Арнайы карталар



бет1/2
Дата05.09.2024
өлшемі27,24 Kb.
#203875
  1   2
Байланысты:
Дәріс 12


ДӘРІС 12

АРНАЙЫ КАРТАЛАР




1.1 Арнайы карталарды құру

Арнайы карталар – бұл арнайы мәліметтер немесе жергілікті жердің жеке элеметтерінің егжей-тегжейін көртсететін карталар. Арнайын карталар көп және алуан түрлі. Бұндай карталарға келесі аталғандар жатады: тарихи, экономикалық, саяси-әкімшілік, гидрологиялық, геологиялық, жол карталары және басқада көптегендері.


Арнайын карталар жалпыгеографиялық (мысалы, туристік) және де тақырыптық (геологиялық) болуы мүмкін [1].
Арнайы карталарды құрастыру үш кезеңнен тұрады:
1) редакциялық-дайындық жұмыстар;
2) картаны жасау;
3) картаны рәсімдеу.
Әр кезеңде белгілі реттілікпен бірнеше операция орындалады.



    1. Редакциялық-дайындық жұмыстар

Бұл кезеңде картаны құру жұмыстар тәртібі және соңғы түрі жөніндегі барлық редакциондық сурақтар шешіледі. Сол уақытты алдын ала есептеулер жүргізіледі.
Редакциялық-дайындық жұмыстар құрамына келесі операциялар кіреді:
- тапсырмамен танысу және картаны кұру;
- карта құрамының аранайы жүктеу сұрақтарын шешу;
- карта құрамының аранайы жүктеуін құрайтың бейнелеу тәсілдерін таңдау;
- картада көрсететін құбылыстың мінездемесін анықтау және қолданатын шартты белгілер тұралы сурақтарды шешу;
- редакциалық қысқа хаттың бірінші бөлімін құрастыру;
- карта негізінің құрамы және генерализация дәрежесі мен шартты белгілері тұралы сұрақтарды шешу;
- карта кұрау көздерін таңдау және мәліметтерді картаға түсіру үшін дайындау;
- редакциалық қысқа хаттың екінші бөлімін құрастыру;
- берілген проекцияда, масштабта және тығыздылықта картографиялық тордың элементтерін есептеу;
- картаны рәсімдеу сурақтарын шешу.
Барлық жұмытарды бастамас бұрын картаны құрастыру тапсырмасымен танысу керек.
Бұл талаптар келесідей:

  • картаның мазмұны;

  • аймакты қамту;

  • масштаб;

  • проекция;

  • тордың тығыздылығы.

Аталғандардың біріншісі – картаның мазмұны – нақты жазылуы мүмкін («Халықтың тығыздылғының картограммасы»), немесе жалпы («Экономикалық карта»). Қалған негізгі талаптар тапсырмада нақты және анықталған.
Картаның арнайы жүктеуі туралы сұрактын шешімін қабылдау бұл – картада көрсетілетін құбылыстарды және мінездемесінің айқын көрсетілетінің анықтау. Бұл шешім тапсырмада берілген картаның мазмұнын анықтауында негізделген. Егер тапсырмада картанын бейнелеу тәсілі берілсе атқарушыға нақты жағдайда көп шешім қабылдау керек емес. Ал егер картаның мазмұны нақты тұжырымдалмаған болса, онда қандай құбылыстарды көрсететінді және мінездемесін анықтап алу керек. Мыслы, тапсырма бойынша картаның мазмұны «Климаттық карта» деп берілсе, онда арнайы жүктеуінде екі нұсқа қабылдауға болады:
1) климаттық аймақтар, облыстар және аудандар;
2) климаттық көрсеткіштер (жауын-шашын саны, температура).
Картаның мазмұнына қарай бір құбылысты әр тұрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Мысалы жалпыэкономикалық картада ауыл шаруашылықты сапа фонымен көрсетеді, бирак ол еш қандай сандық көрсеткіштерді білдірмейді [1].
Кейбір тәсілдер бір картада жақсы қиыстырылады, ал келесілер керісінше сыйспайды. Мысалы картодиаграмма тәсілін белгілер тәсілінен басқа еркін кез келген тәсілмен қиыстыруға болады. Картограмма тәсілі сапа фонды тәсілімен ғана сыйыспайды үйткені сондай-ақ картаның барлық ауданын бояуды талап етеді. Нүкте, изосызық, ареалдар тәсілін және қозғалу сызықтарын барлық тәсілдермен немесе өзара қиыстыруға болады.
Кейбір тәсілдер бір ғана құбылыстарды бейнелеуге қолдануға болады. Олар картограмма, сапа фоны аздап белгілер тәсілі. Келесілерді біраз шарттарға сәйкес бірнеше құбылыстарды көрсетуге қолдануға болады. Мысалы, нүктелі тәсілмен бірнеше біркелкі құбылыстарды көрсетуге болады егер олар бір бірін жаппаған жағдайда (мысалы, зығыр және мақта дақылдарының егістіктері). Ареал тәсілінің қасиеті де нүктелі тәсілге жуық, бұнда да бейнеленген құбылысты аздап жабуға болады. Соңында картограмма, изосызық және қозғалыс сызықтары тәсілдері бір картада бір неше құбылыстарды көрсетуге қолдануға болады. Картада көрсетілетін мінездемесінің сұрақтарын шешкен кезде, бейнелеу тәсідерінің бір бөлімінің шешуі тұтастырылады. Егер бейнеленетін құбылыс сандық көрсеткіштерін талап етпесе онда білдіретін сандық мінездемелерді белгілеу керек. Сандық мінездемесін білдіретін тәсілді таңдаған кезде, картада «берілетін» нақты сандық көрсеткіштер бекітілу тиіс. Кейбір жағдайда сандық және сапалық мінездемені бейнелеу тұралы сұрақтарды қабылдау керек болады (белгілер тәсілдерін қолданған кезде).
Белгіленетін мінездемелердің сұрақтарын шешуімен қатар барлық шартты белгілер таңдалынып, шкаласы (белгілер мен картодиаграммалық бейнелерге) суреті, бейнесі, түсі, көлемі анықталады.
Барлық атап өткен операцияларда тапсырма бойынша берілген аумақтың әртүрлі карталарын қарастырған дұрыс. Мынадай қарап шығу бірнеше себеп бойынша өте маңызды:
1) құрылатын картада берілген аумақтағы құбылыстардың дамуын белгілеуге көмектеседі;
2) ол бейнелеу тәсідері мен шартты белгілерді қолдануын айқындап береді;
3) ол картаны құрастыру үшін ең қолайлы, мақсатқа лайықты ақпарат көздерін таңдап алуға көмектеседі.
Карталармен қатар әдебиет және статистикалық мәліметтрді қарастыру өте пайдалы.
Қысқа редакциалық хатты құрастыру барлық шешімдерді қорытындылау үшін қажет. Бұл келесі үлгімен салынған қысқа жүйелі тізім:
1) тапсырма бойынша картаның атауы;
2) аймақты қамту;
3) картаның масштабы;
4) проекция;
5) тордың тығыздылығы;
6) құбылыстарды картада бейнелеу;
7) картада мінездемесін көрсететін бейнелеу тәсілдері (сандық және сапалық);
8) шартты белгілер.
Бұл қысқа редакциалық хаттың көлемі – 2 – 3 бет.
Генерализация дәрежесі мен картаның негізгі құрмын анықтаған кезде картаның арнайы жүктеліу ескеріліп, негізгі құрамы мен арнайы жүктелуі табиғи бірлік құрастыру керек. Мысалы, картограмма және картодиаграмма тәсілдері үшін міндетті құрамының бөлігі болып бейнеленетін аудандардың шекаралары болады. Барлық физико-географиалық карталар үшін маңызды негізгі элемент ретінде су торабы ал ең азы – елді мекендер мен жол торабы болып есептеледі. Экономико-географиалық карталар үшін елді менкендердің, саясат және әкімшілік қатынас жолдары маңызды. Бірақ бұнда бір ерекшелік бар, өнеркәсіп бейнеленетін карталарда елді мекендер негізгі емес арнайы жүктелуіне кіреді. Басқаша айтқанда бұндай кезде карталарда елді мекендер емес өнеркәсіп орындары бейнеленеді.
Карта құрастыруға арналған ақпарат көздері болып монографиялар, аумақты баяндаулар, әсіресе статистикалық анықтамалар болады.
Мәліметтерді картаға түсіруге дайындау әдетте өте әр түрлі. Әдетінше дайындау жұмыстары топтастыруды жалпылауда, сандық мәліметтерді математикалық өңдеуге негізделген [1].
Егер сандар картада пішінмен (картодиаграмма, белгілер), сызықтармен (эпюр) немесе реңкпен (картограмма) бейнеленсе сандық мәліметтер сандық қатарды құрумен, аралықты есептеумен, пішіндердің көлемін есептеумен аяқталады.
Редакциялық қысқа хатты құрастырудың екінші бөлімі талаптарды негіз құрамына жүйелеп баяндау, генерализация дәрежесіне нұсқаулар беру үшін қажет. Бұнда әрбірі не үшін қолданады және қандай өңдеуге тап болатыны қарастырылады. Статистикалық мәліметтер бұл қысқа хатқа кесте ретінде еңгізілуі тиіс. Кестеге картада бейнеленетін барлық сандық көрсеткіштер толық жазылуы керек.
Картографиялық тордың элементтерін есептеу – бұл редакциялық-дайындық жұмыстардың аяққы операциясы.
Картаны жинақтау (компоновка) сурақтарында орта меридианның бойлығы, ішкі рамкасының пішіні мен көлемі, сыртқы рамканың көлемі мен тұрі, атауының орналасуы, аңызы, масштаб және орындаушы туралы мәліметтері, басты ақпарат көздері шешіледі.
Орта меридианның бойлығын оңай тәсілмен орындауға болады – бейнелетін ауданның ең шеткі шығыс және батыс нүктелерінің жарты қосындысын есептеу керек. Есептеу жуық шамамен болу мүмкін.
Ішкі рамкасының көлемін үш шарт негізінде орнату қажет:
1) картографиялық тордың түріне;
2) картаның орта меридианының бойлығына;
3) аумақты қамту, айқынырақ, құрылатын картаның кескін үйлесіміне байланысты.
Рамка түрінің бір ғана басым болігі бар - тіктөртбұрыш.
Шеңбер түрлі рамка жартышарлар карталарында және поляр облыстарында қолданалы. Сыртқа рамка түрі ішкі рамкаға сәйкес.
Карта атауының орналасуы, масштаб және орындаушы туралы мәліметтері, басты ақпарат көздер стандартты: атауы сыртқы рамканың үстінде; масштаб - астында, рамканың ортасында; орындаушы туралы мәліметтері және басты ақпарат көздер – астында, масштабтың оң жағында [1, 2].
Карта аңызының орналасуы әртүрлі – рамканын сыртында немесе ішінде ойып орнатылған. Егер аңыз ойып орнатылса ол картаның негізгі аумағы бейнеленбеген жерде орналасуы тиіс. Ойып аланатын жердің ауданы жуық шамамен анықталуы керек. Картографиялық тордың элементтерін есептеу жинақтаумен бирге қысқа редакциалық хаттың үшінші аяққы бөлімін құрайды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет