Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін-өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға бет алды.
Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.
1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды.
Революциялық комитеттің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді. Қазақ Акср орталық атқару комитетінің алғашқы төрағасы - С.Меңдешев. Қазақ ревкомының басшысы болып, ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В. Лукашев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынұлы, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А. Авдеев, Ә. Әйтиев, Ә. Әлібеков, С. Арғыншиев, Х. Ғаббасов, Т. Седельников, С. Сейфуллин, В. Радус-Зенькович тартылды. Қазревком мен оның жергілікті жердегі органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, адал пиғылды ұлттың зиялы өкілдерін Кеңес құрылысына тарту, қазақ жерін біріктіру жұмыстарын жүргізді. Қазревкомның органы – «Ұшқын» газетін шығарды. 1920 жылғы 20 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Киргиз (Қазақ) Аутономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретке қол қойды. Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысы мен 1925 жылға дейін Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңінен бастап, қазақтар қырғыз немесе қырғыз-қайсақ деп аталды. Сонымен қатар, республиканың жаңа астанасының атауы өзгертілді: Ақ мешіт қаласы Қызыл-Орда деп аталды. Астанасы 1929 жылға дейін Қызыл-Ордада (қазіргі Қызылорда) болды, содан кейін жаңа астана Алматы (қазіргі Алматы) қаласы болды.
Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды. Қазақстан ежелгі кезден-ақ мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өлке болды. Бірақ үкіметтін, ауыл шаруашылығында қолданған ойластырылмаған шаралары оған да кері әсерін тигізді. Мал шаруашылығының артта қалуының басты себептері мыналар: өмір шындығына жанасымсыз, ғылыми негізделмеген экономикалық заңдардың қолданылуы, саланың нашар материалды-техникалық базасы, жерді жырту нәтижесінде жайылымдықтардың азаюы. Күштеп жүргізілген ұжымдастырудың жағымсыз салдарлары да қолайсыз әсер етті.
Осыдан 60 жыл бұрын Қазақстан коммунистік партиясы «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде қаулы қабылдады. Көп ұзамай қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұқан Бекмаханов 25 жылға сотталды.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.
Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.
ПОЛИГОН ЗАРДАПТАРЫ
Қазақстан аумағында атом бомбаларын сынақтан өткізу үшін арнайы 18 млн. га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20 килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті. Бұл жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам 100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған болса, 1963 жылдар аралығында аса қуатты бомбалардың жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған.
Полигонның 40 жылдық тарихында Семейден 120 шақырым жерде 498 ядролық сынақ өткен. Оның 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Соңғысының қуаты 1,5 мегатонн мөлшерінде болған. Одан 1.5 миллион адам зардап шекті.
Бұдан кейінгі 25 жыл жер асты жарылысынан адамдар түрлі ауруларға ұшырап, сол сырқаттың қасіретін әлі де арқалаумен келеді. Бұл сырқаттардың тұқым қуалайтындығы ғылыми негізде дәлелденді, оның қасіреті 300 жылға дейін созылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |