Анықтама. Берілген жағдайларда ғана бір сандық мәнін сақтайтын тұрақты шама параметрдеп атайды. Анықтама



Дата01.10.2019
өлшемі12,99 Kb.
#49016
Байланысты:
Анықтама

Анықтама. Кез келген жағдайда, тек қана бір сандық мәнді ғана қабылдайтын шаманыабсолют тұрақты шама деп атайды.
Анықтама. Берілген жағдайларда ғана бір сандық мәнін сақтайтын тұрақты шама параметрдеп атайды.
Анықтама. Әртүрлі сандық мәндер қабылдайтын шаманы айнымалы шама деп атайды.
Анықтама. Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне Ү жиынның нақты бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық функция деп аталады.
Функцияны және т.с.с. белгілейді, мұндағы х – тәуелсіз айнымалы немесе функцияның аргументіу – тәуелді айнымалы немесе функция, т.с.с. – ереже немесе заңдылық.
Функция белгілі бір мән қабылдайтын тәуелсіз айнымалының нақты мәндер жиынын функцияның анықталу облысы (D), ал анықталу облысынан алынған әрбір тәуелсіз айнымалыға сәйкес табылған функцияның мәндерін оның мәндер жиыны (Е) деп атайды.

Функцияның берілу тәсілдерінің әрқайсысының ерекшеліктері:




  1. Кестемен берілудің ерекшелігі – аргументтің мәндеріне сәйкес функция мәндері қатар беріледі;

  2. Граиктік тәсілдің ерекшелігі – көрнекілігінде,

  3. Аналитикалық тәсіл функцияны толық зерттеу үшін өте ыңғайлы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет