Демікпемен[1] ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді.
Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Демікпеге тән нәрсе жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді. Ауру ұзаққа созылса, ол [[өкпе эмфиземасы|өкпе эмфиземасына]] ұласады.
Демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін.[2]
Демікпе алдында — тыныстың демікпесі болып өткен организмдегі хал-жай, күшті жөтел ұстайды: көбінесе тыныс жолдарының қабынып, қызарып ауруы түрінде немесе ұзаққа созылған өкпенің қабынуы түрінде, мұрынның аллергиялық ауруы немесе мұрын ауруының қалыптан тыс ауытқуы түрінде дамиды.[3]
Емдеу жолдарыӨңдеу
Егер демікпе үйде өршитін болса, онда науқас сыртқа, ауасы таза жерге шығуы керек; өзіңіз сабырлы болыңыз, науқасқа майда сөйлеп, жігер беріңіз.
Сұйықты барынша көп беріңіз. Ол шырышты сілекейді босатып, тынысты кеңейтеді. Бу ингаляциясын жасаудың да көмегі бар.
Ұстама жеңіл болса, эфедрин, теофиллин немесе сольбутамол беріңіз.
Ауыр жағдайларда эфедрин немесе теофиллинді қосып, сольбутамол беріңіз.
Науқастың жағдайы тым ауыр болса,жедел жәрдем шақырыңыз
Температура көтерілген жағдайда немесе ұстама 3 күннен астамға созылса, тетрациклин немесе эритромицин капсулдарын беріңіз.
Демікпенің аскаридадан болуы өте сирек жағдайда ғана. Егер сізде жас балада аска-рида болуы мүмкін-ау деген күдік болса, онда оған пилеразин беріп көріңіз.
Егер сонда да науқастың беті бері қарамаса, онда дәрігерге барыңыз.
Алдын алуӨңдеу
Демікпемен ауыратындар өзінде тұншығу ұстамасын туғызатын заттардан аулақ болуға тиіс. Демікпемен ауыратын адамдардың үйі мен жұмыс орны таза болуы керек. құсты немесе басқа да аңдарды үйде үстауға болмайды. Желдетіп алу үшін науқастың керуетін терезе алдына қою керек Кейде ашық ауада ұйықтау да жақсы. Сілекейді босату үшін күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз. Демікпемен ауыратын адамға ауасы таза жерге қоныс аударғаны жөн. Егер сіз демікпе болсаңыз, темекі шекпеңіз. Темекі шегу сіздің өкпеңізді одан сайын бұзады. Аллергия тудыратын заттардан аулақ болуымыз керек.Егер де шаңды жерде жұмыс істесеңіз респиратор қолдану
Стенакордия (грек. stenos – жіңішке, тар және kardіa – жүрек) – жүректің ишемиялық ауруларының неғұрлым кең тараған түрі, жүректің демікпелі ұстама ауруы. Стенакордия жүрек бұлшық еттерінің қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінен, атеросклероз кезінде жүректің коронарлы артериясының тарылуынан не қан тамырлардың түйілуінен болады. Ауру кенеттен басталып, бірнеше минуттан бастап жарты сағатқа дейін созылады, кеуде қатты қысады; ең алдымен сол жақ қол, жауырын тұсы мен көк желке ауырады. Оң қол, кейде екі қол да ауруы мүмкін. Ауру ұстағанда адам бозарып, маңдайынан суық тер шығып, ол қорқыныш сезімімен қатар жүреді. Егер жүректің ұстамасы тек қана жүрекке салмақ түскенде, яғни жүректің бұлшық еттері қоректік затты көп қажет еткенде, жылдам жүрген кезде немесе тауға көтерілгенде, сондай-ақ жылы жерден суыққа, желге шыққанда пайда болса, онда оны зорығу стенакордиясы деп атайды. Мұндай жағдайда жүректің ауырғанын басу үшін тыныштық керек (мысалы, науқас тоқтап дем алуы қажет). Жүректің ұстамасы кейде адам қатты толқығанда, темекіні көп тартып, ішімдікке үйір болғанда, тамақты қалыптан көп жесе байқалады. Көбіне жүрек ауруы ұйықтап жатқанда басталады да, адам сырқаты жанына батқандықтан оянып кетеді, мұны тыныштық Стенакордиясы деп атайды. Бұл жағдай организмге немесе жүйкеге күш түсумен байланысты емес. Жүректің, кеуде клеткасының сол жағының ауруы тек қана стенакордиямен емес, сондай-ақ невроз, остеохондроз, т.б. аурулармен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүрек сыздап, шаншып ауырады. Аурудың белгісі білінісімен 1 – 2 мин. ішінде нитроглицерин қабылдау керек. Егер жүректің ұстамасы дәрі қабылдағаннан кейін басылмай, жарты сағаттан артық уақытқа созылса, бұл миокард инфарктысының дамуына әкеледі. Емі: нитроглицеринді не валидолды тілдің астына салып сору; кей жағдайда жүрек тұсына қыша қағазын қойса, ауырсыну бәсеңдейді; аурудың асқынған түрінде хирург. операция жасалынады.[1]
Анафилактикалық шок (АШ) — ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталатын, жіті дамитын, өміргe қауіпті патологиялық үрдіс.
Қауіп-қатер факторлары: анамнезінде дәрілік аллергиясы бар, дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану, әcipece қайталау курсы кезінде, депо препараттарды пайдалану, полипрагмазия, дәрілік заттар белсенділігінің жоғары сенсибилизациясы, дәрілермен ұзақ уақыт дерматомикоздың болуы (эпидермофитии), пенициллинге сенсибилизациясы бар.
Анафилактикалық шоктын клиникалық ағымы бойынша жіктелуі:
1. Қасқағымдағы ағымы — жіті басталатын, тез үдейтін АҚҚ төмендеуі, естен тану, тыныс жетіспеушілігінің үдеуімен жүреді. Қасқағымды шок ағымының ерекшелігі- шокқа қарсы қарқынды терапияга тұрақты болуы және терең коматозды жағдайға дейін тез өршуі. Өміргe маңызды мүшелердің зақымдалуына байланысты алғашқы минутта немесе сағатта өлімге әкеледі.
АШ қасқағымды тәрізді ағымының варианттары басты клиникалық синдромдарға байланысты: жіті тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ) және жіті қан тамыр жетіспсушілігі (ЖҚЖ).
АШ басты синдромы ЖТЖ әлсіздік кенеттен пайда болады және үдейді, кеудені қысқан тәрізді ауа жетіспеу ceзімі, мазалайтын жөтел, экспираторлы ентігу, бастын ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру ceзімі, қорқыныш сезімі болады. Tepінің кенеттен бозаруы мен цианозы, аузында көпіршіктep, тыныс шығару кезінде құрғақ сырылдар және қиындаған ысқырықты тыныспен байқалады, Бетте және дененің басқа бөліктерінде ангионсвротикалық iісінулep дамуы мүмкін. ЖТЖ үдеу анықталады және жіті бүйрек үсті безі жетіспеушілігінде өлімге әкелуі мүмкін.
ЖТЖ мен дамитын АШ кенеттен басталған әлсіздік, құлақта шу; арпа термен сипатталады. Tepi тyci бозғылт акроцианоз айқын, АҚҚ төмендеген, пульс жіп тәрізді, жүрек тондары кенеттен әлсіреген. Біpнeшe минуттан кейін есінсн тану, тырысулар болады. Жүрек -қан тамыр жепспеушілігінен өлімге ұшырауы мүмкін.
2. Рецидивті ағымы — клиникалық жағдайы жақсарған соң сағат немесе тәуліктен кейін қайта шоктың пайда болуымен сипатталады. Кейде қайта дамыған шок алдыңғысына қарағанда ауыр өтеді және емге тұрақты болады.
3. Абортивті ағымы- шоктың асфиксиялық варианты, науқастарда клиникалық симптомдар тез жойылады, көбінесе дәрілік препараттарды қабылдауды қажет етпейді.
АШ ағымының 5 варианттары; типті, гемодинамикалық, асфиксиялық, церебралды және абдоминалды.
Диагностика критериилері.
Шоктың жедел қатерлі ағымында шағымдары болмайды. Кенеттен есін жоғалтуымен басталып, журектің тоқтауы және клиникалық өлім болады.
Tиптi шок симптомдары:
• тері жабындысының тyci өзгереді (тері қызаралы немесе бозғылдық, цианоз);
• әр түрлі экзантемалар;
• қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі;
• суық тер;
• түшкіру, жөтел, қышу сезімі;
• жас ағу;
• күсу;
• аяқ-қолдың клоникалық тырысулары (кейде тырысулық құлау);
• қозғалыс бұзылыстары;
• «өлімнен қорқу»;
• epіксіз зәр, нәжіс, газ бөлінуі.
Жедел жәрдем:
— ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату;
— тыныс жолдарынын өткізгіштгін қалпына келтіру, таза ауаның келуін қамтамасыз ету.
— науқасты: аяғын көтерген күйде Тренделенбург қалпына келтіру, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін басын бүйірне қарату, асфиксия, құсық массаларымен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту;
— оттегімен емдеу; аллерген парентеральді енген жағдайда 0,1% адреналин ертндісімен 0,1 мл/жасына сәйкес мөлшерде 5,0 мл натрий хлориді изотониялық етіндісіне араластырып аллерген енген жерді; айналдыра eгiп шығады;
-аллерген енген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспаитын eтin, 30 минутка жгут салу ( әр 10 минут сайын жгутты бip-eкi минутқа босатып отыру қажет) ;
-көктамырды тауып 0,1% адреналин ерітіндісін 0.1 мл/жасына (0,01 — 0,02 мг/кг) сәйкес мөлшерде бipaқ, 1,0 мл -ден аспау керек;
-глюкокортиоидты гормондар енгізу преднизолон 5-10 мг/кг , әсері болмаса қайталау;
-антигистаминді дәрілер енгізу: 2% супрастин 0,1- 0,15 мл/жасына немесе 1 % димедрол ертінідісін 0,05 мл/кг көктамырға немесе бұлшық етке, бipaқ біp жасқа дейінгі балаларға 0,5 мл-ден, бip жастан асқан балаларға 1,0 мл, 1% дифенгидрамин epтіндіci 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген урдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті әсері!
— инфузионды терапия 0,9 % натрий
Кома
Кетоацидоздық кома –өмірге қауіпті,
Кома. Сана сезім жағдайының түрлер
Кетоацидоздық кома
Гипогликемиялық кома
Балаларға жедел және шұғыл көмек көрсету
Кома жағдайлардың ажырату диагностикасы
Диабетические комы
Достарыңызбен бөлісу: |