Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Әнім сенсің туған жер»



бет1/3
Дата05.04.2022
өлшемі55,99 Kb.
#138045
  1   2   3
Байланысты:
0005e417-60576b98
соңғы, сауалнама, тамақтану комиссиясының жұмыс жоспары 2021-2022, ГРАНТ 11 сынып, олимпиада

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Әнім сенсің туған жер» .
Мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға Отан, туған жеріміз жайлы түсінік бере отырып, бала бойындағы ұлттық рухты , патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, туған елін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ана тілінде еркін, таза, әдеби тілде көркем сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.Туған жерін көркейтуге , еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, өлеңдер оқу, ән шырқау.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, шар, музыка.
Тәрбие сағатының барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгінгі 6-сыныпта өткелі отырған «Туған жер – бақыт ордасы » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Біз сіздерге шуақты күн, ашық аспан, бақыт пен амандық тілейміз.
Батырлық уызынан жарыған,
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран –деп, ашық тәрбие сағатын
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім: Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер адамды елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне сондықтан да балалық шақтан Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбір адам үшін Отан отбасынан басталады.
Отан – дейміз от жаққан жерімізді,
Отан – дейміз өсірген елімізді,
Отан – дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан – дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.
Мақтанамын мемлекетім барына,
Терезең тең басқалармен, тарылма,
Өз елінің жырын жырлап, мұның мұңдап әр ұлан,
Өз елінің қорғаушысы болу керек қашанда.
Туған жер – бақыт ордасы , сол себепті туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі- музыка, ал кейбіреулер көкірегіндегі ойларды жалынды сөздермен, әдеби тілмен жеткізеді.
Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көздерің секілді. Сен сол туған жердің аспанымен тыныстайсың. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың.
Отаным Қазақстан туған елім,
Кең екен ғой қаншама дархан жерің.
Қасиетті қара жерді қалың жаудан
Қоршап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің.

Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,


Табиғат та тербеледі тірі жандай.
Көкірегіңде тізілген тауларыңның
Арасынан батқан күн, атар таңдай.

Қазақстан елтаңбаң бар, әнұранын,


Ақ байрақта қалықтап тұр бақ қыраның
Жан-жағы оюланып әшекей боп
Тауыпты көк аспан, күн тұрағын.

Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,


Сақтайық, жоғалтпайық ата салтын,
Тік ұстап туымызды, еңселі боп
Орындайық бабалардың аманатын.

Сұлу дала ! Менің сүйген еркемсің.


Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.
Ән: « Өз елім менің ».
Мұғалім: Балалар, адамның бақытты өмір сүруі Отанға деген махаббатына байланысты.

Сұрақ : Отан дегеніміз не?


Отан дегеніміз әр адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі, ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалу үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, туғандарымен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы. Адамдардың жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанына деген сүйіспеншілігіне байланысты. Адамның туып-өскен ауылы, қаласы – кіші Отаны болып саналады.

Сұрақ : Туған жер деген не?


« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас » деген. Туған жер деген кіндік қаның тамған, туып-өскен жерің. Оған көрікті, қанша әдемі болса да, басқа жер жетпейді. Оның суы да, ауасы да бөлек. Туған жердің күні де, түні де ыстық.

Сұрақ : Туған жер адамның тағдырын құрай ма?


Туған жер , атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіне құя білу шарт.

Сұрақ : Туған жерді қадірлеуіміздің себебі не?


Туған жер – біздің ата-бабамыздың жері. Олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен. Біз олардың үмітін ақтауымыз керек.
Сұрақ : Біз неліктен туған жерімізді сағына береміз?
Туған жердің суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Өйткені біз сол жерде дүниеге келіп, өсіп-өнеміз. Адамның өскен жері оның жанына, сана-сезіміне әсер етіп мәңгілік есінде қалады екен. Сондықтан біз туған жерімізді сағынамыз.
Сұрақ : Дүниеде не қымбат?
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт береке - атаң қымбат
Аймалайтын - анаң қымбат
Мейірімді - апаң қымбат
Асқар тауың - әкең қымбат
Туып өскен жерің қымбат.
Сұрақ : Неге туған жерді жақсы көреміз?
Туған жерге деген сүйіспенщілік пен құрмет адамның бойына ана сүтімен, бесік жырымен сіңген, сондықтан біз туған жерді жақсы көреміз.
Күй: « Туған жер »



Жарқын болашақ өміріміз

Ата заңы бар.
Мұғалім: Балалар, Қазақстан! Туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты ел. Сендер не айтар едіңдер. Өз ойларыңды ортаға салыңдар.

Жері тұтас, ол бөлінбейді, оған қол сұғуға болмайды.



Қазақ халқы сөзге шешен, данышпан қонақжайлы халық.



Демократиялық зиялы және біртұтас мемлекет.

ҚАЗАҚСТАН





. Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Тәуелсіз Республика





Ұлттық ақша бірлігі – теңге

Өз Өз жалауы, елтаңбасы ә әнұраны бар.


Еліміз, Отанымыз.

Өз жалауы, ел Бас қала - Астана

Қазақстан дейтін менің бар елім, Менің елім – Қазақстан


Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бар әлемге танылған
Бұл даланы анам жаспен суарған, Желбіреген көк туым
Бұл далада атам қолға ту алған Қыран бүркіт самғаған
Бұл далада жылап келіп, уанған, Батыр ата- бабаларым
Бұл далада көріп алғаш қуанған, Елін жаудан қорғаған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! Қазақстан Республикам
Отаным деп мақтанам.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет