Күні:
|
Аты-жөні:
| |
Аудитория: ата-аналар
|
Мақсат: Мұғалімнің мәртебесін көтеру
|
Күтілетін нәтиже: Ата-аналар мұғалімдерді құрметтеуінің артуы
|
|
Коучтің іс-әрекеті
|
Қатысушының іс-әрекеті
|
Ресурс
|
Ұйымдастыру кезеңі
10 мин
Ынтымақтастық
атмосферасын
құрып, қолайлы
психологиялық
хал-ахуал орнату
Топқа бөлу
2 мин
|
Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Сіздермен жақынырақ танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты жаттығу өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және нені сүйетінімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын.
Жұлдыз, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу
Топ мүшелеріне мінездеме
Жұлдыз. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
|
Амандасады
Ата-аналар кезектесіп жіпті бір – біріне береді. Бір-біріне жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Соңғы адам жіпті кері қайтарып алдыңғы адамның аты мен оның нені сүйетінін айта отырып, кері қайтарып береді
Ата-аналар 3 топқа бөленеді
|
Тоқыма жіп
Жұлдыз, Күн, Ай суреттері
|
Кіріспе сөз
7 мин
|
Б. Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деп, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу, оларды терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау, осындай ауыр жүкті алып жүру тек білікті ұстаздарымыздың ғана қолынан келетінін» айтып кеткен болатын.
Ұстазға құрмет – білімге құрмет. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Шәкәрім - Абайды, Жамбыл -Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі зор екенін түсініп, оларды пір тұтқан. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.
«Педагог мәртебесі туралы» заңды Мәжіліс депутаттары да қызу талқылап өз тарапынан бірқатар ұсыныс айтып, түзетулер енгізді.
Олар: – 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беру ұйымдары педагогтері үшін апталық нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету жөніндегі норма;
– өзінің лауазымдық міндетін орындау кезінде педагогке былапыт сөйлеген, мазақ қылған, бейәдеп іс-әрекеттер жасаған және де бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы басқа да осындай әрекеттерге барған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мысалы, педагогтерге этикаға жат қылық көрсеткен жеке тұлғаға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Егер ол адам осы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған болса, оған 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады. Осы құқық бұзушылықты он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар жасаса, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Осы әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, бұл айыппұл 10 АЕК-ке өседі;
|
Тыңдайды
|
|
Бейнеролик
5 мин
|
Ұстаз
|
|
https://www.youtube.com/watch?v=owcsyIK7NME
|
Ой қозғау
10 мин
|
Әр топ бейнеролик бойынша ойын айту
|
Талқылау
|
|
Ситуациялық сұрақтар
10 мин
|
Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
Өзімізді әр пәннен беретін мұғалімбіз деп есептейік.
1.Сіздер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңізде артқы партада отырған балалар сіздермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан-жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тисіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңіздер?
2. Сіздер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыздар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыздар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорады шақырып қойғансыздар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. Ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қандай шаралар қолданасыздар?
3.Енді ұстаздар сіздер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыздар делік. Диктантты оқып беріп, енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңіздер?
Сіздер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңыздар. Сонымен мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңіздер ме?
|
Топтық жұмыс арқылы ситуациядан шығу жолдарын айтады
|
Ситуациялық сұрақтар жазылған қағаздар
|
Топтық жұмыс 10 мин
|
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз – мектептің жүрегі
Ұстаз шәкіртімен әйгілі
Сіздерге тақырыптар таратылды әр топ берілген тақырып бойынша шағын эссе жазуларыңыз қажет
|
Эссе жазылы, оқылады
|
|
Бағалау
3 мин
|
Топтардың жұмыстарын бағалау
|
Топтар бір-бірін бағалайды
|
|
Рефлексия
3 мин
|
«Алма ағашы»
|
Коучингтен алған әсерлерін «Алма ағашына» жапырақ, гүл, алмаға жазып жабыстыру арқылы кері байланыс жасайды
|
Алма ағашы, қима жапырақ, гүл, алма суреттері
|
Достарыңызбен бөлісу: |