Тақырыбы: «Балам - менің баға жетпес байлығым»
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Мектеп пен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, фломастер, доп және т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы.
1. "Сәлем сөздің анасы" амандасу.
2. Тақырыпты ашу.
3. Доп лақтыру жаттығуы
4. Гүл теру жаттығуы. Пікірлесу
5. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...»
6. Бала туралы бейнеролик көрсету.
7. Топқа бөлу. Шығармашылық тапсырма.
8. Балама ақ тілек.
9. Қорытынды.
Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Балам – менің баға жетпес байлығым» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер!
Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Шаттық шеңбері: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.
1. "Сәлемдесу" жаттығуы: Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір–бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1- нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық
2- нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3- нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?
Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)