Арнайы білім беру үшін философия – ең алдымен, педагогикалық құбылыстардын эволюциясын реттейтін, адамның әлеуметтік табиғи болмысын және адам туралы жалпы түсініктерді бір жүйеге біріктіретін дүниетаным негізінде алға шығады және екіншіден арнайы білім беру процесін игерудегі әдіс тәсілдер негізінде әмбебап принциптерді қолданудың әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.
Философиялық жіктеумен сәйкес арнайы педагогиканың мәселелерін зерттеуде мынадай дүниетанымдық аспектілерді көрсетуге болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философия-антропологиялық, тарихи және әлеуметтік философиялық.
Арнайы білім берудің болмыс құрамындағы орны онтологиялық аспектімен анықталады. Оқыту мен таным арасындағы байланысты анықтау үшін гносеологиялық аспекті, ал педагогикалық құндылықтарды анықтауда аксиологиялық аспект қызмет етеді.
Арнайы білім беру ол өзі ерекше әлеуметтік институт және оның дамуы өркениетке байланысты шартталған. Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін әлеуметтік философиялық тұрғыдан қарастыру жөн.