Презентация
Тақырыбы:Қанның азотсыз органикалық және бейорганикалық қосылыстары Орындаған: Қожамберді А.Б.
Тобы: 202 Б ЖМ
Қабылдаған:Аблаева З.Ю.
Шымкент 2020
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Қанның азотсыз қосылыстары
2.Қандағы азотсыз бейорганикалық қосылыстар
3.Қандағы азотсыз органикалық қосылыстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қан — омыртқалы организмдердің аса маңызды ткані. Клеткалар өзін қоршаған ортадан тек қанның көмегімен ғана қоректiк заттар алады. Сол сияқты зат алмасудың қажетсіз өнімдері де клеткадан қанмен бөлініп шығады.
Қаның мөлшері дененің 8% шамасындай. Ол плазмадан және плазмаға араласқан пішінді заттардан құралады. Ондай пішінді заттарға эритроциттер (қанның қызыл түйішікрі), лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда пішінді заттардын шамасы барлық қан көлемің 35— 54% мөлшердей.