Қарағанды облысы мәслихаттың 2014 жылы 11 желтоқсандағы ХХХІ сессиясының №356 шешімімен бекітілген


Ауырлықты төмендету және табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жедел жоюдыескерту



бет9/12
Дата13.02.2017
өлшемі3,48 Mb.
#9187
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ауырлықты төмендету және табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жедел жоюдыескерту.

Қоғамға және адамдарға қауіп төндіретін ТЖ және су тасқындар, өрттер, табиғи апаттар салдарын жоюға және алдын алуға бағытталған азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту қоғамдық қауіпсіздігін жоғарлату бағыттарының бірі.

Облыс аумағында 2010-2013 жылдар аралығында 709 ТЖ тіркелді, оның ішінде зардап шеккендер 993 адам, оның ішінде қайтыс болғандар 619 адам, оның ішінде:

2010 ж. 225 ТЖ тіркелді, оның ішінде зардап шеккендер 380 адам, оның ішінде қайтыс болғандар 213 адам.

2011 ж. 186 ТЖ тіркелді, оның ішінде зардап шеккендер 214 адам, оның ішінде қайтыс болғандар 152 адам.

2012 ж. 198 ТЖ тіркелді, оның ішінде зардап шеккендер 272 адам, оның ішінде қайтыс болғандар 162 адам.

2013 ж. 100 ТЖ тіркелді, оның ішінде зардап шеккендер 127 адам, оның ішінде қайтыс болғандар 92 адам.

Табиғи өрт қауіпін жоюға қарсы облыс аймағында өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдар бар. Бұл ұйымдардың өсуі олардың табиғи өрттерді қаншалықты жойғандарына байланысты.

2010 жылы 4036 адам құрайтын 446 өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдар болды. Осы өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдардың күшімен жойылған өрттер 44% құрады.

2011 жылы 4979 адам құрайтын 602 өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдар болды. Осы өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдардың күшімен жойылған өрттер 51% құрады.

2012 жылы 10812 адам құрайтын 727 өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдар болды. Осы өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдардың күшімен жойылған өрттер 60% құрады.

2013 жылы 11741 адам құрайтын 768 өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдар болды. Осы өз еркімен құрылған өртке қарсы ұйымдардың күшімен жойылған өрттер 64% құрады.

Проблемалық мәселелер:

Өрт сөндіруге қарсы сумен жабдықтау жүйесін уақыттылы жөндеу қамтамасыз етілмейді, бұл түпкі есебінде өрттерді жедел жоюға әсер етеді.

2010 жылы өрт гидранттарын жөндеуді орындау пайызы - 21% құрады, 2011 жылы - 46%, 2012 жылы - 20%, 2013 жылы – 12,7%.

Облыстың орманды алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өрт сөндіру мемлекеттік мекемесі құрылмаған елді мекендердің қауіпсіздігімен қиын жағдай қалып отыр. 2014 жылға мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерімен (МӨҚ), облыстың елді мекендерінің тек 25 өрттен сақталған, бұл жалпы бар елді мекендердің 5,6% құрайды. Сонымен қатароблыстың аумағында мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінің аумағына көшкендер, өрт сөндіру бөлігінің типтік штаттарына сәйкес келмейді (аз қамтылған болып табылады).

Аймақта өз аумақтарында мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жоқ 5 мың және одан артық тұрғын санымен елді мекендердің қатарын қорғауды қамтамасыз ету МӨҚ мәселесі ерекше өткір жағдайда тұр (Жәрем, Ақтау, Қарағайлы, Топар, Долинка, Ақтас, Сарышаған, Жезқазған, Новодолинка). МӨҚ бөлімшелерін жақын жерлерден аталған елді мекендерге аудару МӨҚ (20-30 км.), елді мекендердегі болған өрттерге және басқа төтенше жағдайларға күш және құралды қолдануға жол береді.

Табиғи өртттерді сөндіру үшін өз еркімен өрт сөндіруді қалыптастыру ды құру қажеттілігі бар.


Автожолдар

Автомобиль жолдары – көліктік – коммуникациялық кешеннің маңызды бағытының біреуі.

Қарағанды облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 12516,4 км құрайды, оның ішінде:

- республикалық маңызды автомобиль жолдары – 2773 км;

- облыстық маңызды автогмобиль жолдары - 3549 км;

- аудандық маңызды автомобиль жолдары –2522,3 км;

- қалаішілік автомобиль жолдары – 1911,6 км;

- елді мекенішілік жолдар - 1760,5 км.



Қарағанды облысы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

12516,4

3441,1

4193

3851,7

1030,6


Республикалық маңызды жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

2773

9382

1494

341

-


Облыстық маңызды жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

3549

473

1696

1289

91


Аудандық маңызды жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

2522,3

161

622

1708,3

31


Қалаішілік жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

1911,6

1396,4

9,2

101,6

404,4


Қонысішілік жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтбетонды

Қара ұсақ тас

Ірі құм – ұсақ тас

Қара жер

Км

км

км

км

км

1760,5

472,7

371,8

411,8

504,2

Қарағанды облысының автомобиль жолдарының техникалық жағдайы:

- республикалық маңызды: жақсы жағдайда – 46,1%, қанағаттанарлық – 19,9%, қанағаттанарлықсыз – 34%;

- облыстық маңызды жолдардың тек аз бөлігі жақсы жағдайда екенін айту керек – барлығы 37,1%. Қалған жолдар қанағаттанарлық 34,5% және қанағаттанарлықсыз 28,5% жолдар ретінде топтастырылуы мүмкін.

- әлді мекенішілік жолдар жалпы жаман жағдайда, тек 6 % жолды жақсы жағдайда деп сипаттауға болады, 32% жол қанағаттанарлық жағдайдажәне 62 % – жол қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр.

- қалаішілік жолдар жақсы жағдайда, бұл 22% құрайды, қанағаттанарлық – 42%, қанағаттанарлықсыз – 35% жолдар.

- қонысішілік жолдард жақсы жағдайда, бұл 5,8% құрайды, қанағаттанарлық – 27,1%, қанағаттанарлықсыз – 28,5% жолдар

Автомобиль жолдарының жағдайы диаграммада көрсетілген.


2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12516,4 км жалпы ұзындықта автомобиль жолы желісінің

жағдайы

Қарағанды облысы басым автожолдардағы қозғалыс қарқындылығы

Автожолдың атауы

Ұзындығы, км

Қозғалыстың тәуліктік қарқындылығы, авт/тәу

Қолдану дәрежесі, %

Республикалық маңызды автожолдар

Астана-Алматы

690

> 9000

~ 95

Қызылорда -Павлодар

889

> 6500

~ 90

Қарағанды - Аягөз - Бұғаз

303

> 3000

~ 85

Облыстық маңызды автожолдар

Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Щербаковское - Киевка

255

> 2000

~ 70

Осакаровка – Молодежное

81

> 3000

~ 70

Осакаровка – Киевка

83

> 3500

~ 70

Просторное – Жарық – Ақсу-Аюлы – Ақтоғай – Балқаш

435

> 2000

~ 70

Соңғы 5-6 жыл ішінде Қазақстан экономикасында мердігерліктің 8-10% жылдық өсу темпіне қол жеткізе отырып, едәуір жандану болды. Осы кезеңде көптеген қорлар Қарағанды облысының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бағытталған.

Қолданыстағы автомобиль жолдары өзінің географиялық орналасуы бойыншахалықаралық жүк тасымалдаудың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Оңтүстік – Шығыс Азия мемлекеттерінің және Қытайдың жоғары даму қарқындылығын ескергенде Қарағанды облысы аумағындағы аталған халықаралық көлік дәлізінің транзиттік тасымалдау көлемін игеруге жақсы келешегі бар.

Өткізу қабілеттілігін ағымдық және келешектегі қажеттілікке сәйкес келтіру үшін таяу арада олардың артылған техникалық санатқа ауыстырып қайта салынуына әкелу қажет (ең азымен екіншісін республиалық маңызды автожолдар үшін, үшіншісін облыстық маңызды автожолдар үшін).

Сондықтан, транзиттік әлеуеттікті тиімді қолдануды арттыру Қарағанды облысының басым автожолдарының жеткілікті өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етуге шоғырландыру керек.

Келешекте қозғалыстың қарқындылығын және автомобиль жолдарын қолдану дәрежесін артытыру, сонымен қатар Қарағанды облысының жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында апаттылықты төмендету күтіліп отыр.

Негізі облыстық және аудандық маңызды жолдар III-IV техникалық санаттарына жатады, ал кейбір елді мекендерге апаратын жолдар V техникалық санатқа жатады. Ауыспалы жабын түрлері бар автомобиль жолдарының телімі және қара жолдар не жылдамдық қозғалысы, не бойлық жүктеулер бойынша талаптарға жауап бермейді, не қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етпейді.

Жалпы қолданыстағы жолдарда апаттылықты төмендету бүгінде жол саласының негізгі тапсырмаларының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта қауіпсіз жол қозғалысының деңгейін арттыру жұмыстары жолдарда апаттылық себебін талдау негізінде құрылатын жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Көктемгі – күзгі қарастыру нәтижелері жолдары қауіпсіз ұстаудың барлық жақтарын білдіреді, бұл автожолдарда қауіпсіз қозғалыс шарттарын арттыру бойынша қажетті іс-шараларды уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Автомобиль жолдарында апатты – қауіпті жерлерін анықтау, есепке алу және жою бойынша нұсқаулық әзірленді. Жол полиция органдары және жол – көлік оқиғаларынан экономикалық шығынды бағалау бойынша әдістеме үшін жол-көлік оқиғаларын тіркеу және талдау бойынша бағдарлама кешені әзірленді. Жол белгілері, жол қозғалысын ұйымдастыру құралдарына, таңбаға және қоршауларға қойылатын талаптар бөлінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік – техникалық құжаттар қолданысқа енгізілген.

Қарағанды облысының экономикасын дамыту облыстық және аудандық маңызды автомобиль жолдарының желісін дамыту қажеттілігін де анықтайды. Әділ алғышарттар:

- өндірістік және ауылшаруашылық көлемінің өсуіне байланысты жалпы ішкі өнімнің өсуі;

- жүк және жолаушылар тасымалдау көлемінің өсуі;

- Қарағанды облысының автомобиль паркінің өсуі болып табылады.

Жол – құрылыс жұмыстарының үлкен көлемін қарқынды орындау индустриаландырудың деңгейін тұрақты арттырусыз мүмкін емес. Жол құрылысын индустриаландыру алдымен, негізін асфальтбетондық және бетондық қоспаларды, құрылымдарды және темірбетон, ұсақ тас, ірі құм, құм, басқа жол – құрылыс материалдарының жинағынан тұратын бұйымдарды шығаратын стационарлық және жылжымалы кәсіпорындар құрайтын өндірістік базасының жетілуін және дамуын қажет етеді.

Қаражаттың шектеулігінен автомобиль жолдарын ұстау және сақтандырып жөндеу ұмыстары толық жүргізілмей, қызмет көрсету мерзімінің қысқаруына және жол жабынының, жер түйінінің және жасанды құрылыстың уақытынан бұрын бұзылуына әкеледі.Көгалдандыру бойынша орман алқабын механикалық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және отырғызуларды жаңадан егу және күту жұмыстары толық жүргізілмейді.

Уақытнан бұрын бұзылу үрдісін тоқтату ұстау нормаларын қатаң сақтағанда ғана мүмкін.

Автожолдар саласының жағдайын талдау келесі проблемаларды анықтады:



  • автомобиль жолдарында апатты-зиянды учаскелерді анықтау және алдын-алу;

  • автомобиль жолдарын толық және сапалы ұстау үшін жол инфрақұрылымын дамытуға тиісті келешекті сұрауын толық қанағаттандыру қажет. Орта және ағымдық жөндеулер бойынша автомобиль жолдарын жеткіліксіз қаржыландыруға, сондай-ақ жолды ұстау, соңында күрделі жөндеу түрінде үлкен шығындарға келтіруі, сондай-ақ қызмет мерзімін қысқартуға және күні бұрын жол төсемінің бұзылуына байланысты болуы мүмкін.


Көлік

Теміржол көлігі.

49 елді мекенді қамтитынтеміржол жолаушылар көлігінің 13 әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастар (2011-2012 жылдары – 11 әлеуметтік-экономикалық маршруттар) ұйымдастьырылды. 2013 жылы «Балқаш-Саяқ» және «Қарағанды-Сары-Шаған» екі бағыттағы теміржол бойынша қосымша тіркеме вагондардың курстауы ұйымдастырылды), соның ішінде 8 облысішілік ауданаралық және 5 ішкі қатынастар. Тасымалдаушы - «Қала жанындағы тасымалдаулар» АҚ. Облыс аумағында 41 теміржол вокзалы орналастырылған.2013 жылдың соңында 23 теміржол вокзалының ғимараттарың күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қала жанындағы электрпоездар вагондарының паркін амортизациялау 90% құрайды. Ал жолаушылар вагоны жұмыс паркінің тозуы 96,4% құрайды.
Автомобиль көлігі.

Қарағанды облысында 41 тасымалдаушы жұмыс істейді, облыстық орталықта -15 қызмет істейді.Өкімде 1810 автобус бар.

2011-2013 жылдар кезеңіне жолаушыларды тұрақты түрде жеткізуді жүзеге асыратын, ресми тасмалдаушылар саны 5 кәсіпорынға артты. Сондай-ақ қазіргі кезеңде қозғалыс құрамы санының өсімі байқалады, жолаушылар-тасмалына жататындар 1750-ден 1810 бірлікке дейін жетті.

Қазіргі уақытта облыста 233 астам елді мекендегі жүйелі қатынасты қамтитын 241 автобус, соның ішінде 54 қала жанындағы және 72 облысішілік қалааралық, 14 облысаралық, және 115 қалаішілік бағыттар бойынша жолаушыларды және жүкті тасымалдау жүзеге асырады.

Жыл сайын облыста қоғамдық көлік паркін жаңарту жүргізіледі.Жылжымалы құрамды жаңарту тасымалдаушылардың меншікті қаражаттарының есебінен жүргізіледі. 2011-2013 жылдарға облыстың автокәсіпорындарымен 130 астам жаңа автобустар сатып алынды, олар облыстың тұрақты маршруттарында іске қосылатын болады. Жергілікті бюджет есебінен тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты залалдары субсидияланады.

Бірақ жылдан жылға жолаушылар тасмалының қозғалыс құрамы пракінің тозуы мен қысқаруы байқалады, жартысынан көбі 10 жылдан артық пайдаланылуда. Жолаужылар көлігі құралының нақты және морльдық тозу дәрежесі жоғары.

Жұмыс қабілеттілігі жағдайын қолдау және тозығы жеткен көлік құралдарын жүйеге шығару, жоғары пайдалану шығындарын қажет етеді, қаладағы экологиялық жағдайды нашарлатады және жол қозғалысы қауіпсіздігін төмендетеді.
Су көлігі.

Облыста 54 бірлік өзендік және 2 200 шағын судтар, оның ішінде 800 өзі жүретін және 400 өзі жүрмейтіндер тіркеліген.

Балқаш көлінде «Балқаш су жолдары кәсіпорыны» Республикалық қазынашылық кәсіпорыны орналасқа. Кәсіпорын 7 судалық флотты ұстауды жүзеге асырады, кеменің жүзетін қауіпсіздігінде - 5 кеме жүзетін жалпы ұзақтығы 987 км. Балқаш көлі бойынша су жолдары учаскелері. Навигациялық кезең 214 тәулікті құрайды. Тасылатын жүк болып негізінен балық өнімі табылады. Негізгі тасмал – «Балқашбалық фирамас» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жәнке «Fish market» ЖШС.

Темрітау қаласындағы Сармақанд су қоймасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ балансында 8 теплоход бар, оның 4 жолаушыларды тасмалдауға лицензиясы жоқ. Жолаушылар тасмалының негізі болып кәсіпорын жұмыкерлерін орнына дейін және қайтадан жеткізу болып табылады.


Ауа көлігі

Ауа көлігінің де едәуір пайдасы бар, ол үш әуежайда – Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларында ұсынылған.

Қарағанды қаласындағы әуежай «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ Қарағанды қаласынан 12 км жерде орналасқан. Әуежайда мықты күш – қуат бар және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді. Әуежайдың класы бірінші ИКАО санаты бойынша барлық түрлердің әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Әуежайдан Москва, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Балқаш, Жезқазған тәрізді ірі қалаларға сапарлар жүзеге асырылады.

2011-2013 жылдар кезеңінде облыста жыл сайын көлік өсімінің көрсеткіші байқалады. 2011 жылы жеткізілген тасмалдың көлемінің өсімі 24,1%, 2012 жылы – 12,4%, 2013 жылы – 9,1% байқалады.

Республикалық көлемде жүктерді тасмалдау 2011 жылы 18,6%, 2012 жылы – 19,2% және 2013 жылы – 19,3% құрайды.

Жүк тасмалы өсімінің қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 2011 жылы 132%, 2012 жылы - 113,8%, 2013 жылы – 114,7% құрады.

Көліктің барлық түріменжолаушыларды тасмалдау көрсеткіші, жеке меншік тасмалды қоса алғанда 2011-2013 жылдар кезеңіне сондай-ақ ұлғайды. 2011 жылы тасмалданған жолаушылар саны өткен жылмен салыстыру бойынша 38,3% ұлғайды, 2012 жылы - 6% және 2013 жылы – 8,9%ұлғайды.Республикалық көлемде жолаушыларды тасмалдау 2011 жылы 18,6%, 2012 жылы - 11,4%, 2013 жылы – 11,5 құрады.

Көліктің барлық түрлерінде жолаушылар айналымының өсімі өсімінің тұрақты динамкасын құрады: 2011 жылы – 148,5%, 2012 жылы – 113,9%, 2013 жылы – өткен жылмен салыстырғанда 114,9%.
2011-2013 жылдардағы көліктің барлық түрі жұмысының негізгі көрсеткіш динамикасы

Атауы


2011ж.

2012ж.

2013ж.

% 2013жылдан 2011жылға

Жолаушылар

айналымы, млн.ж-км



25 847,0

29 432,2

33 805,7

130,8%

Жүкайналым,

млн.т-км


7 406,3

8 426,8

9 667,3

130,5%

Жолаушылар тасымалданды, млн.адам

1 992,6

2 111,6

2 299,8

115,4%

Жүк тасымалданды, млн.тонна

551,3

619,7

676,3

122,8%

Көлікті дамытуды талдау облыста келесі проблемалардың бар екенін анықтады:


  • теміржолда, сондай-ақ автомобиль жолында жолаушылар қозғалысы құрамыныңтозуының жоғарығы дәрежесі;

  • облыстың жекелеген ауданішілік жолаушылар тасмалының жоқтығы;

  • жасырын жеткізушілермен жолаушылар тасмалын және жүктерді жүзеге асыру;

  • Қарағанды қаласындағы әуежайдың облысаралық әуехабарламаларының төмен жұмысбастылығы.


Байланыс

Телекоммуникация саласындаоблыстың барлық ауылдық елді мекендері телефондандырылды - 420 СНП.

2013 жылы белгіленген телефон жүйелерінің саны 430 мың бірлікті құрады, Интернеттің абоненттері – 161,3 мың бірлік.

22 елді мекенді «Транстелеком» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШЧ қамтамасыз етті.

4 мобильдік операторлар GSM стандартта жұмыс істейді, біреуі – CDMA стандартында, кейбір фирмалар экспресс – пошта қызметін ұсынып жатыр.

Қарағанды облысында «Қазпошта» АҚ өндірістік нысандарының желісі 6 аудандық пошта байланысының түйінінен, 1 түйін пошта байланысы, 6 түйін қалалық пошта байланысы, 13 орталық операциялық учаскелер, 75 пошта байланысының қалалық бөлімшелері, 67 пошта байланысының ауылдық бөлімшелері, оның ішіндетүбірлік тұрады.

Пошта байланысы пунктерінің барлығы – 142, оның ішінде қалалық – 35, ауылдық – 107.

Компьютерлік ақпараттық желі құрылған, барлық қалалық және аудандық бөлімшелер корпоративтік спутниктік телефон және электрондық байланыспен қамтылған. Бұл қазіргі уақытта ұқсас қызмет көрсететін компаниялардың мерзімінен кем түспейтін, қызметтерді көрсету (төлемдерді қабылдау, аударымдарды қабылдау және төлеу, шұғыл пошта жолдамалардың жетуін бақылау, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу) мерзімдерін едәуір тездетуге мүмкіндік берді.

«Билайн» Компаниясы тұжырымын дамытуға сәйкес 2014 жылға дейін 1000 адамға жоғары халық санымен елді мекенді байланыспен 100 пайыз қамтамасыз етуді міндетіне алды және аталған міндеттерді орындады.

Қазіргі күні үшінші буын (3G) желісінің құрылысы бойынша лицензиялық міндетті Қарағанды облысының барлық ауылдық елді мекендері бойынша 10 000 тұрғындар санымен және одан артық 100 пайыз орындалды.

Ұялы байланыспен қамтамсыз етусіз 500 және одан артық халық санымен ауылдық елді мекендер қалып отыр.

Облыста 500 және одан артық адамды ауылдық елді мекендерді ұялы байланыспен жабу проблемалық мәселе болып қалуда.



Электр және жылумен қамтамасыз ету

Бағдарламада Қарағанды облысының қолданыстағы жылу көздерінің энергетикалық қуатын өсіру мақсатында техникалық жарақтандыру және қолданыстағы электр стансаларын жаңғырту (4 жоба)және жаңа энергия көзін салу жоспарланған.(1 жоба) Бұл облыстың электрлік және жылу энергисының мұқтаждығын қатмасыз етіп, ол өз кезегінде жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізеді. Жылулық және электрлік желілерді жаңғырту олардың пайдалы әсерлі коэффицентін жоғарылатып және нормативті техникалық шығындарды азайтады.

Жылулық желілердің жалпы ұзындығы 2 801,1 шақырым құрайды. Орнатылған қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі қазандықтар саны 63 құрайды.

Жылу желілерінде нормативті және нормативтен жоғары шығындарды азайту мақсатында Кешендік жоспармен озаттық технологиялық шешімдерді енгізу ұсынылады.



Біріншіден, жаңа жылу магистральдарын салуда және ескі магистральдарды жөндеген кезде, абсолютті саңылаусыздығын қамтамасыз ететін алдын ала оқшауланған құбырларды пайдаланытын құбырлардың арықсыз салу тәсілін қолдану ұсынылады. Тікелей жер астына салынатындықтан, осындай құбырларды және құрал жабдықтарды қолдану (бұрғыш, үшайыр, қозғалмайтын тірек, камерасыз аспаптардың шарлы арматура, өтемдеуіш және т.б) жылуды тасымалдау кезінде жылуды сақтау негізгі көзі болып табылады.

Осындай жүйелердегі оқшау арқылы жылулық энергияның техникалық шығындары 3% аспайды, сыртқа шығын жоқ, нормативті жұмыс мерзімі 30-50 жыл.



Екіншіден, электрқозғалқыштар мен насостардың реттемелі жетектерді ішінара қолданыс кезінде насостардың және электрқозғағыштардың жұмыс режиміне байланысты жетекке кететін электр энергиясы 30-50% азайтып, сонымен қатар электрқозғағыштар мен насостардың сенімділігі ғана өспей, қолданыс мерзімі де жоғарылайды.

Үшіншіден, жылу және электр энергиясын тұтынуды реттеу және қадағалау үшін есептеу аспаптарын енгізу.Аспаптар коммерциялық шығындарды қадағауды және ең үлкен шығындар орнын анықтауды қамтамасыз етеді.

Төртіншіден, жылумен қамтамасыз етуде энергия-ресурстық сақтаудың бір бағыты болып автономдық қазандықтар орнына жылулық насос қондырғыларын (ЖНҚ) енгізу болып табылады. ЖНҚ төмен потенциалды жылу көзі жер асты сулары, кәріздік ағындар және т.б. болуы мүмкін. Әрбір жұмсалған 1 кВтсағ электр энергиясының орнына 3-4 кВтсағ жылуды алуға болғандықтан олардың тиімділігі айқын.

Электрмен жабдықтау желілерінде энергияны сақтау іс – шаралары мен технологияларды енгізу маңызды бағыт болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда облыста жылуды есепке алудың аспаптарын орнату бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Егер 01.01.2013 жылғы жағдай бойынша облыста 160 көппәтерлі тұрғын үй жылуды есепке алу аспаптарымен жабдықталса, қажеттілік 4448 үй, немесе 3,6%., ал қазіргі таңда жылуды есепке алу аспаптарымен 1 903 й қамтамасыз етілді, жабдықталу 42,8 % (өсуі 39,2%) құрайды. 2014 жылдың соңына дейін техникалық мүмкіндігі бар барлық 4448 көпқабатты тұрғын үйді жылуды есепке алу аспаптарымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

2011-2013 жылдары тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен Қарқаралы ауданы Шілдебай ауылында, Ақтоғай ауданының Имек ауылында және Шет ауданының Аяқшы ауылы сияқты үш елді мекенінде электр беру желілерін салу іске асырылған, бұл өңір тұтынушыларын (280 адам)электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындарын тұрақты жылумен және электрмен жабдықтау мақсатында энергия беруші кәсіпорындарымен жылулық және электрлік желілерді, қосалқы стансаларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайын алдағы жылыту маусымдығына дайындалу аясында жылумен, электрмен жабдықтаушы кәсіпорындарымен жылу, электр желілерін және қосалқы стансаларды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген.

Қолданыстағы заңңамаға сәйкес, электржелілік кәсіпорындар қолданыстағы желілермен қосалқы стансаларды қалпына келтіру және жаңғырту бойынша 2011-2015 жылдарға инвестициалық бағдарламалар әзірледі.

Энергия беруші ұйымдардың инвестициялық бағдарламаларының негізгі мақсаттары болып табылатындар:

- барлық санаттағы тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру;

- жеткізілетін электр энергиясының сапасын жақсарту;

- желілердегі электр энергиясының жоғарынормативті жоғалтуларын төмендету;

- апаттылықты төмендету;

- тұтынушыларға электр энергиясының жетпей қалуын азайту.

2011-2013 жылдардағы кезеңдегі кәсіпорындар жаңа қосалқы стансаларды салу, электр желілері мен қосалқы станса жабдықтарын және т.б. қайта құру және жаңғырту инвестициялық іс-шараларын орындады.

Яғни, «Қарағанды Жарық» ЖШС келесі іс-шараларды орындады:

- 220/110/10 кВ «Жарық» қосалқыстансаларының (ҚС) 1 кезеңін жобалау мен салу;

- ВЛ-110 кВ (ВЛ-110 кВ «Жарық-Оңтүстік-Шығыс», ВЛ-110 кВ «ЖЭО-3 – Сантехническая», ВЛ-110 кВ «ГРЭС-1 - ЖЭО-2» және т.б.) жобаландыру, қайта құру және салу;

- қолданыстағы ҚС 35-110 кВ қайта құру;

- 10-0,4 кВ электр желілерін қайта құру және техникалық жарақтандыру бойынша орындау;

- АСКУЭ электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу.

Жоғарыда аталған іс-шараларды жүргізу электр энергиясының жоғалуын 12,94% дейін төмендетіп, қосалқы бекеттердің трансформаторлық қуатын 46,5 МВА арттыруға, жеке меншік секторының 4 600 тұтынушыларының кернеу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мен қайта құру бойынша іс-шараларды басқа да энергия беруші ұйымдар өткізеді.

Аталған іс-шаралар аясында келесі инновациялық технологиялар қолданылады, олар тек қана электрмен жабдықтау жүйесінің сенімді жұмысын аттырып қана қоймай, Қарағанды облысының жаппай энергия жүйелерінің тиімділігін арттырады және де энергия тиімділікті арттыру мен экология жоспарында әсер береді.

Қосалқы стансаның ЛЭП мен жабдықтарға қайта құруды жүргізу барысында майлы және әуелік ажыратқыштарды заманауи элегазды ажыратқыштарға ауыстыру жүргізіледі.

Майлы және әуелік ажыратқыштардан элегазды ажыратқыштардың ерекшелігі оларға ауадайындау жүйесі мен трансформаторлық май қажет етілмейді, өзіндік қажеттілігіне электр энергияның шығындалуын төмендету есебінен қосалқыстансалардың энергия тиімділігін арттырады, сонымен қатар қоршаған ортаға түскен жағдайда экологияға қауіп төндіретін трансформаторлық майдың ажыратқыштарында қолданылуды шектеу есебінен жабдықтың табиғилығы артады.

Энергия беруші ұйымдарды инновациялық дамытудың маңызды әрі басым бағыттарының бірі электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) құру болып табылады.

Аталған жүйе сапалы есепке алуды және желі бойынша электр энергиясын беру кезіндегі жоғалтуларға үздіксіз мониторинг жүргізуге, оларды жою мақсатында электр энергиясының жоғары шығындалу көзін анықтауға мүмкіндік береді.

Яғни, қазіргі уақытта ЭКЕАЖ 2 деңгейден тұрады:

- жоғарғы деңгей – 110/35/10 кВ;

- төменгі деңгей – 10/6/0,4 кВ.

Жобалау, монтаждау, түзету бойынша жұмыстардың, сондай-ақ, қажетті қаржылық қаражаттардың ауқымды көлемін ескере отырып ЭКЕАЖ жоғарғы деңгейін құру бойынша барлық жұмыстар үш кезеңге бөлінген.

Облыстың қалалары мен аудандарының тұтынушыларын тұрақты жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын энергия беруші кәсіпорындар жылулық және электрлік желілерде, қосалқыстансаларда жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын алдағы жылыту маусымдығына дайындық барысында жылу, электрмен жабдықтау кәсіпорындары жылулық, электрлік желілер мен қосалқыстансаларды жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізеді.



Энергия үнемдеу.

Энергия үнемдеудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2013 жыл қорытындысы бойынша бюджеттік саладағы энергия үнемдеудің іс-шараларын жүзеге асыру үшін салынған қаражат сомасы 1 млрд. 500 млн.теңгені құрайды.

Жалпы 2013 жыл қорытындысы бойынша бюджеттік сала объектілерінде келесі нәтижелер алынды:

- электр энергияны үнемдеу шамамен - 3 млн. 940 мың кВт*сағ, немесе 56,8 млн. теңгені құрады;

- жылу энергиясы – 3 465 Гкал, немесе 5,6 млн. теңге;

2013 жылы облыс бойынша энергияны тұтыну 15,504 млрд.кВт*сағ құрады, бұл ұқсас 2012 жылға қарағандағы кезеңнен 4,7% аз (16,264 млрд. кВт*сағ), солтүстік энергия көзінен энергияның ағымы едәуір төмендеді, төмендеу - 1,512 млрд. кВт*сағ, немесе2012 ж.қарағанда 51,1% аз. (2012ж. - 3,091 млрд. кВт*сағ).

2014 жылғы 27 наурыздағы облыстық мәслихат сессиясында 2014-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеудің облыстық Кешенді жоспары бекітілді, онда «Энергия үнемдеу 2020» жаңа Республикалық Бағдарламаның критерийлері ескерілді. Кешенді жоспар аталған бағытта алда жұмысты жалғастыру үшін барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарға таратылды.

Мемлекет басшысының жаңартылған энергия көздерімен жүргізілген электр энергиясын пайдаланудың үлесін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыста жаңартылған энергия көздерін салу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

2012 жылы «Азат» (Шет ауданы) шаруа қожалығында суармалы шаруашылықты электрмен жабдықтау үшін 8 кВт қуаттағы (күн панеліне қоса желді орнатылым) құрама электрстансаны орнату бойынша жоба әзірленді.

«Нұра өзенін тазарту» жобасын жүзеге асыру шеңберінде (тапсырыс беруші – ҚР АШМ СРК) 2013 жылы Бұқар жырау ауданында «Ынтымақ суқоймасын қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру» жобасы шеңберінде пайдаланымға 0,57 МВт қуаттағы гидроқондырғы енгізілді, ол электр энергиясының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік берді.

2013 жылдың сәуір айында Қарағанды қаласының «Олимпия» мейрамханасындаэнергия үнемдеу бойынша 10кВт/сағ қуатты қаладағы алғашқы пилотты жоба презентацияланды, бұл - электр энергиясына күн жарығын қайта құру жүйесі.

Электр энергиясы тапшылығының өсуі кезеңінде аталған жүйені пайдалану кәсіпкерлерге электр энергиясын өндіруге және орталықтандырылған энергия көздеріндегі жүктелісті төмендетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде энергия үнемдеуге әсерін тигізеді.

Облыста желді электр стансасын салу жоспарлануда, ол Ақтоғай ауданы Гүлшат кентінде, қуаты 50 ВМт, жобалық құны 100 млн.доллар. 2013 жылдың қараша айында «Samruk Green ENERGY» компаниясыменМеморандум жасалды. Ақтоғай ауданының әкімдігі Гүлшат кентінен 500 га аумақты жер телімін бөлді. «Samruk Green ENERGY» кәсіпорыны ағымдағы жылдың 29 мамырында бөлінген жер теліміне жобалық учаскенің желдік потенциалын анықтау үшін 80 м биіктіктегі діңгекті орнатты. Аталған діңгек 2015 жылдың мамыр айының соңына дейін учаскенің желді потенциалын есептейтін болады. Желді электр стансаны салу 2017 жылға жоспарлануда.

Сондай-ақ, «КПМ Дельта» ЖШС компаниясымен Меморандум жасады. Ақтоғай ауданының әкімдігі Гүлшат кентіне «КПМ Дельта» ЖШС компаниясы күнді электрстансасын жобалау мен салуүшін 300 га алаңды жер телімін бөлді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында компания күн энергиясының потенциалын анықтау үшін жабдықтар орнатуды жоспарлауда. Күн электрстансасын салу 2015 жылға жоспарлануда.

«Фотовольт» АҚ компаниясымен Меморандум жасалды. Саран қаласының әкімдігі күн электрстансасын жобалау мен оны салу үшін 500 га алаңды жер учаскесін кейінге сақтап қойды. Тиісті құжатнама мен ТЭН бар. Күн электрстансасын салу 2014 жылы жоспарлануда.

Энергия үнемдеу мемлекеттің стратегиялық міндетіне қатысты.

Бүгінгі таңда облыстық әкімдіктерде энергия үнемдеуші іс-шаралардың жүзеге асырудың тиімділігін едәуір арттырудың көмегімен барлық бюджеттік ұйымдардың жылу, су және электр энергиясын тұтынуын есепке алу мен бақылауын күшейтетінқұрылымдарды құру қажет.

Өңір экономикасының барлық секторындағы энергия үнемдеудің зор потенциалын және облыстың индустриалды-инновациялық деңгейін ескере отырып өзекті мәселе болып табылатын ол, аталған салада құрамында энергия менеджменттер мен мамандар бар энергия үнемдеу мен энергиятиімділікті арттыру мәселелері бойынша бөлімді құру.


Сумен жабдықтау және су бұру

Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 6 787 шақырым, оның 884,2 шақырымы (13%) жеке меншікке жатады.

Субұру желісінің ұзындығы - 2 526,8 шақырым, оның 596,6 шақырымы (23,6%) жеке меншікке жатады.

Сумен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асыратын 27 кәсіпорын және субұру бойынша 23 кәсіпорын жұмыс істейді.

Халықты сапалы әрі қажетті көлемдегі ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру жүргізілуде.

Аталған бағдарламаны жүзеге асырған үш жыл ішінде пайдаланымға сумен жабдықтаудың 48 объектісі берілді. 799,3 шақырым суқұбыры желісі салынып, қайта құрылды.

2011 жылы - сумен жабдықтаудың 25 объектісі, оның пайдаланымға енгізілгені – 11 объект. Жыл қорытындысы бойынша сапалы әрі қажетті көлемдегі ауыз сумен облыстың 29 мың тұрғыны қамтамасыз етілді. Салынып, қайта құрылғаны – 230,8 шақырым.

2012 жылы – сумен жабдықтаудың 37 объектісі, оның пайдаланымға енгізілгені – 17 объект. Жыл қорытындысы бойынша 17 елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізді, бұл шамамен 29 мың адам. Салынып, қайта құрылғаны – 230км.

2013 жылы – 27 объект, жыл қорытындысы бойынша жоспарлы 22 объектінің пайдаланымға енгізілгені 20, 338 шақырым суқұбыры желісі салынып, қайта құрылды.

2012 жылдан бастап жер асты су қорларын бағалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жыл қорытындысы бойынша 29 елді мекен мен 2 кен орны бойынша есеп нәтижелері алынды.

Проблемалық мәселелер:

Желілердің тозуы шамамен 75% құрайды, бұл жыл сайынғы жөндеу жұмыстары мен ағымдық қызмет көрсетулердің шығындарын жаппайтын төменгі тарифтерге байланысты, ол жабдықтар мен материалдардың моральді әрі физикалық тозуына әкеп соғады.

Сыни жағдай, желілердің тозуы шамамен 75% Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау және Шахтинск қалалары, сондай-ақ Бұқар жырау ауданында қадағалануда. Желілердің 50-75% тозуы Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Абай, Қарқаралы, Осакаровка, Ұлытау және Шет аудандарында құралады. Неғұрлым сәтті жағдай Қаражал және Приозерск қалаларында, Ақтоғай, Жаңаарқа және Нұра аудандарында (тозу 30-40%).

Қондырғылардың жәнне субұру жүйелерінің көпшілігі, сондай-ақ, сумен жабдықтау объектілері 20 жыл бұрын пайдаланымға енгізіліп, күрделу жөндеуден өткен. Жалпы, 25 жылдың нормативті пайдалану мерзімінен шығатыны желілердің шамамен 80% күрделі жөндеуді немесе оларды толықтай ауыстыруды талап етеді. Кәріз желілерінің жылдан жылға тозуынан көптеген апаттар орын алуда, олардың салдарынан жергілікті рельфтерде тазартылмаған ағынды сулар жиналады.


Газбен қамтамасыз ету

Тұрмыстық қажеттіліктер үшін облыс тұрғындарын газ таратқыш қондырғылар (ГТҚ) мен тұрмыстық баллон арқылы газбен жабдықтауды 12 мамандандырылған газбен жабдықтаушы кәсіпорындары іске асырады.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтаумен Қарағанды облысының Қарағанды және Теміртау қалалары қамтамасыз етілді. Отын ретінде мұнай өнімінің сұйытылған көиірсутек газ-өнімі қолданылады. Қарағанды қаласында қызмет көрсетуші – газбен жабдықтаушы ұйымдар болып табылатындары, «Әлем Газ» ЖШС, Теміртау қаласында – «Темір-Газ» ЖШС.

Қарағанды қаласы бойынша 491 ГТҚ бар, олардың коммуналдық меншіктегісі – 93 ГТҚ, «AlemGaz» ЖШС кәсіпорынының балансында – 398 ГТҚ.

Қолданыстағы әрі газбен тұрақты толтырылатындары – 302 ГТҚ, оның ішінде 50 ГТҚ коммуналдық меншікте және 252 ГТҚ «AlemGaz» ЖШС коммуналдық меншігінде. ГТҚ арқылы 890 көпқабатты тұрғын үйлер немесе Қарағанды қаласының бұрындары газдандырылған үйлерінің жалпы санынан (2022 үй) 44% қызмет көрсетіледі.

Қалада тозуына байланысты істен шыққан ГТҚ 189, оның ішінде 43 ГТҚ коммуналдық меншікте.

Газды сатып алу Павлодар мұнайхимиялық зауыт пен Атырау «Тенгиз Шевройл» ЖШС мұнайды өңдеуші зауытынан жүзеге асырылады.

Теміртау қаласы бойынша барлығы 159 ГТҚ, оның ішінде жұмыс істейтіні 17 ГТҚ, олар 87 үй тұрғындарына қызмет көрсетеді, коммуналдық меншіктегісі 4 қолданыстағы 4 ГТҚ, «Темір Газ» ЖШС жалға берілген.

Қарағанды қаласы бойынша 142 ГТҚ бар, олардың коммуналдық меншіктегісі – 73 ГТҚ, «Темір Газ» ЖШС кәсіпорынының балансында – 69 ГТҚ.

Теміртау қаласына сұйтылған газды жеткізуді «Темір Газ» ЖШС.

Қарағанды және Темірау қалаларында пайдаланылатын топтық резервуарлы қондырғылар (бұдан әрі - ТРҚ) техникалық қанағаттанарлық жағдайда. Жыл сайын кәсіпорын қаражаты есебінен газ тарату шаруашылығына ағымдық жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жүргізеді.

Жыл сайын кәсіпорындар қаражаттары арқылы газ тарату шаруашылығында ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп отырады.

Бірақ бұл қалаларда барлық газ реттеуші құрылғылардың үштен бір бөлігі тозу себептерінен пайдаланылмайды.

Облыстың қалған қалаларында орталықтандырылған газбен жабдықтау жоқ, тұрмыста баллонды газ қолданылады. Осыған байланысты, көпқабатты құрылыста баллонды газды қолдануда проблемалар орын алады.


Қоршаған ортаның жағдайы

Қарағанды облысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының көлемі үлкен болып қалып отыр, алайда соңғы жылдары атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемін азайту жөніндегі оң динамика байқалады. 2013 жылызиянды заттардың жалпы шығарындылары 2011 жылмен салыстырғанда 81,2 мың тоннаға азайды.

Атмосфераға шығарулардың үлесінің төмендеуі жаңа технологияларды енгізумен шартасылған, сондай-ақ облыстың «Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ сияқты ірі өнеркәсіп орындарының табиғат қорғау іс-шараларын орындауы негіз болды. Орман дақылдарын отырғызу көлемі 3 жыл ішінде 460 гектарға ұлғайды, өсім 2011 жылға қарағанда 2,3 есе, егілген дақылдардың сақталуы 100% құрады.

Ормандарды өрттен қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында соңғы 3 жыл ішіндеалдын алу іс-шаралары жүргізілді –минералдандырылған жолақтарға күтім 13535 км көлемде, өсім 2011 жылға қарағанда1,1 есе. 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғандаорман өртінің орташа алаңын 11 гектарға азайтуға қол жеткізілді.

Қарағанды облысында ҚТҚ тұрпатты полигондарының жоқтығыжәне селолық округтердің ҚТҚ полигондарында жобалау-рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу және алу бөлігіндежұмыс істеп тұрған полигондардыҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру проблемасы бар. Барлығы 213 ҚТҚполигоны бар, соның небәрі 15-і заңдастырылған.
Қатты тұрмыс қалдықтарын пайдалану

Жинақталған өндірістің қалдықтарының көлемі және тұтынушы 11 млрд. 410 млн. 22 мың тоннаны құрады. Оның ішінде техникалық минералдық қалдықтар (ҚТҚ) 95% құрады.

2013 жылға 33395,6 мың тонна қалдықтар жиналды және шығарылды (2011 жылға – 485 мың тонна, 2012 жылы – 402,8 мың тонна), оның негізгі үлесі (орташа 81%) үй шаруашылығы шығындарынан келді. 2011-2013 жылдарға үй шаруашылығы қалдықтары 86,6%-дан 79%-ға дейін төмендеді.

Жекелей жинайтын қалдықтардың үлесі 19% жуық, талданатын кезеңге 19,7%-дан 21% дейін өсті. Оның ішінде өндірістің қалдықтар үлесі (тұрмысқа тең келетіні) 10,3% өсті 2011 жылы 10,7 дейін 2012 жылы және 2013 жылы 11,3%.

2013 жылы облыста 209 полигондар (қоқыстар) 20,4 млн.тонна жобалық қуаттылықпен қызмет етті. 2012 жылы 13 полигон бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат мерзімдері өтті және 2013 жылы 1 полигон бойынша эмиссияға рұқсат мерзімі өтті.

Салыстыру үшін республика бойынша барлығы 4525 орын қалдықтарды орналастырумен саналады, оның 307 полигоныдары немесе 6,8% талпатарға сәйкес келеді.

Қазіргі күні облыстың аймақтарында бар қалдықтарды орналастыру нысандары (ҚТҚ полигондары), экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Көбінесе бұл жай апатты қоқыстар, онда ешқандай сәйкестендіру құжаттамасы жоқ және ҚТҚ полигонына ұсынатын экологиялық талаптарға сәйкес келмейді.
Өңірдің экологиялық мәселелері.

Қарағанды облысының жеткілікті дамыған өнеркәсібінің салдары қоршаған ортаға жоғары антропогендік әсер ету болып табылады. Қарағанды облысының негізгі экологиялық проблемалары мыналар болып табылады:

- Қарағанды қаласында қоқысты қайта ұқсату зауытының жоқтығынан қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату проблемасы;

- облыстың елді мекендеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтар (бей-берекет үйінділерді көму)проблемасы;

- бірқатар көмір өндіруші кәсіпорындарды тарату нәтижесінде иесіз қалған және «Карагандаликвидшахт»РМСК-нің рекультивациялау аумақтарына енбей қалған бүлінген жерлерді рекультивациялау проблемасы;

- уландырғыш заттарды көму үшін полигонның жоқтығынануландырғышқалдықтарды қауіпсіз сақтау және жою проблемасы;

- Қарағанды қаласының ағынды суларын тазалау жөніндегі тазалау құрылғыларының бүкіл кешенінің тиімсіздігі;

- Шахтинскқаласыныңтазалау құрылғыларын реконструкциялау;

- Балқаш, Приозерск қалаларытазалау құрылғыларының жоқтығы;

- облыстың елді мекендеріндегі тазалау құрылғыларын және кәріздік жүйелерін реконструкциялау және қалпына келтіру;

- 2004 жылыбұрынғы әскери нысан Балқаш-9 аумағында анықталған конденсаторларды әкету және кәдеге жарату, сондай-ақ объектінің аумағын, Балқаш көлін және «Дарьял-У» радиолокациялық станциясының РЛС-1 ғимаратын (бөлшектеліп жатқан ғимарат) полихлордифенилменжәне хлорорганикалық пестицидтермен ластау қаупініңпроблемасы.
Тұрғын үй секторы

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысының тұрғын үй қорын ауданы 27 409,6 мың текше м.болатын 107 615 тұрғын үйлер құрайды, оның ішінде: ауданы 15 789,4 мың текше м.болатын 8 126 көпқабатты тұрғын үйлер (немесе 7,6%), (бұдан әрі – КПТҮ), олардың:

– 5 739 үй (9,8 млн.текше м, 62%) – қанағаттанарлық жағдайда;

- 2 387 үй (5,9 млн.текше м, 38%) – жөндеуді талап етеді.

2011 жылғы 1 қаңтарда 7 448 көппәтерлі тұрғын үйдің қанағаттанарлық жағдайда болғаны 4934 КПТҮ (7,9 млн.текше м., немесе 55%), күрделі және ағымдық жөндеуді талап еткені - 2514 КПТҮ (6,5 млн.текше м, немесе 45%).

Қарағанды облысының әділет Департаментінің ақпараты бойынша 4 355 кондоминиум объектісі тіркелген, ол облыс бойынша бар КПТҮ жалпы санының 54% құрайды.

Есептік кезеңдегі (2011-2013жж.) Қарағанды облысы бойынша кондоминиум объектісін басқару органдарының жалпы саны 4 598 бірлікті құрайды, оның ішінде, пәтер иелері кооперативтері (ПИК) - 284, пәтер иелері кооперативтері (ПИК) – 40 және тікелей біріге басқару (ТББ) – 4 274.

Көбінесе, пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қанағаттанарлықсыз қызметтері, олардың қызметтерінің мақсатқа лайықтылығы және тиімділік жақтары жиі айтылады. Тұрғын үйдің тиімді меншіктерін қалыптастыру мәселесі бойынша ҚР Үкіметінде бірнеше рет басқарушы компанияларды құру ұсынылды. Қазіргі уақытта аталған бағытта «ЖилСоцСервис» ЖШС басқару компаниясы өзін көрсетті (21 тұрғын үйге қызмет көрсетеді).

2010 жылдан бері ПИК көмек ретінде облыс қалаларында 113 жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдық комитеті (ЖӨБҚК) құрылып, жұмыс атқаруда, алдағы уақытта тұрғын үй қорын ұстау мен пайдалану бойынша олардың қызметтерін белсенді еткен жағдайда, олар баламалы ПИК бола алады.

2011-2020 жылдарға арналған ТҮКШ жаңғырту Бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2011-2013 жылдары облыс бойынша 127 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді.

2011 жылы 45 КПТҮ жөнделді, 220,0 мың текше м (2%).

2012 жылы – 64 КПТҮ жөндеу аяқталды. 452,0 мың текше м (3%) жөнделді.

2013 жылы Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен қаражат бөлінген жоқ, жұмыстар халықтың қайтарымды қаражаты есебінен жүргізілді.

Қайтарымды қаражат есебінен 2012 жылы Қарағанды қаласының 5 үйінің лифтісі мен шатырын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 2013 жылы 13 үйге жөндеу жасалды, оның ішінде Жезқазған қаласының 1 үйіне, Қарағанды қаласының 6 үйіне, Балқаш қаласының 3 үйіне және Теміртау қаласының 3 үйіне күрделі жөндеу жасалды.

Проблемалық мәселе:

Бюджеттік қаражаттарды ұтымды пайдалану мен жұмыс сапасын арттыру мақсатында өңір деңгейінде бірыңғай мамандандырылған өкілетті ұйымды – БӨҰ құру қажет, ол облыс бойынша қызметтерді жүзеге асыратын болады.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет