Ауыл шаруашылығы халық шаруашылының ең ежелгi және табиғат жағдайларына тiкелей тәуеллi саласы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы неғұрлым кең тараған сала



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#88073
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
САНСЫЗБАЙ САЛАМАТ




КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы — халық шаруашылының ең ежелгi және табиғат жағдайларына тiкелей тәуеллi саласы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы — неғұрлым кең тараған сала. Шындығында, дүние жүзiнде ауыл шаруашылғынң түрлi салаларымен айналыспайтын бiрде-бiр ел жоқ. Ауыл шаруашылғының барлық жерге таралуы оның алуан әр түрлiлiгiне байланысты.Ғалымдар, шамамен, оның 50-ге жуық түрiн көрсетедi. 2001 жылғы мәлiмет бойьшша дүние жүзiнде бұл салада, шамамен, 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етедi, олар ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткiшi 2,6 млрд адамға жетедi. Еңбекке жарамды әр адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесiне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жiктеледi.


Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiндер саны ‚тікелей айырма жасайды. Мысалы, 2000 жылдың басында Батыс Еуропа елдерiнде бұл көрсеткіш — 8% АҚШ-та — 3%, Канадада 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары.
Ауыл шаруашылық географиясы климаттық әлеуметтiк және өндiрiстiк факторлары әсерiнен ұзақ тарихи уақыт аралығында калыптасъш, дамып отырады.Соңғы уакытка дейiн ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тiкелей тәуелдi болып келдi. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсiмдiктердiң өсуiне мүмкiндiк туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиытығы; жылдық жауын-шашынның мөлшерi мен түсу мерзiмi топырактың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында қарашiрiгi мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулы топырақ және тұнба жыныстардан түзiлген өзен аңғарлары бойындағы топырактар жатады.Казiргi кезде құрылымы мен техникалық озық жетiстiктерi ауыл шаруашылығында кеңiнен қолданылып отырған елдерде климаттық жағдайда тәуелдiлiк әлдекайда темендейдi. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзiн толық қамтамасыз етiп, тiптi оның экспортқа шығара бастады.
Аграрлы қатынастар. Дүние жүзiнiң кез келген елiнің ауыл шаруашылығы өзара бiр-бiрiмен тығыз байланысты екi саладан — өсiмдiк және мал шаруашылығынан құралады.Олардың арасалмағы әр елдiң әлеуметтiк экономикалық жагдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштерiне және табиғат жағдайларының ерекшелiгiне сәйкес өзгерiп отырады.Экономикалық деңгейi жоғары елдерде ғылым жетiстiктерi мен агротехникалык шаралар кеңiлен колданылуының нәтижесiнде мал шаруашылығы өнімдерiнiң үлесi жоғары.Мұндай жағдай кейбiр жекелеген дамуыншы елдерде де байқалуда,бiрак оның басты себебi климаттың қолайсыз әсерiнен өсiмдiк шаруашылығының өркен жаюына мүмкiндiктiң болмауы.Бұл көрiнiс Таяу Шығыстың кейбiр елдерiне тән.өсiмдiк және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнiмдерiн өңдейтiн өнеркәсiп салаларымен де байланысты.Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптiк кешен аркылы жүзеге асады. Мұндай кешелер құрылымы мен қуатына алуан түрлi болып келедi және дамыган елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белес алып келедi.
Бүгiнгi таңда жерге иелiк етудiң бiрнеше түрi қатар кездеседi. Олар, мемлекеттiк меншiк және. Ауыл шаруашылығы – Қазақстанның экономикасындағы негізгі сала. Ішкі жалпы өнімнің 4,4%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі болғанымен, дәл осы ауыл шаруа­шылығында еліміздің еңбекке қабілетті тұрғындарының 14%-ы жұмыс істейді, ауылдық елді мекендерде 7,7 миллион (ел тұрғындарының 42%) халық тұрады.
Еліміздің ауыл шаруашылығында жеміс-жидек және жүзім өсімдіктерінің маңызы зор.Жеміс пен жидек және жүзімде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта қант 13—14% дейін, жүзімде 20% дейін болады. Жемісте белок, май өте көп және ол өзінің калориясы жағынан еттен кем түспейді. Витамикдер әсіресе қарақатта, бүлдіргенде, алмада мол болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылықтық маңызы да өте үлкен.Жүзім, бүлдірген, алма, қарақат бағалы және пайдалы азық қана емес, сонымен қатар бұлардың емдік қасиеттері де зор.Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат. Тосаптың, джемнің, мармеладтың, пастиланың, конфеттің, компоттың, шырынның және басқа тағамдардың түрлі сорттары жидектен, жемістен және жүзімнен алынады.
Қазіргі уақытта жеке меншік бау-бақшада жеміс пен жидек және жүзім өсірумен Қазаңстанның барлық аудандарында, соның ішінде шөл және шөлейт жерлерде де шұғылдануға болатындығы анықталып отыр. Қазақстанның орталық, және солтүстік облыстарының қолайсыз климат жағдайына қарамастан, мұнда алма, алмұрт, жүзім және жидек дақылдарын өсіруге толық мүмкіншілік бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдейді.Жеке меншік бау-бақшада жеміс пен жидек және жүзім өсіруде, күтіп-баптауда, өнімін алып, өңдеуде әлі де болса да көптеген біле бермейтін жайттар баршылық. Соның нәтижесінде республикамыздың, әсіресе солтүстік аудандарында жеміс-жидек шаруашылығы нашар дамуда.
Қазақстанның оңтүстігіндегі бірсыпыра колхоздар мен совхоздарда жүзім шаруашылығы маңызды да табысты салаға айналды. Келешекте Шымкент облысының жеміс-жидек бағының көлемін 100 мың гектарға жеткізу мүмкіндігі бар. Соңғы жылдары жүзімдік көлемі едәуір ұлғайғанына қарамастан, халықтың жүзімге деген қажеті әлі де толық қанағаттандырылмай келеді. Әсіресе оның ерте және кеш пісетін асханалық сорттары аз өсірілуде.
Жүзімнің қазіргі техникалық кейбір сорттары шарап өнеркәсібінің талаптарына, ал қолданылып жүрген агротехника жергілікті табиғат жағдайларына сай емес.
Өткен жылдары сорт таңдау, жүзім көшеперін салу, оны өсіру ісінде орын алған кемшіліктерді жою үшін ғылым мен озат тәжірибенің жетістіктерін дұрыс пайдалана білу керек.

2.Негізгі бөлім




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет