Халықаралық жеке қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер кешені дәріс №1. Халықаралық жеке құқық түсінігі


Дәріс №8. Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау



бет10/17
Дата09.04.2022
өлшемі38,63 Kb.
#138589
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ дәріс
Орта ғасырдағы шаруалардың дене тәрбиесі, халықаралық экономикалық құқық, Ерлан
Дәріс №8. Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау
Дәрістің мақсаты:
Негізгі сұрақтар:

  1. Халықаралық тасымалдау шарты түсінігі, түрлері, нысаны.

  2. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік.

  3. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау.

Дәріс мазмұны: Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты – жүктер мен жолаушыларды бір жерден екінші жерге жеткізу болып табылады. Халықаралық тасымалдау дегеніміз – мүлікті және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу.
Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері:

  • жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;

  • жүкті не жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халықаралық тасымалдау шарты арқылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;

  • халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа шетелдік валюта да қолданылады;

  • халықаралық тасымалдаудың қайнар көзі ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.

Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге не жүкті қабылдап алуға уәкілетті адамға оны беруге міндеттенеді.
Халықаралық тасымалдаудың бірнеше түрлері бар:

  1. теңіз тасымалдауы;

  2. әуе тасымалдауы;

  3. теміржол тасымалы;

  4. автокөлік тасымалы;

  5. аралас тасымалдау.

Тасымалдау шартында әртүрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау шартының субъектісі негізінен жеке және заңды тұлғалар танылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымал үшін белгілі бір ақшалай сыйақы төлеуге дайын тұлға танылады; екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлға қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет