Қосымша 1
Аудандық «Үздік сабақ» байқауын
ұйымдастыру және өткізу
Ережесі
Жалпы ережелер
1.1. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті байқауды ұйымдастырады.
1.2. Ұйымдастырушылар:
Байқаудың ұйымдастыру және сараптау комиссияларын тағайындайды;
Байқауға ұсынылған құжаттармен, сараптамалық парақтар мен бағалау жұмыстарын жүргізу бойынша алдын-ала түсінік жұмыстарын жүргізеді;
Байқаудың қорытындыларын рәсімдейді;
Байқаудың қорытындыларын қатысушыларға, жалпы педагогикалық көпшілікке жариялайды.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаты – жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің шығармашылық белсенділіктерін арттыру, мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі мен әдістемелік шеберліктерін қалыптастыру, білім беру мазмұнын жаңартуда білім сапасын арттыру және білім беру процесінде ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету, жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін анықтау және насихаттау.
2.2. Байқаудың негізгі міндеттері:
заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату;
білім берудің заманауи жаңа технологияларын оқу процесіне енгізу;
мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру;
шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерге қолдау көрсету;
Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.
Байқаудың өткізу кезеңдері
3.1. Байқау екі кезеңде өтеді:
1) бірінші – аудандық кезеңі - 2016 жылдың 01-8 ақпан аралығында;
2) екінші – облыстық кезеңі - 2016 жылдың 10-12 ақпан аралығында.
3.2. Байқаудың бірінші кезеңіне облыстағы жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері қатыса алады.
3.3. Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық кезеңдегі іріктеуден өткен үздік ашық сабақ иелері ғана жіберіледі.
3.4. Сұраныстар мен байқау жұмыстары (сұраныс, үздік ашық сабақ үлгісі ) қағаз және электронды түрде (CD, DVD) 2016 жылдың 7 ақпанына дейін аудандық білім бөлімінің «Инновация» бөліміне жіберілуі тиіс:
1) байқауға қатысушы туралы жалпы мәлімет, байланыс телефондары, электронды мекен-жайы көрсетілген түйіндеме.
Байқаудың өткізілуі
4.1. І кезеңде (аудандық) байқау жұмыстары төмендегідей бағаланады:
Бағалау критерийлері:
сабақтың мақсатының нақтылығы, түсініктілігі, шынайлығы;
интерактивті құралдар мен жаңа технологиялардың оқыту түрлерін тиімді пайдалану;
сабақтың практикалық бағыты;
оқыту материалының жүйелілігі мен бірізділігі;
бағдарламаның міндеттеріне сәйкес оқыту материалының ашылу әдіс-тәсілдері;
ресурстарды пайдаланудағы саны мен сапасы;
ACTIVSTUDIO құралдар жиынтығын дұрыс қолдануы;
тақырыптың толық ашылуы, әдістемелік әдістердің ерекшелігі, ғылымилығы;
сабақ барысында мұғалімнің ақпарат көздерінің түрлі нысандарын пайдалануды ұйымдастыру қабілеті;
мұғалімнің шығармашылдығы;
білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі;сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті.
бағдарлама мазмұнының мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы;
рәсімделуі, безендірілуі;
мазмұны.
4.2. II кезеңде (қорытынды) төмендегі критерийлер ескеріледі:
үздік сабақты қорғау шеберлігі (нақтылығы, дәлелділігі, сауаттылығы);
үздік сабақтың мазмұнын көрсетудің бірегейлігі;
үздік сабақты таныстырудың талапқа сәйкестігі (техникалық және ұйымдастырушылық дайындық).
Әр үздік сабақты қорғауға 10 минут уақыт беріледі.
5.1. Байқауға ұсынылатын материалдар:
жұмыс мәтіні компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
- титул парағы;
- мазмұны (14 шрифт, Times New Roman).
титул парағында мыналар көрсетіледі:
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
- мұғалімнің тегі, аты-жөні;
- сабақтың атауы.
интерактивтік тақтада қолданатын сабақ жоспары қағаз және электрондық түрде;
сабақ флипчарты;
электрондық көрме (сабақтың қысқаша сипаттамасы, слайдтар)
5.2. Байқау жұмысы және барлық қолданылатын мультимедиялық нысандар қалтаға (папкаға) салынып, компакт дискіге жазылады.
Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі
6.1. Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен жоғарыда қойылған талаптарға сәйкес анықталады.
6.2. Байқау жеңімпаздары Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және алғыс хаттармен марапатталады.
Байқауға қатысуға сұраныс
|
Байқауға ұсынылатын материалдар туралы мәлімет
|
1.
|
Пән атауы (білім саласы)
|
|
2.
|
Сабақтардың тақырыбы
|
|
3.
|
Сыныбы
|
|
4.
|
Өткізу тілі
|
|
|
Қатысушы туралы мәлімет
|
5.
|
Тегі
|
|
6.
|
Аты
|
|
7.
|
Әкесінің аты
|
|
8.
|
Білімі
|
|
9.
|
Ғылыми атағы, дәрежесі
|
|
10.
|
Біліктілік санаты
|
|
11.
|
Педагогикалық өтілі
|
|
12.
|
Жұмыс орны
|
|
13.
|
Лауазымы
|
|
14.
|
Мекен-жайы
|
|
15.
|
Байланыс телефоны
|
|
16.
|
Электрондық поштасы
|
|
Сұраныс мектеп басшысының қолы мен мөрімен расталуы тиіс.
Мектеп директорларына
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетігің 26.01.2016 жылғы №01-03/62 хатының негізінде аудандық «Үздік сабақ» байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Осыған орай, аталған байқауға қатысатын жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің сұранысын және жұмыстарды қағаз және электронды нұсқасын (мектеп директорының қолтаңбасы қойылған) 2016 жылдың 7-ақпанына дейін жіберулеріңізді сұранады.
Қосымша: «Үздік сабақ» байқауының ережесі қосымша-1 тіркеледі және аудан мектептерінің электронды поштасына жіберіледі.
Басшы Л.Ш.Утеулиева
Достарыңызбен бөлісу: |