Ақтөбе облысының білім басқармасына қарасты «Жиренқопа орта мектебі» кмм-нің «Мектеп Парламенті»



бет1/6
Дата28.09.2024
өлшемі28,77 Kb.
#205287
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өзінөзі басқару 23-24 оқу жылы (1)


Ақтөбе облысының білім басқармасына қарасты «Жиренқопа орта мектебі» КММ-нің «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстарының талдауы

Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім алушылардың Өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Ақтөбе облысының білім басқармасына қарасты Жиренқопа орта мектебінде «Мектеп Парламенті» Өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс жасауда. «Мектеп Парламенті» құрамына «Жас Ұлан» ұйымы, «Жас Ұлан» ұйымының бастапқысы сатысы «Жас Қыран, ерікті «Адал Ұрпақ» клубы, барлық балалар қозғалысын қамтитын ұйымдар мен клубтар кіреді.


Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында құрылған «Мектеп Парламенті» ұйымының көшбасшылары 2023-2024 оқу жылында жұмыс жүргізу мақсатында қазан айының 27 күні сайланып, оқу жылы барысында мектеп ұстаздарымен бірлесе отырып жүйелі жұмыс жүргізді.
Парламент-оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.
Парламентте оқушылар мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады.
Парламент-бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны болғандықтан ұйым мүшелері мектебімізде өткізілген барлық іс-шаралардың көшбасшысы.
Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделетіндігі жөнінде ұйым көшбасшысы Асан Әділет барлық мүшелерге олардың міндеттерін түсіндірді.
Парламенттің жоғарғы органы-фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы әр ай сайын өткізілді.
Мектебімізде әр сыныпта, әр топтада барлық 8 фракцияға депутаттар сайланды.
Парламенттің жобалық қызметінің бағыттары: экологиялық, еріктілік, өлкетану, туристік, зияткерлік, экономикалық, спорттық, дебаттық, этномәдени, көркем-эстетикалық, музыкалық және басқа да шығармашылық жобалар болғандықтан барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілді.
Фракция мүшелерінің тікелей ықпалымен мектебімізде түрлі іс-шаралар, жарыстар, акциялар, флешмобтар, экскурсиялар, турнирлер және т. б. игі істер атқарылды.
Парламент мүшелері басқарма тарапынан ұсынылған жолдамалар арқылы «Балдәурен» РОСО сауықтыру және басқа да лагерьлерге барып демалуда.
Мектебіміздің «Мектеп Парламенті» мүшелері және фракция көшбасшылары туралы толық ақпарат және ұйым мүшелері ұйымдастырып отырған түрлі іс-шаралардың фото топтамасы мектебіміздің әлеуметтік парақшасында орналастырылды.
«Мектеп Парламенті» ұйымында Президент және 8 фракция жұмыс жасайды. Әр фракцияны 8 көшбасшы басқарады, әр сыныптан фракцияларға
депутаттар сайланған. Әр фракцияға тьюторлар (мұғалімдер) жетекшілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет