
ІІІ. Жан-жақты пысықтау

Біз ұлы адамдар өмірі туралы өтіп жатырмыз. Өткен сабақта Әміртай Бөреевтың «Балғын суретші» деген әңгімесін оқығанбыз. Білімімізді тексерейік. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.



  1. Әңгіме кім туралы жазылған?

  2. Бала өзендегі тастарға неге қызықты

  3. Ол бұл тастардан қандай зат жасап еді?

  4. Әңгімеде тау жартасы туралы не айтылған?

  5. Мәтіндегі қолтаңбас түсіп жатты деген жолдан нені аңғаруға болады?

  6. Бұл суретші ағайларыңның қандай суретін білесіңдер.

  7. Мәтіннен бала суретшінің әуесі ісі туралы айтылған жолды тауып оқыңдар.

  8. Қашау деген не?

  9. Ықылым деген не?

  10. Мүжісе деген сөздің мағынасы не?

ІҮ. Сабақтың мақсатын қою

Біз ары қарай халқымыздың ұлы перзенттерінің өмірімен, олардың балалық кезеңіндегі бір бейнелермен танысымызды жалғастырамыз. Бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты: қазақ халқынының аты –аңызға айналған қаһарман батырын Б.Момышұлының өзі туралы жазған «Ұшқан ұя» әңгімесін оқимыз.
Ү. Жаңа білімді меңгерту

Балалар бұл есім бізге жаңа есім емес. Біз бұрыннан аз да болса білеміз. 1 – сыныпта өткенбіз. Қандай әңгіме өтіп едік?


Оқушы жауабы: 1 сыныпта «Құлын мінген бала». Ә.Нұршайықов атамыздың әңгімесін оқығанбыз.

Ал,бүгін Б.Момышұлы атамыздың өзі жазған «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді берілген. Соны оқып Бауыржан атамыздың балалық кезеңімен танысады екенбіз.

Жаңа сабақ түсініті болу үшін бір жүйемен өтеміз. Дәптерлеріне бүгінгі күннің ретін, тақырыпты жазыңдар.
Білім:

Халық қаһарманы жазушы ретінде тану

Ұшқан ұяны оқып беру

Мен оқимын сендер мұқият тыңдап отырыңдар, түсінгендеріңді айтасыңдар


Түсіну:

Үш оқушыдан түсінгендерін сұрау


Жоспар құру.

  1. Ауыл ақсақалдары

  2. Әдептіліктің басы – сәлемдесу

  3. Жеті атаны білу – ел тану

Қолдану:


Балалар әр жазушының ақынның өзіндік қолтаңбасы қолдану стильі болады. Яғни осы әңгіменің негізгі ойы жеті атаны білу екен.

  • Жеті ата деген кім?

Оқушы жауабы

(Оқушының айтқан сөздерін тақтаға ілемін)


Талдау
Енді оқулықпен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты талдайық. Ол үшін мына сөздерді дәптерлерге жазып қойыңдар.

Ата тегі – арғы аталары

Баппен – асықпай

Араз – тату емес, өш – деген мағынада


Сұрақтар:

  1. Шығарма кімнің атына әңгімеленеді?

  2. Бала Бауыржан әдептің басы сәлемдесу екеніндігін қалай білді?

  3. Ата –тегін білуді Бауыржанға әкесі үйретіпті. Сендерді кім үйрету керек? Кәне, кім біледі?

  4. Жеті атаңды айт (2-3 оқушыға айтқызу)


ҮІ. Жаңа білім бойынша білімін тексеру
Жинақтау:

Балалар, бағанадан айтып жатқан әңгімемізді, өз ойымызды жинақтайық. Әңгіменің негізгі идеясы Ата текті білу – ел тану екендігін білдік. (Осы сөз ілем)


ҮІІ. Үй тапсырмасы

Үйден осы әңгімені оқып талдап келу


Бағалау:

Балалар, біз жазушыға баға берейік. Сонымен Бауыржан Момышұлы қандай адам? (портрет ілемін)


Батыр Салт – дәстүрді біледі және сыйлайды

Халық қаһарманы тәртіпті жақсы көреді




Ұлт жанды Мейрімді


Турашыл Әскери адам
Шыншыл
Адал

(Оқушылар айтқан кезде осы сөздерді тақтаға іліп тұрамын)


Міне, балалар Б.Момышұлы осындай адам екенін таныдық. Әлі алда көптеген әңгімелерін оқимыз жан-жақты танысамыз.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау
Балалар, сендер шығарманы, жазушыны бағаладыңдар Енді мен сендерді бағалаймын. (10-11 оқушыны бағалау)

ҮІІ. Қорыту
Сонымен, біз «Ұшқан ұя » әңгімесінен «Әдептіліктің басы – сәлемдесу», «Ата-текті білу – ел тану» екендігін білдік және Бауыржан атамыздың жазушы екендігін таныдық. Балалар және құрметті қонақтар Бауыржан атамыз жақында 95 жасқа толды. Жазушылар Одағы үйінде ол кісіні еске алу кеші болды. Қарасай қаласында ол кісінің рухына арнап, ас берілді. Бізде Бауыржан атамыздай ұлы тұлғаны минут үнсіздікпен еске алып сабағымызды бітірейік.
Каталог: uploads -> doc -> 08c5
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08c5 -> Сабақ тақырыбы: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»
08c5 -> Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар
08c5 -> Жұмыс бағдарламасы 1 сынып Факультатив жұмысының бағдарламасы 1 жылға арналған
08c5 -> Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев «Дарынды суретші» (2-сынып)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет