Астана қаласы



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі157,08 Kb.
#26316
  1   2
Астана қаласы

«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы

Арнайы пәндер оқытушысы

Сүндетова Айнагүл Қалиқызы
Мультиплексорлар мен демультиплексорлар жұмысын талдау
Мақсаты: Electronics Workbench бағдарламасын қолдана отырып, мультиплексорлар мен демультиплексорлардың жұмыс істеу принципімен танысу.

Білімділік: Сандық микросұлбаларды түсіндіре отырып, мультплексорлар мен демультиплексорлардың сұлбадағы жұмысын түсіндіру

Дамытушылық: Өз бетімен ізденіп, ойларын қорытындылауға жетелеу

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Педагогикалық технологиялары: оқытудың компьютерлік технологиясы, ынтымақтастық технологиясы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: интерактивті әдіс, топтық әдіс

Көрнекі құралдары: Ноутбуктер, «Еlectronics Workbench» бағдарламасы, презентация, үлестірме қағаздары

Пәнаралық байланыс: физика
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут

Топпен амандасу, аудитория тазалығын қадағалау, журнал бойынша тексеру, сабақ тақырыбын, мақсатын айту.
ІІ. Өткен тақырыпты тексеру- 17 минут

«Мультиплексорлар мен демультиплексорлар» тақырыбын онлайн тестілеу арқылы тексеру.

  1. Мультиплексор қандай функция орындайды? ( қосып ажырату функциясын)

  2. Қарапайым мультиплексорда неше адрестік кіріс болады? (Екі)

  3. Микросұлбаның белгіленуінде К әрпі нені білдіреді? (Коммутациялық құрылғы)

  4. Рұқсат етілген кірісті басқаша қалай атайды? (стробтаушы кіріс)

  5. Мультиплексорларды қазіргі техникалық жазбаларда және анықтамаларда қалай атайды? ( selector- multiplexer)

  6. Демультиплексорлардың ең қарапайым түрі неше шығыстан тұрады? (төрт)

  7. Адрестік кірістер ретінде қандай белгілер қолданылады? ( А, В, С)

  8. Демультиплексордың белгіленуі? ( demux, dmx)

  9. Демультиплексор функциясы мультиплексор функциясына( қарама қайшы)

  10. Демультиплексордың ақпараттық кіріс саны? ( бір)

  11. Демультиплексор функциясы қай сандық қондырғыға ұқсас? (дешифратор)

  12. КР1533КП7 микросұлбасы қай құрылғыға жатады? (мультиплексор)

  13. КР1533ИД7 микросұлбасы қай құрылғыға жатады? (Демультиплексор)

  14. Бірнеше мультиплексордан немесе демультиплексордан тұратын қондырғы қалай аталады? ( коммутаторлар)

  15. Рұқсат етуші кірістер не үшін қажет? (бірнеше құрылғыны жалғау үшін)


ІІІ. Жаңа тақырыпты зерделеу- 40 минут

Жоспар:

1.Мультиплексордың жұмысы

2.Демультиплексордың жұмысы

3. «Еlectronics Workbench» бағдарламасы арқылы мультиплесорлар және демультиплексорлардың жұмыс істеу принципін қарастыру

4. студенттердің бағдарламамен өздік жұмыс істеуі

Мультиплексор деп ақпаратты бірнеше кіріс каналынан бір шығысқа тасымалдауды басқаратын құрылғы. Мультиплексорда ақпараттық кірспен қоса, адрестік (басқарушы) кіріс және мультиплекор жұмысына рұқсат беруші стробтаушы кіріс бар. Адрестік кірістегі сигналдар дәл қазір ақпараттық кірістердің қайсысы шығыспен қосылғанын анықтайды. Әдетте m ақпараттық кірістермен n адрестік кірістер арасында m = 2n қатынасы орнаған.



1 стробтаушы, 2 адрестік және 4 ақпараттық кірістері мультиплексор жұмысын логикалық теңдеумен баяндауға болады:



мұнда Е – стробтаушы кірістегі сигнал, оның белсенді деңгейі мультиплексор жұмысына рұқсат береді.

Жұмысқа рұқсат беруші Е стробтаушы кірісіне логикалық 1 сигналы берілсе (E=1), онда xi ақпараттық және aj адрестік сигналдардың мәніне қарамастан (i = 0, 1, 2, 3 және j = 0, 1) мультиплексордың шығыс сигналы нөлге тең болады.

Басқаша айтқанда Е стробтаушы сигнал көмегімен таңдалған кірісті шығыспен жалғануына рұқсат беруге немесе бермеуге болады, яғни мультиплексор әрекетін бөгеуге болады.



(5.1) өрнегіне сәйкес жұмыс істейтін мультиплексордың схемасы және шартты-графикалық белгіленуі 1-суретте көрсетілген.

а) ә)


Сурет - 1. Мультиплексор схемасы (а) және оның шартты-графикалық белгіленуі



1-суреттегі схемада екі кірісті ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементі дешифратордың шығыс сигналдарымен басқарылады, ал дешифратордың кірісіне адрестік сигналдар берілген болатын. Сонымен, дешифратор көмегімен екі кірісті ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерінің бірі таңдалынады, және сол арқылы және екінші сатыдағы ЕМЕС логикалық элементі арқылы ақпарат шығысқа беріледі. Және бұл жағдайда мультиплексор жылдамдығы дешифратордағы және екі ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтердегі сигналдардың таралуының бөгелу қосындысымен анықталады.



Мультиплексорлар MUX (ағылшынның multiplexor сөзінен) немесе MS (multiplexor selector) сөздерімен белгіленеді.

Е жұмысқа рұқсат беруші кіріс сонымен қатар мультиплексордың функционалдық мүмкіншіліктерін кеңейту үшін қолданылады, мысалы, мультиплексордың ақпараттық кірістерін көбейту үшін (кіріс сөздерінің разрядтылығы өсіру) және мультиплексордың жұмысын басқа құрылғылардың жұмыстарымен синхрондау үшін. 1-суретте төрткірісті мультиплексор негізінде құралған 16 ақпараттық кірісі бар мультиплексордың (мультиплексорлық бұтақтың) разрядтылығын өсіру схемасы келтірілген.



Мультиплексорлық бұтақтың бұл схемасы екі деңгейлілікпен сипатталады. Бірінші деңгей мультиплексорлары адрестік сөздің кіші разрядтарымен (a0 және a1) басқарылады, ал екінші деңгейлі мультиплексорлар – адрестік сөздің үлкен разрядтарымен (a2 және a3) басқарылады.

Сурет - 2. Мультиплексорлық бұтақтың сұлбасы


Мультиплексорлар әмбебап логикалық құрылғылар болып табылады, олардың негізінде түрлі комбинациялық және тізбектелген схемалар жасалынады. Мультиплексорлар триггерлік құрылғыларда, жиілікті бөлгіштерде және басқа құрылғыларда қолданылады. Мультиплексорлар коммутаторлар – параллельді коданы тізбекті кодаға түрлендіруге арналған сигнал селекторлары ретінде жиі қолданылады. Мұндай түрлендіру жұмыстарын атқару үшін мультиплексордың ақпараттық кірістеріне параллельді екілік кода, ал адрестік кірістеріне шығысқа кірістер біріншісінені бастап соңғысына дейін кезек-кезекпен бірігетіндей етіп сигналдар тізбегін беру керек. Сондй ақ, мультиплексорлар екілік санды разрядтары бойынша жылжытуды іске асыратын комбинациялық жылжыту құрылғысын іске асыру үшін де қолданылады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет