Қазақ ауылын кеңестендіру-дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау



бет1/2
Дата20.11.2023
өлшемі33,17 Kb.
#192151
  1   2
Байланысты:
Документ (4)


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
БАОӨЖ №10

Тақырыбы: Қазақ ауылын кеңестендіру-дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау


Пәні: Қазақстан тарихы
Топ: ТПП 23-1
Қабылдаған: Ахметбек Бақытжан
Орындаған: Асылбек Дильназ
2023 жыл
Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны
Қазақстанда индустрияландыру саясатының жүргізілуі

  1. Қорытынды



Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу.
Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны.

Күштеп ұжымдастырудың сталиндік нұсқасы. ХХ ғасырдың 20-30-жылдар


шебінде елдің әко-номикасы мен қоғамдық-саяси өмірінде «күш-теу» саясаты
негізгі тәсілге а іналды. КСРО-дағы кеңауқымды және жеделдете индустрия-
ландыру шаралары азық-түлік қорының, әсіре-се астықтың жетіспеуі
мәселесін туындатты. ЖЭС-тен кейін астықты негізгі өндірушілерге
айналған кулактар мен орташа шаруалар мемлекетке астықты төмендетілген
баға бойынша сатудан бас тартты. Сондай-ақ 1927 жылы КСРО-да астық
дайындау дағдарысы туындады. Мемлекет қаланы астықпен қамтамасыз ете алмады. Бұған қоса, КСРО дүниежүзілік нарыққа астық шығарып, түскен
қаржыны индустрияландыруға жұмсады. Шаруалардың астықты
төмендетілген бағамен сатудан бас тартуы индустрияландыруға құйылатын
қаржының аса ірі көзін жоғалтуға әкелді. Аграрлық сала қорларын
өнеркәсіптік салаға аудару жүйесі тежеле бастады. Сондықтан өкімет азық-
түлік мәселесін шешу үшін күштеу әдісін пайдаланып, ұжымдастыру
саясатын жүргізді. Құрылған ұжым-шарлар мемлекет жүктеген барлық
жоспарлы міндеттерді орындап отыруы тиіс еді.1927 жылғы желтоқсанда
БК(б)П XV съезінде КСРО ауыл-шаруашылығын ұжымдастыру туралы
шешім қабылданды. Ұжымдастырудың бұл үлгісін «сталиндік», «күштеп»,
«жаппай» (барлық шаруашылықтартүгелдей қамтылды) ұжымдастыру деп
сипаттауға болады. Шаруаларды ұжымдастырудың негізгі түрі ұжымшарлар
(ауылшаруашылық артельдері) құру болды. Оларға: •күштеп
ұжымдастырудың сталиндік үлгісінің Қазақстан ауылшаруашылығының
дамуына тигізген әсерін талдаймыз;
•ұжымдастырудың республика ауылшаруашылығындағы салдарын
анықтаймыз.
Сталиндік ұжымдастыру астық дайындаумал дайындау көшпелілер седен-таризациясымал,
ауылшаруашылық мүлкі, тұқым, еңбек нәтижелері, адамның өзі мен оның
еңбегі ұжымдастырылды. КСРО-дағы ұжымдастыру жеделдету сипатын
алды. Ауылшаруашылығын ұжымдастырудың мерзімдері мен екпіндері нұсқаулық жолмен белгіленді. 1928 жылдан бастап КСРО
ауылшаруашылығын кең көлемде жаппай ұжымдастыруға кірісті. 1929 жылы қарашада И.В галиннің ұжымдастыру міндеттері туралы «Ұлы бетбұрыс жылы» мақаласы жарияланды. Шын мәнінде, КСРО-да 1929 жыл ұлы
бетбұрыс жылы болды. Бұл кезде шаруаның дербес жеке шаруашылықтары күйретілді, ал кеңестік ұжымшарлар кеңестік - Stud.
аяусыз қаналатын нысанына айналдыитарлық машинаның
Көшпелі және жартылай көшпелі халықты күштеп отырықшы-ландыру.
Қазақтардың көшпелі тұрмысы сақталғандықтан, Қазақ-станда жаппай
ұжымдастыру шараларын жүргізу мүмкін емес еді. 1928 жылға қарай 700
мың қазақ шаруашылығының үштен екісінен астамы әлі де болса көшпелі
немесе жартылай көшпелі тұрмысын сақтады. Қазақстандағы жаппай
ұжымдастырудың негізгі ерекшелігі көшпелі малшыларды күштеп
отырықшыландыру, көшпелі мал-шаруашылығын егіншілік немесе
отырықшы малшаруашылығына ауыстыру болды.Отырықшыландыру
барлық отырықшыға айналған шаруа-шылықтарды 100% ұжымдастыру
негізінде жүргізілуі тиіс болды. Бұл міндеттерді орындау мақсатында
республика үкіметі 1930 жылы ҚазАКСР ХКК жанынан Отырықшыландыру
жөніндегі ко-митет құрды. Комитет отырықшылану қарқынын қадағалап
отыр ды. Материалдық-техникалық және ұйымдастыру істері (тұрақты
тұрғын үй, шаруашылық база, жерге орналастыру, тұқыммен және
ауылшаруашылық құралдарымен жабдықтау, несие беру, машина-трактор
стансысын (МТС) құру және т.б.) шешілген жоқ. Отырықшыландырудың
күштеп, жеделдете дайындықсыз жүргізілуі апатты салдарға әкеп соқты.
Қазақстандағы ұжымдастырудың қарқыны мен барысы. Қазақ-стан үшін
ұжымдастыруды жүргізу мерзімдерін Мәскеу белгіледі. ОК ұжымдастыруды
1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау міндетін қойды. Бұған тек көшпелі
аудандар ғана қосылған жоқ.
Ұжымдастыруды жергілікті партия, кеңестік органдар, МТС жүзеге асырып,
олардың жанынан саясибөлімдер құрылды.
Республикада ұжымдастыруды жүргізген бұл адамдар «көшпелі
малшаруашылығы», «отырықшылану» деген ұғымдарды мүлде түсінбеді.
Сондықтан отырықшылану мен ұжымдастыру кө-шіп-қонуға қатаң тыйым
салу, күштеп отырықшыландыру және жергілікті жағдайлар ескерілместен
барлығын ұжымшарларға қуып әкелу жолымен жүргізілді.
Белгіленген мерзімге жеткізбей тапсырманы орындау үшін республикадағы
партиялық органдар қарқынды үдете бастады. Малшаруашылық
аудандарында уа ұжымшарлар күшейтілген қарқынмен құрылды.
Ұжымшарларды құру кезінде еріктілік қа-ғидаты бұзылып, ұжымдастыру
күштеу арқылы жүргізілді. Ұжым-шарларға барлық шаруашылықтар
түгелдей енгізілгендіктен, ол жаппай ұжымдастыру болды. Ұжымдастыру «Кіші Қазан» кезеңінде басталған жаппай кулақтықт
тықты жоюмен, шаруалардың
барлық топтарына, бірінші кезекте дәулетті шаруашылықтарға жаппай
құғындаумен қатар жүрді.
1930 жылы 30 қаңтарда БК(б)П ОК-нің «Жаппай ұжымдастыру
аудандарында кулак шаруашылықтарын жою жөніндегі іс-шаралар туралы»
Қаулысы қабылданды. Ол бойынша барлық «кулак шаруашылықтары»
санаттарға бөлінді. Қазақстанда «контрреволюциялық актив» ретінде
бағаланған бірінші санатқа шамамен 5-6 мың-дай адам енгізілді. Бірінші
санат өкілдеріне концентрациялық лагерьлерге қамау немесе ату жазасы
түріндегі шаралар қолданылды; екінші санатқа - контррево-люциялық
активтің неғұрлым бай кулактары мен жартылай помещиктерден тұратын
бөлігіне - республикада 10-15 мыңдай адам енгізілді. Оларды шалғай
аудандарға жер аударды. Репрессиялық саясаттың нәтижесінде Қазақстанда
1930 жылдың басына қарай тек 60 астықты ауданның өзінде 3123 кулак-бай
шаруашылығы койылды. 1929 жылдан 1933 жылға дейін, 5 жылдың ішінде,
БМСБ үштіктерімен Қазақ АКСР-нда толық емес мәліметтер бойынша 9805
іс қаралған және 22933 тұлғаға қатысты ше-шім қабылданған. Олардан 3386
адамға жазалаудың ең жоғары шарасы - атуға үкім шығарылды, 13 151 адам
3-тен 10 жылға дейінгі мерзімге концлагерьлерге қамалды.1932 жылы 7
тамызда «Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұжым-шарлар мен
кооперативтердің мүлкін қорғау және қоғамдық меншікті нығайту туралы»
Заң қабылданды. Ол «Бес масақ туралы» Заң деген атпен таныс. Өзінің
екінші атауын шаруалардың егістіктегі астықтың қалған масақтарын
жинағаны үшін жаппай соттаудан алды. Ол дүние-мүлкін тәркілеу, ату, 10
және одан көп жылға бас еркінен айыру сияқты жазалау шараларын көздеді.
Ұжымшар мен-шігін иеленіп кеткені үшін 5-10 жылға дейін бас еркінен
айыру қарастырылды. Бұл заң бойынша сотталғандар кешірім алмайтын
болды. Тек 1932 жылдың өзінде ғана Қазақстанда 33 мыңнан аса адам
сотталды.1928-1930 жылдардағы астық және ет дайындау науқандары.
Қазақстан аса ірі шикізаттық және ауылшаруашылықты республи-калардың
бірі болды. Қазақстанда «Кіші Қазанмен» және ұжымдас-тырумен қатар
астық, ет, жүн және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін дайындау науқаны
белсенді жүргізілді. «Әскери комму-низм» саясаты кезіндегі азық-түлік
отрядтары сияқты кең өкілет-тіліктерге ие болған дайындаушылардың
арнаулы отряд ары құрыл-ды. Ауылшаруашылық өнімдерін дайындауға
берілген жоспарлы тапсырмалар шектен тыс жоғарылатылып, ал «артық
өнімдерді» алу үшін қуғын-сүргін жасау әдістері қолданылды. Шаруалардан
тұқымдық қорды қоса астықтың барлығы алынды. Астық дайын-дау тапсырмалары малшы шаруашылықтарға да берілді. Қуғын-сүргіннен
құтылуға әрекеттенген көшпелі қазақтар жоспарлық тапсырмаларды орындау
үшін малды астыққа айырбастады. 1927 жылы 430 млн пұт, 1928 жылы 300
млн пұт астық дайындалды. Кең көлемді ет және мал дайындау тапсырмасы
малды жаппай союға әкелді. Қазақстанның бірқатар аудандарында 1931-1932
жылдары малшылар мемлекетке бүкіл мал басының 80%-ын етке өткізді. 173
мың бас малы бар Балқаш ауданына 297 мың бас мал өткізуге тапсырма
берілді. Өкімет орындарының мұндай ойластырылмаған іс-әрекеттері
халықты аштыққа, ал республиканы экономикалық және демографиялық
апатқа ұшыратты. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың экономикалық
сал-дары. Қазақстан ауылшаруашылығындағы ұжымшарларға күштеп
біріктіру, отырықшыландыру саясаты шаруашылықтың көшпелілік жүйесін
жоюға әкелді. Жеке шаруа қожалықтарының орнына ұжымдық
шаруашылықтар - ұжымшарлар келді.
Сталиндік күштеп ұжымдастыру аса ауыр салдарға әкеп соқты. Қазақстанда
отырықшыландыру мен ұжымдастыру кезінде малдан айырылу (ет дайындау,
жұт, малдың қырылуы) халықтың жаппай кедейленуіне, 1931-1932
жылдардағы ашаршылыққа соқтырып, қазақ ауылдарына ауыр зобалаң
әкелді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет