Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсу жағдайлары және оларды реттеу



Дата11.09.2020
өлшемі22,98 Kb.
#77767
Байланысты:
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсу жағдайлары және


Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсу жағдайлары және

оларды реттеу
Егіншілік – біріншіден халыққа тағам, малға азық, өнеркәсіпке шикізат ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласы; екіншіден, ауыл шаруашылығының өнімдерін өсіру, күту, өнімін арттыру, жерді тиімді пайдалану және оның құнарлылығын арттыруды зеттейтін ғылым саласы. Ғылым мен озық – тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып егіншілікьің мынадай заңдылықтарын атап айтуға болады.

  1. Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы. Топырақ құнарлылығының қалыптасуы және оның біртіңдеп арта беретіні, ондағы жәндіктер тіршілігі барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды жетекшілігінен топырақтың құралуы осы заңға жүгінеді.

  2. қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңынын талабы бойынша – ысырап болу, егімен бірге кету немесе басқа себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе – теңдігі бұзылған жағдайда, тиістьті тыңайтқыштар енгізу жолымен, яғни агротехникалық әдістермен сол тепе- теңдікті қалпына келтіру керек. Соның өзінде топырақ – жанды іспекті екенін және ондағы микробиологиялық жұмыстар дұрыс реттелсе өсімдіктердің сан алуан қиын болып келген заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескерген жөн. Заттарды қайтару заңының бұзылуы топырақтың құнарлылығының жойылып кетуіне соқтырады.

  3. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егінжайдағы өсімдіктердің өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтағы сіңімді азот 1 га 10 ц мөлшерінде астық алуға ғана жететін болса, ал фосфордың калийдің және басқа қоректік заттардың қоры 30ц, одан да көп түсім алуға жетеін болса, бәрібір өнім 10ц маңайында ғана алынады., өйткені, өнімнің мөлшерін ондағы минимум элемент айқындайды. Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болып, бірақ су тапшы болса, онда алынатын өнімнің мөлшерін ылғал белгілейді. Фактордың – ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың, жарықтың шамадан тыс көп болуы да жетіспей кем болуына өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді.

Өсімдіктің тіршілігіне минималды – қолайсыз және оптималды – ең

қолайлы жағдайларымен қатар максималды жағдай да болады. Мұндайда

көбінесе өсімдіктерге жайсыз жағдай болғаны. Егер барлық тіршілік

факторлары қолайлы мезгілде, әрі тиісті мөлшерде бар болса, онда

өсімдіктің өнімі мол болады.


  1. Өсімдіктердің өз ортасына сәйкес келуі және дақылдарды уақыт пен кеңістік бойынша дұрыс ауыстыру, дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы.

Тек жекелеген организм ғана өзінің өсіп – өнетін орнымен тығыз байланысты болып қоймайтын, сондай – ақ тұтас алғанда бүкіл өсімдік жасыл жебесі өзін қоршаған ортамен тығыз бірлікте өзара әрекеттес болады.

Өсімдік қаумын құрайтын өсімдіктердің түр – түрі тек оқшау топ құрып немесе одан бетер жеке- жеке көршілес ылғал, жарық және тіршілікке қажетті басқа факторлар үшін күресуде өзара олардың бір – бірімен тығыз қатынасы да болады. Екіншіден, өсімдіктерді қолдан іріктеуде осы фитоценозға жататын өсімдік түрлерінің өздері мекендеген ортадағы жағдайлардың бүкіл кешеніне бейімдеуін көздейді. Бір түрге жатаын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларды бірдей мезгілде қажетсінетін өсімдік түрлері арасында бәсекелестік күшті болады. Ал қоректік заттар мен ылғалды топырақтың қабаттарынан алатын және күн сәулесін әр мөлшерде қажет ететін, басқа қоректерін де әртүрлі мерзімде пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік байқалмайды.Сондықтан өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әртүрлі қабаттарында өсімдіктер кездесетіні жайдан – жай емес. Өсімдіктің бір түрінің тамыры негізінен үстіңгі қабатты жайласа, басқаларыныңы тамырлары одан едәуір тереңге бойлайды да, тайыздағы тамырларға кедергі келтірмейді.



  1. Өсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары өз алдына оқшау емес, қайта бір – бірімен өзара тығыз байланыста әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды, себебі бұл факторлар кешенінің ықпалында болады.

Егіншілік саласында ғылымның маңызды міндеттері: еліміздің барлық аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін арттырудың теориясы мен практикалық шапраларын одан әрі талдау қуаңшылықпен, эрозиямен және топырақ сортаңымен күрес жөніндегі зерттеулерді күшейту, ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды агроклиматтық тұрғыда негіздеу; интенсивті егіншілік жағдайында егіс алқаптары мен ауыспалы егістердің тиімді құрылымын белгілеу; мәдени дақылдардың мол өнімді, ауруларға және зиянды жәндіктерге төзімді сорттарын шығару болып табылады.

Ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты жоғары өнім алу үшін, оларды мезгілінде қажетті мөлшерде, барлық тіршілік факторларымен қамтамасыз етеді. Дақылдардың тіршілік жағдайларын білу, олардың өсуі мен өнуін басқару, негізгі және қолайлы жағдай жасау – егіншіліктің маңызды міндеті. Бұл факторларға жататындар – жарық, жылу, су, ауа және қоректік заттар.

Өсімдік тұқымының уақытында бөртуі мен бүрін жаруына, көктеуіне, өсімдіктің су мен қоректік заттарды сіңіруіне, органикалық заттардың пайда болуына, өсімдіктің түрлі мүшелерінің қалыптасуына және олардың әрбір өсу кезеңінен ойдағыдай өтуіне жылу өте қажет.

Өсімдік пен қоршаған айналадағы ортаның өзара қарым-қатынасын, әсіресе, өсімдіктің өніп, өсуінің мәні мен олардың тіршілік ету факторларын егіншілік пәні арқылы оқып, білуге болады. Өсімдіктердің бірқалыпты өсіп, тіршілік етуі үшін қажетті факторлардың маңызы зор.


Жарыққа қойылатын талаптар. Күн сәулесінің өсімдікке түсу дәрежесі аса маңызды рөл атқарады. Хлорофилдің қатысуымен өсімдік күн энергиясын бойына сіңіріп, оны химиялық қосылыстар энергиясына айналдырады. Сонымен қатар күн сәулесін сіңіріп, бос оттегін бөліп шығару арқасында жасыл өсімдіктер жер бетіндегі тіршіліктің қалыпты дамуына зор үлес қосады. Жарық күші көмір қышқыл газының ыдырауына, судың булануына жұмсалады. Пайда болған оттегі ауаға бөлінеді, ал сутегінің көмір қышқыл газының көміртегіне қосылуына (көмірсутектер) көмірсутегілер, ақуыздар, қышқылдар, витаминдер және басқа органикалық заттар пайда болады.

Жарық өсімдіктің өсу және даму кезеңдеріне әртүрлі әсер етеді.



Өсімдіктің түптену кезеңінде жарық жақсы түссе, алғашқы сабағындағы буын аралығы қысқа әрі берік болады. Әлсіз және күн жарығы кем, үнемі көлеңкеде өскен өсімдіктердің бірінші буын аралықтары тым ұзарып кетеді де, кейін өсе келе жатып қалады. Өсімдікке жарықтың толық түсуіне арнайы тәсілдер қолданылады. Дақыл тұқымын белгілі бір жиілікте себу, жүйектерді солтүстіктен оңтүстік беткейге қарай орналастыру арқылы өсімдіктерге түсетін жарық шамасы өзгереді. Бойы аласа және жапырақтары көлбей өсетін өсімдіктерді құрылымы тиімсіз өсімдіктер деп атайды, салат, қыша, үрме бұршақ солардың қатарына жатады. Жапырақтары тік, өзі биік болып өсетін күн сәулесін жақсы қабылдайтын өсімдіктер тобына жүгері, басқа дәнді дақылдар мен қант қызылшасы кіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет