Қаулы етеді



бет1/5
Дата26.08.2020
өлшемі22,82 Kb.
#76923
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтік қызметтер туралы
11 лекция СР техн, МК 10 лекция, МК анықтамалар, Мотивация 2 лекция

Әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 656 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      "Әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

Әлеуметтік қызметтер туралы

      Осы Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арналған әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі - тегін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінің үстіне ақылы негізде ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің көлемі;
      2) әлеуметтік бейімсіздену - жеке адамның мінез-құлқының және оның әлеуметтік ортамен өзара әрекет етуінің бұзылуы, нормалар мен құндылықтарды игеруге қабілетсіздігі;
      3) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өздігінен қанағаттандыру мүмкіндігінің қысқару және/немесе айрылу процесі;
      4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік стандарттар - халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп бекітілетін әлеуметтік қызметтерге қойылатын талаптарды, көрсету мерзімдері мен көлемін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
      5) әлеуметтік қызмет - жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) белгілі бір әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметі;
      6) әлеуметтік қызметкер - кәсіби, ортадан кейінгі немесе жоғары білімі бар, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қызметтердің қажеттілігін бағалауды, айқындауды жүзеге асыру немесе қызметтер көрсету жөніндегі ақысы төленетін лауазыммен заңнамада белгіленген тәртіппен айналысатын жеке тұлға;
      7) әлеуметтік орта - адамның (отбасының) өмір сүру, қалыптасу және қызмет ету жағдайларының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жиынтығы;
      8) жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер - әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік немесе мемлекеттік емес секторында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар;
      9) өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін шынайы бұзатын, ол оны өздігінен еңсере алмайтын ахуал.

      2-бап . Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер туралы
              заңнамасы
      Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

       3-бап . Осы Заңның қолданылу аясы
      Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

       4-бап . Әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік
              саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері
      1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаты:
      1) адамның құқықтарын сақтау;
      2) әлеуметтік қызметтер көрсетудің адамгершілік, еріктілік, құпиялылық, атаулылық және қол жетімділік;
      3) әлеуметтік теңдік және әлеуметтік әділеттілік;
      4) мемлекеттік органдардың әлеуметтік қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы;
      5) әлеуметтік кіріктіру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қағидаттарына негізделеді.
      2. Әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
      1) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, оны еңсеру үшін жағдай жасау;
      2) тегін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемімен қамтамасыз ету;
      3) арнаулы әлеуметтік қызметтердің ақылы көлемін көрсетуді ұйымдастыру;
      4) мониторинг және көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау жүйесін дамыту;
      5) әлеуметтік қызметтер жүйесінің дамуын қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      7) әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет