ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәріс №1. Халықаралық жеке құқық түсінігі Дәрістің мақсаты: Халықаралық жеке құқық түсінігін ашу
Негізгі сұрақтар: Халықаралық жеке құқық түсінігі.
Халықаралық жеке құқық пәні.
Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқығының арақатынасы.
Дәріс мазмұны: Халықаралық жеке құқық құқық жүйесі ретінде саяси және экономикалық егемендігі бар, нарықтық экономика жолындағы мемлекеттерде оқытылады. Халықаралық жеке құқық – бұл жеке және заңды тұлғалардың жеке құқықтық қатынастарын реттейтін құқық жүйесі. Бұл ретте халықаралық жеке құқық шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық, еңбек, отбасылық, қаржылық-құқықтық т.б. қатынастарды реттейді.
Шетелдік элементі бар қатынастарды реттеудің екі әдісі бар: материалдық-құқықтық және коллизиялық әдіс.
Коллизиялық байламдар әр елде әртүрлі. Бұлар белгілі бір қиындықтарды туғызады. Атап айтар болсақ, белгілі бір жеке құқықтық қатынастар туындаған кезде түрлі мемлекеттердің заңнамалары бәсекелестікке түседі. Бұндай проблемаларды бірнеше жолдармен шешуге болады:
мемлекеттер арасында екіжақты немесе көпжақты шарттар жасасу;
қандай да бір қатынастарды реттейтін материалдық құқық нормаларын унификациялау.
Халықаралық жеке құқықтың оқу курсы екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше бөлім. Жалпы бөлімде халықаралық жеке құқық үшін жалпы мәнге ие болатын мәселелер қаралады (қайнар көздері, түсінігі, пәні, жүйесі, әдістері, қағидалары, коллизиялық нормалар туралы ілім).
Ерекше бөлім әдетте келесі бөлімдерден тұрады: