Халықаралық жеке қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер кешені дәріс №1. Халықаралық жеке құқық түсінігі


Дәріс №11. Халықаралық жеке құқықтағы неке-отбасы қатынастары



бет13/17
Дата09.04.2022
өлшемі38,63 Kb.
#138589
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ дәріс
Орта ғасырдағы шаруалардың дене тәрбиесі, халықаралық экономикалық құқық, Ерлан
Дәріс №11. Халықаралық жеке құқықтағы неке-отбасы қатынастары
Дәрістің мақсаты:
Негізгі сұрақтар:

  1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық мәселелер. Некеге отыру.

  2. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар.

  3. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу.

Дәріс мазмұны: Неке-отбасы мәселесі коллизиялық мәселелердің ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Неке – бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын ерікті қатынас. Оның бір жағы шетелдік элементпен күрделенуі тиіс. Екі мемлекет азаматтары некеге отырған сәтте коллизиялық сұрақтарды шешіп алудың маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасында қазақстандық және шетелдік азаматтардың некесі, сонымен қатар шетелдіктердің некесі де қиыла береді. Бұл ретте «некеге отыру жері заңы» қағидасы орын алады, яғни некені бекіту қазақстандық заңнамаға бағынады. Мысалы, біздің заңнамада қарастырылмаған басқа мемлекеттегі шектеулер біздің елде некені тіркеуден бас тартуға негіз бола алмайды. Біздің азаматтар мен шетелдік азаматтардың некесін тіркеу кезінде бірқатар жағдайларда некеге отырушы шетелдіктердің де заңнамасы басшылыққа алынуы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда басқа мемлекетте бұл неке заңсыз деп танылуы мүмкін. Біздің заңнама ҚР аумағында консулдық некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде қиылған некелерді де таниды. Бұндай некенің жарамдылығына бірқатар талаптар қойылады:

  • екіжақты келімімнің болуы, яғни шет мемлекетте осындай некенің танылуы тиіс;

  • некеге тұрушы екі тұлға да сол елшілікті не консулдықты жіберуші мемлекеттің азаматы болуы тиіс.

ҚР азаматтарының шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы. Мұндай некелер сол мемлекет заңының талаптарына сай болуы тиіс. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес, егер неке ҚР аумағынан тыс, сол мемлекеттің заңнамасы бекіткен нысанда тіркелген болса және ол ҚР некені тіркеуге байланысты заң талаптарына қайшы болмайтын болса, ол неке заңды деп танылады.
ҚР шегінен тыс тұратын ҚР азаматтарының арасындағы некені тіркеу тиісті мемлекеттегі ҚР елшіліктерінде жүзеге асады. Некені тіркеу азаматтық хал жағдайының бірден-бір актісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет