Сұрақнама: Ядролық жарылыс факторлары, қирау және радиациялық зақымдалу аймақтары



бет1/9
Дата01.05.2022
өлшемі31,1 Kb.
#141602
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-СОӨЖ


4
Қазіргі заманғы жаппай қырып жою қарулары.Түрлері және
олардан қорғану жолдары.

Сұрақнама:

  1. Ядролық жарылыс факторлары, қирау және радиациялық зақымдалу аймақтары.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары (Поражающие факторы ядерного взрыва) — ядролық жарылыс кезінде пайда болатын соққылы ауа толқыны, сәуле зақымы, өткір радиация, электрмагниттік импульс . Бесінші зақымдаушы факторға жердің радиоактивтік элементтермен улануы кіреді.
Ядролық оқ-дәрі жарылған кезде секундтың миллионнан бір үлесінде орасан көп мөлшерде энергия бөлініп, жарылыс өту аймағында температура бірнеше миллиондаған градусқа жетіп, ал ең үлкен қысым атмосферада миллиардқа жетеді. Жоғарғы температура мен қысым өте күшті соққылы толқынды туғызады. Соққы толқын және жарықтық сәулеленумен қатар, ядролық жарылыстың нәтижесінде өткір радиация шығару жүргізіледі. Жарылыс бұлтында көп мөлшерде радиоактивті өнімдер шығарылады. Бұл бұлттың жылжу жолында одан радиоактивті өнімдер түседі де, соның нәтижесінде жергілікті жер, объекті мен ауа залалданады.
Иондандырушы сәулеленудің әсерімен пайда болатын электр зарядтарының ауада бір қалыпты тарамауы салдарынан электромагнитті импульс (ЭМИ) түзіледі. Ядролық жарылыстың негізгі ЗФ осылай пайда болады.
Әуедегі жарылыс кезінде жарық жарқылдаған соң сфера түріндегі жарқырауық аумақ құрылады. Жарқырауық аумақтың үстіңгі бетінде температура мен қысым күрт төмендейді. Қызған газ қоршаған ауа қабатын ығыстыра, қозғалысқа келтіре отырып, оны тез кеңейтеді. Ауаның бір қабаты екінші қакбатын ығыстыра отырып, әуедегі соққы толқын ретінде жарылыс болған жерден біраз қашықтыққа тарайды. Осы кезеңде жарылыс нүктесінен қоршаған кеңістікке өткір радиация мен жарықтық сәулелену бөлінеді. Жарқырауық аумақ уақыт өте суынып, көтеріледі де, бұрқыраған радиоактивті бұлтқа айналады. Сол уақытта жерден шаңды бақан көтеріліп, соның нәтижесінде саңырауқұлақ тәрізді бұлт түзіледі. Жарылыстан соң 10-15 минут өткенде, бұлт ең биік шегіне дейін көтеріледі, ал бұлттың көтерілу биіктігі оқ-дәрінің күшіне қарай 5-20 км-ге жетеді. Сосын бұлттың өзіне тән формасы бұзылып, жел бағытымен қозғала отырып, тарап кетеді. Әуедегі ядролық жарылыстың екі түрі бар: төменгі және жоғарғы.
Жер (су) үсті ядролық жарылысы кезіндегі жарқылдауық аумақ жарты сфера формасында болады. Егер жер (су) үстіндегі ядролық жарылыс жер бетінде немесе оған тікелей жақын жерде жүргізілсе, бұлтқа көп мөлшерде топырақ (су) көтеріледі.
Жер асты ядролық жарылысы кезінде саңырауқұлақ тәрізді бұлт болмайды. Жарылыс болған жерде үлкен шұңқыр пайда болады. Әуедегі соққы толқынның күші біраз әлсірейді, бірақ топырақты ығыстыру толқыны жерде терең объектілердің пайда болуына әкеп соғады. Бұл кезде жер ядролық жарылыс ауданы мен бұлттың қозғалу жолында күшті радиоактивті залалдану жүреді.
Су асты жарылысы кезінде жоғарғы жағында саңырауқұлақ тәрізді бұлты бар су бағанасы түзіледі, оны жарылыс сұлтаны деп атайды. Судың түсуі бұл сұлтанның төменгі жағында тамшы мен су шашырандысы және құйын тәрізді сақиналардың түзілуіне әкеп соғады. Одан кейін жарылыс сұлтаны мен базисті толқыннан су бұлты түзіледі. Одан кейін радиоактивті жаңбыр жауады.
Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздері: ядролық жарылғыш заттардың (плутоний - 239, уран – 235, уран – 238) бөліну өнімдері және осыдан барып топырақтың ядролық зарядтың бөлінбейтін бөлігімен активтелінуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет