Дәріс №4. Халықаралық жеке құқықтың субъектілері Дәрістің мақсаты: Халықаралық жеке құқықтағы субъектілердің құқықтары мен міндеттерін талқылау.
Негізгі сұрақтар: Халықаралық жеке құқық субъектілері ұғымы.
Халықарлық жеке құқық субъектілерінің түрлері жылғы .
Дәріс мазмұны: Халықаралық жеке құқық субъектілері ретінде осы халықаралық жеке құқықтық қатынастарға түсуші тұлғаларды танимыз. Ондай тұлғаларға ең алдымен жеке және заңды тұлғаларды жатқызамыз. Олар қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар болады. Бұл ретте аталған тұлғалар халықаралық жеке құқықтың субъектілері болу үшін олардың арасында туындаған құқықтық қатынастар шетелдік элементпен күрделенуі тиіс.
Сондай-ақ халықаралық жеке құқық субъектілеріне мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністі де жатқызуға болады. Осы тұрғыда олар қалайша халықаралық жеке құқық субъектілері болады деген сұрақ туындайды. Мысалы, мемлекет шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың қатысушысы болатын реттерде осы ұйымдар халықаралық жеке құқықтық қатынастарға түсетін жағдайларда мемлекет те белгілі бір дәрежеде осы қатынастардың да қатысушысы болады. Қазақстан Республикасының атынан республикалық мемлекеттік органдар, Президент, Үкімет т.б. әрекет етсе, әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан жергілікті атқарушы органдар, әкімиат т.б. әрекет етеді.