Музыка пәні мұғалімі: Мектепова Ж.Е. Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына арналған кеш. Тақырыбы: «Қазақ әнінің Қадыры»
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Ақынның сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындай отырып, ақындыққа баулу, шығармашылыққа шыңдау.
Білімділігі: Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау, музыкалық қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Әдеби-музыкалық кеш
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі кешіміз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық Жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 80 жасқа толған мерейтойына арналып отыр.
«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы..»,-деп туған жеріне деген ыстық ықыласы мен махаббатын жыр жолдарымен білдірген Қадыр Мырза Әлі біздің қадірлі ағамыз. Қазақтың атақты классик ақыны, поэзия Пайғамбары, халық жазушысы .
Ақ Жайық өңірі қашанда ақынға да, азаматқа да ежелден кенде болмаған. Әр ақыны мен азаматының өз биігі бар. Солардың ішінде Қадыр Мырза Әлі ақындық жағынан да, азаматтық жағынан да ел тарихында биіктен көрінген, халқының сый-құрметіне бөленген
қайраткер.
«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», -деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Шынында Қадыр Мырза Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі. Бүгінгі кеште біздің оқушыларымыз Қадыр ағамыздың өлеңдеріне жазылған әндерді шырқайды.
І-жүргізуші:
Жаралған о бастан біз арыстан,
Жерін аңсап оралған қыз алыстан.
ІІ-жүргізуші:
Арман қымбат адамға,
Сен одан да қымбатсың Қазақстан.
І-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Қазақ әнінің Қадыры» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер.
ІІ-жүргізуші: Дарындылық, ақындылық туралы Қадыр былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан.
Өйткені, ақын да кәдімгі бала болған. Ал, ата-ана өздерінің ойда жоқта айрықша азамат,
ұлы перзент әкелгеніне ә дегенше сене алмайды. Басқа – басқа, құдай қосқан қосағыда жарының қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Обалы не керек, талантты
алдымен танитын да, табынатын да оқырман қауым, қалың ел халық!
І-жүргізуші: Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Халқымыздың ән ұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтып, осы кешті ашуды ұсынамын.
Сөзі: Қадыр Мырзалиев
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.
Ән «Атамекен» Жігіттер триосы
І-жүргізуші: Ақын 1935 ж. 5-қантар Орал облысының Жымпиты топырағында дүниеге келген. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері. Тілі шыққан баладан шыққан данаға дейін, Қадыр есімі қадірлі. (Ақын туралы бейнефильм көрсетіледі)
Нұрлыбек өлеңін оқиды
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен
Мырзалының
Үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен
Жүз демейін -
Түсінеді жөнді ұққан.
Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан.
Жалғыз едім өспей қойған атадан.
Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!
Ағайын жоқ ертелі кеш аңдыздар,
Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.
Бар аздаған жолдастарым.
Достарым
Олар да сол: Мен секілді жалғыздар.
Әли айтпақшы.
Жарқылдаған жарым бар,
Үш балам бар,
Құдай берген дарын бар.
Момын да емен көке кетер қорлыққа.
Асау да емен ала – қашып арындар.
Өлең жаздым тоғыз тарау,
Жеті өрім.
Сездім соның жүректерге жетерін.
Жалғызбын деп
Жанға нөкер болмадым,
Өзімнің де болған емес нөкерім.
Сөйледім бе,
Сөйлемейтін бекерге,
Ақылымды алмасын тек кетерде.
Жағаласпай тыным жүрсем,
Әлі де
Жаман жүрек жарап қалар лекерге!
Жас алып тұрып көзіме,
Жырлаймын, жерім, құп алсақ
Түсемін тамып өзіңе,
Тола алмай тұрған көл болсаң
Алысқа тағдыр әкетіп,
Амал жоқ егер шет қонсам,
Тиемін саған лап етіп,
Тұтанбай тұрған от болсаң.
Сөзі: Қ. Мырзалиевтікі
Әні: Ш.Қалдаяқовтың «Тамды аруы» әнін ұсынамыз.
І-жүргізуші: Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.
Қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттық асыл қасиеттерімен құндылықтарымен қаруланасың. Ортаға кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырайық. (Өлеңдерін оқиды)
ІІ -жүргізуші:
Жайлауың болар жеріміз.
Төсегің болар төріміз
Білгіңіз келсе қазақты
Қонағы болып көріңіз.
І-жүргізуші:
Төгілген қан мен теріміз.
Туыстық бізде еріміз
Білгіңіз келсе қазақты
Тегіне тиін көріңіз.
Сөзі: Қ.Мырзалиевтікі
Әні: Ә.Телғозиевтың «Қазақ осы» әнін тамашалаңыздар.
ІІ-жүргізуші: Қадыр ақын асыл анасына өз өлең – жырларымен өшпес ескерткіш орнатқан. Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген - Мағыраш апа екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана.
І-жүргізуші: Ақын анасынан жырақта жүргеніне қайта – қайта толғанып, анаға деген ыстық. ықыласы мен махаббатын өлең жолдарымен жеткізеді. (Әнге байланысты бейнефильм көрсетіп тұрады)
Сөзі: Қ. Мырзалиев
Әні: Н.Тілендиев «Әже туралы ән» Әсем
І-жүргізуші:
Айналайын Қадырым!
Елге қымбат қадірің.
Сенен басқа ақын жоқ.
Елдің ойлар тағдырын!
Сізге арнап елін жырын арнайды
Әнге бөлеп жиендерің жырлайды.
ІІ-жүргізуші: Ақынның жиендері Сырым өңірінде тұрады. Соның бірі - Рахметов Қайрат Қанатқалиұлы. Бұл кісінің әкесі Рахметов Қанатқали ұзақ жылдар бойы мәдениет бөлімінде еңбек еткен өнерлі адам, ақының жездесі. Қадыр «Жездеке» әнін осы кісіге арнаған.
Сөзі: Қ. Мырзалиев
Әнің жазған: Сейдолла Бәйтереков. «Жездеке» -Наргиз (Артында сахналық қойылым қойылады)
І-жүргізуші:
Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы,
Кең даламның жұпар иісі аңқиды.
Қуат алам сырға толы әуеннен,
Жан дүниеге шуақ төккен әуелден.
Сөзі: Қ. Мырзалиев
Әнің жазған: Шәмші Қалдаяқов
Ән: «Цыган серенадасы» Мәди
І-жүргізуші:
Осы кеште жайқалып «Бұлбұл бағы»
Әсем әуен құлақта сыңғырлады.
«Ой орманын» тынымыз кешкен ақын
Жырдың кенін тереңнен бұрғылады
ІІ-жүргізуші:
Сүйемін мен қазақ әнін әдепті,
Бала күннен үйреткен жақсы әдетті.
Асыл қазына жатқан жоқ па әр әнде,
Киелі одан ешнәрсе жоқ әлемде
Сөзі: Қ. Мырзадиев
Әні: Теміржан Базарбаев
Ән: «Тамаша» Іңкәр
І-жүргізуші:
Ұнатамын халық әнін сарынды,
Биіктеткен ой-санамды, арымды.
Ізгілікті әндерінен Қадырдың.
Парасаттың шұғыласы тарады.
ІІ-жүргізуші:
Қадыр Мырза Әли – 200 ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп тараған. Өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазған
Сөзі: Қ.Мырзалиевтікі
Әні: К.Қуатбаевтікі
Ән: «Жалқаубек» орындайтын Назгүл
І-жүргізуші:
«Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың... Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.
ІІ-жүргізуші:
Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз даңқ, татаусыз танымалдықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында».
Екеуі бірге:
Қадыр елі, Қадыр жері - Қадыр жырларын ешқашан ұмытпаймыз.
Ән: Өз елім. Әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев. Дуэт –Жәнібек, Бекзат
Екеуі бірге: Келесі кездескенше аман -сау болайық ағайын!
Достарыңызбен бөлісу: |