Класс:11сынып. Биология.
Cабақтытың тақырыбы: Экологиялық апаттардың зардаптары және
оларды болдырмау жолдары.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Оқушыларды экология ғылымының казіргі заманғы өзекті проблемаларымен таныстыруды жалғастырып,экологиялық апаттардың жалпы сипаты, түрлері,зардаптары оларды болдырмау жолдары туралы түсінік қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың экология ғылымын жан-жақты ғылымдармен байланыстыра отырып, білім деңгейін терендету,сөйлеу,
салыстыру, қорытындылау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың дұрыс дүниетаным көзқарасын қалыптастыра отырып, экологиялық санасын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға , адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі : Іскерлік ойын сабағы.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география,тарих,химия,экология.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,слайдталған тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: «Бәйге»ойыны, сұрақ-жауап, презинтацияларын қорғау, терминдермен жұмыс,тест жұмысы, электрондық оқулық тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
\Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен таныстыру.\
2.Үй тапсырмасын тексеру.\Жаңа фирманың іргетасын қалау.\
Ең қызық жарыстың бәйге келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді,
Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма,
Осы ойыннан көрейік білімдіні.
1.Ойын: «Бәйге» \сұрақ-жауап\
1.Экология ғылымы нені зерттейді?
\Тірі ағзалардың бір-бірімен,қоршаған ортамен қарым –қатынасын\
2.Экология ғылымының негізін салған ғалым?\Эрнст Геккель\
3. «Экожүйе» ұғымын енгізген ,ғалым?\Артур Тенсли\
4Адамның тікелей іс-әрекетінен болатын фактор?\Антропогендік\
5. Экологиялық мониторинг дегеніміз не?
\Қоршаған орта сапасына бақылау жұмысы,баға беру,болжам жасау.\
6.Адамның табиғатқа тікелей әсерін түсіндір?\Жерді игереді,ормандарды кеседі,жайылымдарды егіске,өнеркәсіп,жол,құрылыс салуға пайдаланады.
7.Адамның табиғатқа жанама әсерін түсіндір?
\Мысалы орманды пайдалану нәтижесінде аң мен құстарды жояды.\
8.Адамның табиғатқа кешенді әсері?
\Адам ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерге , бау-бақшаға ,арамшөптерге қарсы пестицидтер, гербецидтер қолданады олар өз нысанына ғана әсер етпейді, айналасындағы барлық тірі ағзаларды улап, құртып жібереді.\
9.Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін өзіміз тұратын өлкемізден нақты мысал келтіріп , түсіндіріңдер?. \Бау-бақшалардың кесілуі, ағаштардың кесілуі, сулардың тартылуы.\
2 «.Ой қозғау»: «Экология салаларын ажыратыңдар»
\Жаңа фирманың қабырғасын тұрғызу.\
1.Аутэкология
2.Демэкология
3.Синэкология
4.Тарихи экология
5.Ғаламдық экология
3. « Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсері » тақырыбына
презинтация жасап, қорғау.\үй тапсырмасы\
\Жаңа фирманың шатырын жабу\
1-топ: «Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері»
2-топ: «Ғаламдық экологиялық мәселелер»
3.Жаңа тақырып. Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.
\Жаңа фирманың атын қою\
Қоршаған ортаны қорғау
Экологиялық апат- табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас әбден шіелінісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады, қайта қалпына келмейді. Сондықтан экологиялық апат- қайтымсыз процесс болып саналады. Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте қажет.
Себебі, бұл апаттар кенеттен пайда болады. Апаттар табиғатқа және адам өміріне қауіп төндіретін болса,онда төтенше жағдайлар жарияланады. Биосферадағы апаттар шығу тегіне сәйкес табиғи және антропогенді деп бөлінеді.Табиғи апаттарға жерсілкіну,жаңартаудың атқылауы,құйынды қара дауылдар,қар көшкіні,сел жүру,цунамилер жатады.Жердің сілкінуі дегеніміз жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы.Жер сілкінісі күшті болса үйлер қирап,адамдар опат болады.Мысалы,1976жылы жер сілкінуінен Қытайдағы-Таншань қаласы толық қирап,600мың. Адам опат болған.Қар көшкіні таулы жерлерде болады және де туристік саяхатшылар өміріне үлкен қауіп төндіреді.Жаңартаудың атқылауы-жер қабаттарындағы магмалық жыныстардың жер бетіне жылжуы ,өзімен бірге газ бен су бұларын сыртқа шығарады.Зиянды әсері- биоценозды бұзады,ауаға зиянды газдарды шығарады.1815 жылы Индонезиядағы Сумбава аралындағы жаңартау атқылау кезінде аспанға күл,пемза,шлак,отты лава атқылап, 14мың. адам қаза тапты. Цунами—теңіздер мен мүхиттардың айдынында судың гравитациялық күшінен пайда болатын үлкен толқындар.Күшті цунамилер кезінде теңіз кемелері,мұнай таситын танкерлер апатқа ұшырап ,мұнай өнімдері төгіліп,бүкіл балықтар мен құстар уланып, қырылады.Дауыл-ауа қысымының әсерінен болатын күшті жел.Борандар қарлы,шаңды,жауын-шашынды болып,ауыл шаруашылығына, табиғи биоценозға көп шығын келтіреді.Құйын- ауа ағысының үйірленіп күшті соғуы.Тарихта аспаннан балық,бақа жауған фактілер бар.Ол құйынның әрекеті.
Соңғы жылдары жер бетінде табиғи апаттардың көптеп орын алуына антропогендік факторлардың тікелей әсері бар екендігі анықталды. Антропогендік апаттарға: автокөлік апаты, ұшақтар апаты, өнеркәсіп орындардағы апаттар, өрт, климаттың ғаламдық жылынуы, қышқыл жаңбыр, озон қабатының жұқарып, тесілуі, дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, топырақтың эрозияға ұшырауы, орманның қырқылуы, фауна мен флора түрлерінің жойылуын атауға болады. Антропогендік апаттар тікелей адамның іс-әрекетінен туындап ,қоршаған ортаға орны толмас шығын әкеледі.Антропогендік ауыртпалықтар нәтижесінде іс жүзінде Қазақстанның бүкіл дерлік территориясы елдің болашақ экономикасын,әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін қоршаған ортаның табиғи қабілеті бұзылды.Суарылатын егін шаруашылығының қарқынды және тиімсіз дамуы,сонымен қатар аридтік климат жағдайында ағын суларды реттеу,Оңтүстік аймақтардың кіші және ірі өзендерінің бассейіндеріндегі су тапшылығына әкеліп соқты.Бір ұрпақтың көзінше Арал теңізінің ауданы екі есе қысқарды.Балқаш көлін де осындай тағдыр күтіп тұр.Ауыр металдармен,мұнай өнімдерімен Қостанай,Павлодар, Шығыс Қазақстан,Атырау,Қарағанды,Батыс Қазақстан жерлері ластанған. Ақтау мен Каспий теңізіне де экологиялық қауіп төніп тұр. Балқаш кең металлургия комбинатының көп жылдық қалдықтары Балқаш көлінің ластануына әкелді.Нұра өзеңі өзінің түбіндегі металдық сынап қалдықтарымен белгілі.Қазақстанның кең байтақ жерлері әскери полигондар мен ғарыштық кемелер ұшырудан зардап шегіп отыр. Елімізде төрт әскери сынақ полигондары: Семей,Азғыр,Нарын,Тайсойған мен «Байқоныр»ғарыш айлағы бар. «Байқоныр»ғарыш айлағынан 1300-ге жуық зымырандар мен ғарыш кемелері ұшырылған.Ресми деректер бойынша «Байқоныр»ғарыш айлағынан қоршаған ортаға жылына 30-35мың тонна улы заттар таралады.
«Байқоныр»ғарыш айлағындағы апаттар:
1.1960ж.- «Союз» зымырантасығышы құлады\120мың тонна зымыран отыны шашылды.
2.1996ж.-14мамыр «Союз» зымырантасығышы құлады
3.1997ж.20мамыр- «Зенит» зымырантасығышы құлады.
4.1999ж.5шілде «Протон» зымырантасығышы құлады
5.2006ж, «Днепр» зымырантасығышы құлады.Осы апатта ауаға 80тонна-гептил,80тонна амил, тарады.Гептил-өте улы жанармай.Осы зымырантасығыштарға 500 тонна гептил отыны толтырылса ,оның бөлініп жерге құлайтын бөлшегінде 10-30тонна отын жаңбай қалады екен.Гептилдің бір тамшысы 10литр суды улайды.Егер осындай суды 100 адам ішсе ,біреуі де тірі қалмайды екен.Гептил төгілген жер 300-400жыл өтсе де қалпына келмейді.Бұл аймақта бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып,шанды борандар тұрады.Бұл процесс суы тартылып,табаны кеуіп,тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсерін айтпасқа болмайды.Ал,полигондардың ішінде Семей өңірі –ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сыңаудың ғылыми орталығы орналасқан. Семей полигонында 400мың астам жер асты, жер үсті сынақтар жүргізілген.Семей полигонында 1949-1963жылдары жасалынған жарыстардың қуаты Хиросимаға тасталған бомба қуатынан 2500 есе көп. Осы өңірдің адамдары мутагенез, қатерлі ісік ауруы,сәулелік ауру және жүйкелік аурулармен ауырады.Атырау облысындағы Азғыр полигонында 17рет ядролық жарылыс жасалған ,оның әрқайсының қуаттылығы 1-ден 100килотоннаға дейін жеткен.Бұл арада 1996жылы арнайы зерттеу жүргізген мамаңдар «Азғыр тұрғындарының денсаулығы Чернобыль апат аймағындағы тұрғындардың жағдайынан әлдеқайда нашар» деген қорытындыға келген. Ал, өзіміздің облысымыз-Ақтөбе қаласының экологиясы да өте ауыр. Себебі, Ақтөбеде көп жылдан бері Ақтөбе ферроқорытпа , Ақтөбе хром қосындылары, Ақтөбе керамика, Ақтөбе полиэтилен құбырлары зауыттары жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын аймағы алты валентті хром қосылыстарымен, мұржаларынан шығатын улы газдармен ластанып, адам денсаулығына елеулі залалын тигізуде. Ресми деректер бойынша бүгінгі таңда қала халқының тыныс алу жолдарының аурулары-3,5 есеге, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен көз аурулары екі есеге артқан.
Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу жолдары:
1.Пайдалы қазбаларды мүмкіндігінше кешенді пайдалану.
2.Қалдықсыз тезнологияларды енгізу.Қалдықтарды қайта өндеу.
3.Кең орындарын рекультивациялау және көгалдандыру.
4.Электр қуатымен жүретін көліктерді көбірек пайдалану.
5.Автокөліктерге арнайы тазартқыш қондырғылар орнату.
6.Су көздерін ластайтын өндіріс орындарында тазартқыш қондырғылар орнату.
7.Топырақты дұрыс өндеу, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, тиімді агротехникалық шараларын жүргізу.
8.Заңсыз ағаш кесуге,аң аулауға тыйым салу,флора,фауна түрлерін сақтап қалу.
9.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастыру.
10.Экологиялық білімді жетілдіру,экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық тәрбие беру.
4.Бекіту.
\Жаңа фирманың ауласын көгалдандыру\ \Электрондық оқулық\
1.Қазақстан экологиялық апат аймақтарының суреттерін сәйкес ұяшықтарға орналастырыңдар.
2.Қазақстанның кейбір облыстарының атауларын осы аймақтардың проблемалы нысандарына қарсы жазыңдар.
3.Экологиялық апаттардың себептерін сәйкес мысалдардың астына жазыңдар.
\Жаңа фирманың президентін сайлау\ Егер де мен эколог болсам...\
5.Оқушыларды бағалау.\Жаңа фирманың жұмысшыларын сайлау\
6.Үйге тапсырма:22-тақырып\2-бөлімі\
\Жаңа фирманың болашақтағы бизнес жоспарын құру\
«Қоршаған ортаны қорғау» ,Эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |