Ас қорыту мүшелері Орындаған: Көшекова г тобы: вм-401 Ауыз қуысының мүшелері Ауыз қуысы



бет1/12
Дата14.12.2021
өлшемі2,69 Mb.
#126716
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ас қорыту мүшелері
өөт, Презентация 3, Презентация 3, Презентация 3, питон есептері, Байбараков Байрамбек Осөж 15, 1587199996

Ас қорыту мүшелері

Орындаған:Көшекова Г

Тобы:ВМ-401

Ауыз қуысының мүшелері

Ауыз қуысы (ротовая полость) — cavum oris — жұтқыншақпен жалғасып, бас бөлімді құрайды. Оның кіреберіс тесігі — ауыз саңылауы (rima oris), ал ауыздан жұтқыншаққа шығаберіс тесігі — ecils (isthmus faucium) деп аталады. Ол тіл түбірі мен жұмсақ таңдай арасында болады. Ауыз қуысы екі бөлімнен: ауыздың кіреберіс бөлімінен (vestibulum oris) және өзіндік ауыз қуысынан (cavum oris proprium) тұрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы қабырғасын еріндер мен ұрт, ішкі қабырғасын қызыл иек пен тістер қүрайды. Ал өзіндік ауыз қуысы қызыл иек пен тістен жүтқыншаққа дейінгі кеңістік. Ауыз қуысы мүшелерінің ішкі бетін тері типтес кілегейлі қабық қаптап жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан (борпылдақ дәнекер ұлпасы) тұрады. Ауыз қуысының мүшелері: жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жүмсақ тандай, тіл, сілекей бездері.

Ерін (губы) — labia — ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүіпе. Ол үш кабықтан:ішкі кілегейлі, ортаңғы етті (ауыздың дөңгелек бұлшық еті) қабықтардан және сыртқы теріден тұрады. Кілегейлі қабық екі кабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан тұрады. Жоғарғы және төменгі ерін (labium superiuset inferius) кілегейлі қабықтарында еріннің майда қабырғалық сілекей бездері (glandulae labiales) орналасады. Олардың өзектері ауыз куысына ашылады. Жоғарғы және төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бүрышын езу (angulus oris) — деп атайды. Ерін терісінде жекеленген сезім түктері (pili tactilis) орналасады.



Ұрт (щеки) — bucca — құрылысы ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың негізін ұрт бұлшық еті түзеді. Ұрт ауыз қуысының екі бүйір қабырғаларын құрайды. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын, ұрттың ұзындығы қысқа болады. Мысалы, иттің езуі ұзын да, ұрты қысқа. Бұған, керісінше, шөппен қоректенетін жануарлардың ұрты ұзын, ал ауыз саңылауы қысқа келеді. Ұрттың ішкі кілегейлі қабығы бетінде, жоғарғы азу тістердің тұсында шықшыт (құлақтүбі) сілекей безі өзегінің бүртігі (papilla parotidea) ашылады. Ұрттың кілегейлі қабығында ұрт сілекей бездері (glandulae buccales) орналасады. Әсіресе, олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы дамыған.Ұрт бездері дорсальды және вентральды болып екі топқа бөлінеді. Олар жоғарғы және төменгі тіс доғалары деңгейлерінде, езу мен үлкен шайнау бұлшық еті аралығында орын тебеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет