Дәріс №12. Халықаралық еңбек құқығы Дәрістің мақсаты: Негізгі сұрақтар: Еңбек қатынастары саласындағы коллизиялық байланыстар.
Халықаралық еңбек құқығы мен ҚР еңбек құқығы.
Шетелдік жұмыс күшін тартудағы мемлекет саясаты.
Дәріс мазмұны:Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік элементпен күрделенген еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің маңызы өте зор. еңбек құқығындағы коллизиялық мәселелерді шешу үшін дүниежүзілік тәжірибеде келесі байланымдар қолданылады:
құқықты таңдау еркіндігі (тараптардың еркіндігі);
қай заң бұл құқықтық қатынаспен неғұрлым жақын байланыста.
Еңбек мәселелерімен халықаралық деңгейде айналысатын арнайы ұйымдар бар. Оларды атап өтетін болсақ, 1919 жылы құрылған Халықаралық еңбек ұйымы. Ол БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемесі болып табылады. ҚР 1993 жылдан бастап аталған ұйымның қатысушысы болып табылады.
Осындай ұймдардың тағы бірі – Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйым. Ол 1951 жылы құрылды. ҚР 2002 жылдың 2-желтоқсанынан бастап осы ұйымның толық мүшесі болып табылады.