Ата-анаң-алтын тұғырың Мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі98,37 Kb.
#26662
Ата-анаң-алтын тұғырың

Мақсаты: «ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрметтеуге үйрету;

-ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

-махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар: слайд, нақыл сөздер

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! «Ата-анаң-алтын тұғырың» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар.Отбасы- адамзаттың алтын ұясы.Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді.Бүгінгі- ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз- ертеңгі ана, ол шешеге қарап бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші- ата-ана.

2-4 сынып оқушылары Әдеби монтаж



Мұғалім: Алдымен сүй ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ата-ананың жасалады.

Ата-анасын сағынар жырақ жүрген баласы,

Сәлем жолдар жүректен шыққан сөздермен

Екеуінің қуанышы, тілегі

Әрқашанда бір арнадан табылған.

«Алдымен сүй ардақты ата-анаңды!» дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді.

Ой қозғау.

1.Ата-ана деген кім?

2.Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

3.Үйдегі алтын қазық кім?

4.Дүниедегі ең сұлу кім?

«Ана туралы жыр» әні. 5-сынып оқушылары

Мұғалім: Отбасының ордасын

Періштелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға

Тәңірім жақсылық жолдасын.

Асқар тауы-сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ- тіреуіші анасы,

Жасыл құрақ- келешегі баласы,

Бірге олар болады мықты отбасы.



«Нәрестенің өмірге келуі туралы ертегі»

Ой қозғау. Ата-аналарға сұрақ:

1.Бала сіз үшін кім?

2.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

Мәтінмен жұмыс. «Сүйіспеншілік» әңгімесі

Сұрақ: «Сүйіспеншілік бар жерде байлық пен сәттілік бар»- дегенді қалай түсінесіңдер?



Қорытындылау: Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды.Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде сыйластық та, ынтымақ та, береке, бақ та, байлық та болады.

Оқушылардың «Ата-анаң-алтын тұғырың», «Алдымен сүй ардақты ата-анаңды» тақырыптарына жазған шығармаларынан үзінділер оқу.

Қорытындылау: Ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал, балалар, сендер болашақта ата-ананың үмітін ақтар, елін сүйер азамат болады деп сенемін. Әр отбасына шаттық, құт- береке, қуаныш пен бақыт тілеймін. Оң қанатымыз әкеміз, сол қанатымыз анамыз, бауырларымыз аман-сау болсын!

Шаңырақ жарастығы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға шаңырақ жарастығын түсіндіре отырып, «риясыз сүйіспеншілік» құндылығының мәнін түсіндіру

Міндеттері:

-шаңырақ жарастығы, отбасының адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

-отбасындағы жарастық, сыйластық қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;

-отбасындағы бірлікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар:

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюыңызға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Көзіңізге енді ғана атып келе жатқан таңды елестетіңіз.Сіз тау жолымен келе жатырсыз.Таза ауа, сылдыраған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз.Күн шуағы сізге бар шуағын шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет, балалар.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Отбасы татулығы» атты қытайдың аңыз әңгімесін оқып талдау.

Талдау сұрақтары:

Өсиет әңгіменің мәні неде?

Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?

Мұғалім: Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде сыйластық та, береке, бақ та, байлық та болады.

3. Дәйексөз (дәйексөздің мәнін ашып, оқушылардың түсініктерін тереңірек толықтыру).

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.»

Н.Ә.Назарбаев

4. Мәтінмен жұмыс

А.Асылбеков «Сүйіспеншілік»

1.Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік дегеннің себебін түсіндіріңдер.

2.Үй иелері неліктен Сүйіспеншілікті үйге шақыруды таңдады?

3. «Сүйіспеншілік бар жерде байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім: Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде сыйластық та, береке, бақ та, байлық та болады.

5. Топпен ән айту

Ғафу Қайырбековтың «Ана туралы жыр» әнін бірге айту.



6.Отбасына байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызу.

1.Ағайын алтау... (ана біреу)

2.Атадан жақсы ұл туса, ... (елінің қамын жейді)

Атадан жаман ұл туса, ... (елінің малын жейді)

3. Кәріге құрмет- ... балаға міндет

4. Баланың ұяты- ... (әкеге)

Қыздың ұяты- ... (шешеге)

5.Ана сүтін ақтамағанды, ... (ешкім мақтамайды)



7. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топ мүшелері жұмыстарын қорғайды).

1 тапсырма: І топқа: «Мен үшін қымбат анамның ...» (анасының бойындағы жақсы қасиеттерді жазу)

ІІ топқа: «Мен үшін қымбат әкемнің ...» (әкесінің бойындағы жақсы қасиеттерді жазу)

2 тапсырма: І топ-анаға арнап төрт жол өлең шығарады

ІІ топ- әкеге арнап төрт жол өлең шығарады



7. Түйіндеме. Сабақты қорытындылау

Отбасы:

сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді; жақсылыққа жетелейді; еңбектенуге, білім алуға көмектеседі; үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.



8.Үй тапсырмасы.

Төмендегі берілген тақырыптардың біреуі бойынша шығарма жазып келу:«Менің үйім-менің қорғаным», «Отбасы- адам баласының алтын діңгегі», «Мен және менің отбасым»; отбасындағы қарым-қатынас туралы мақалдар мен нақыл сөздер жинақтап келу.



9.Соңғы тыныштық сәті. (баяу музыка қосылады)

Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды естеріңізге түсіріп көріңіздерші.Ол өздеріңізбен бірге қалу үшін жүректеріңізге сақтап, ата-анамызға деген үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді алақанға салып, барша әлемге сыйлайық.Әр күндеріңіз нұрлы, болашақтарыңыз жарқын болсын деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.



Тақырыбы: «Мамандық – өмір таңдауы»

Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.

Көрнекіліктер: слайд, нақыл сөздер.

1.Кіріспе.

Ел Президенті Н. Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы , мемлекеттің келешегі жастардың қолында , олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан бірліктің арқасында биік белестерге жетеді». Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан Жасұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Белгілі жазушы, ғалым Ж.Аймауытов «мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспарда құрғысы келмейді.Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады. Психолог мамандардың айтуынша кез-келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. Мамандық таңдау белгілі бір деңгейде моральді мәселе. Сондықтан әркім өз қалауына ерік беру керек алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдауда қиынға соғады. Өз ісіне бүге-шүгесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем, қабілет және мінез қажет.Сондай-ақ өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызмететтер бар. Міне адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады.Әлемде40мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25млн адам өзінің жұмыс орынын ауыстырып, оның 12 % қайтадан өз орынына қайтып оралады екен. Қоғамға адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және басқа мәселелрді туралы бүгінгі пікір сайыста шешімін аламыз деген сенімдеміз.

2. Оқушыларға арналған сұрақтар:

1. Жалпы мамандық дегеніміз не?(слайд)

2. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба? Таңдаған мамандығың туралы не білесің? Мамандықты қай оқу орынына аласың?

3. Адам өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?

4. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі нені үйренуі қажет?

5. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан қалай дайындау керек деп ойлайсыңдар?

6. Қазіргі заман талабына сай бірнеше мамандықты таңдау керек деп ойлайсың ба?

7. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

7. Ауыл экономикасын көтеру үшін ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

Ата-аналарға:

1.Отбасыңызда балаңыздың болашақ мамандығы тура лы талқыладыңыз ба?

2. Балаңыздың мамандық таңдаудағы көз-қарасына қосыласыз ба?

3. Оның мамандық таңдауда қызығушылығын ескеру керек деп ойлайсыз ба?

4. Болашақта балаңыздың кім болғанын қалайсыз?

5. Мамандық таңдау кезінде балаңыз қай салада мамандық туралы көп айтпайды.?

3.Кәсіптік білім берудің құрылымы: Болашақ мамандықты әртүрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар(слайд)

4.«Ең жақсы»ойыны.

Ең ақшасы көп..........(банк қызметкері, экономист)

Ең жасыл...........( эколог,географ. бақташы, гүл өсіруші)

Ең тәтті..........( аспаз, кондитер)

Ең күлкілі.............(клоун,карикатурашы)

Ең жауапты( сот, бухгалтер)

Ең салмақты...........(мұғалім, заңгер)

Ең қарым –қатынасы күшті(бизнесмен)

5. Мамандық таңдауда мынадай формула бар (слайд)

6. Мамандық типтері (слайд)

Келген қонақтарға сұрақтар қою:



  1. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере алама?

  2. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз? Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

  3. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?

  4. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т.б. мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

  5. Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?

7.Психологиялық тренинг «Психогеометрия-өзін-өзі тану»

8. «Бұл кім?»кәсіби бағдар ойыны. Жағдаяттық сұрақтар:



  1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ат-анаң қарсы. Сол кезде сен не істер едің?

  2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді . Бірақ ол мамандық саған ұнамады, сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

Қорытынды: Абай атамыз айтқандай « Болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз, Мұндай болмақ қайда деп қайта ғылым сүйсеңіз»дегендей алға ұмтылып, арманымызға жетіп,өзіміз қалаған мамандық иесі болайық. Әбу Насыр әл Фараби «Адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді, жұмыстың неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады.Қандай іс істесекте, содан рахмет табу, рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген. Егеменді еліміздің ертеңі білгір де, білікті маман иесі болуларыңызға тілектестік білдіре отырып, бүгінгі «Мамандық- өмір таңдауы»-атты пікір сайысымызды аяқтаймыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет