Қазақстан тарихы 9 сынып Тақырыбы: Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті



Дата04.08.2017
өлшемі68,21 Kb.
#22929
Қазақстан тарихы 9 сынып

Тақырыбы: Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті.
Мақсаты: 1. Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу

себебін тауып, 1954 жылы ауыл шаруашылығын интенсивті

дамыту мақсатында қабылданған тың игеру саясатының мәнін,

мақсатын, маңызын ашу, екі жақты пікір білдіру арқылы тарихи

оқиғаға тиісті баға беру.
2. Оқушылардың өз ойын еркін айтуға. өз көзқарасын нақты

дәлелдер арқылы дәлелдеуге, жүйелі сұрақ қоя білуге

қалыптастыру.
3. Оқушыларды бірігіп ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу. Топпен

жұмыс жасауға, өзге адамдардың сөзін тыңдауға дағдыландыру.


Сабақтың түрі: алған білімді жүйелеу

Сабақтың әдісі: пікір-сайыс

Көрнекілігі: карта, кестелер
Сабақтың барысы:

«Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру және оның нәтижелері мен салдары» деген тақырып алдын-ала жан-жақты талданып, оқушыларға сол кездегі саясаттың мақсаты, мәні түсіндіріледі. Сынып оқушыларын екі топқа (жақтаушы, даттаушы) бөліп, тың игеру саясатының нәтижелері (бірінші топ) және салдары (екінші топ) туралы материалды жүйелеп, кейс құру тапсырмасы берілді. Пікір-сайысқа екі топтан үш оқушыдан алты оқушы қатысады, қалған оқушылар төрелік жасайды, сабақ соңында қорытынды пікір айтады.



І. Қызығушылықты ояту:

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар ауыл шаруашылығы үшін ауыр болды. КСРО-ның еуропалық бөлігін қамтыған қатты қуаңшылыққа байланысты елді астықпен, мал өнімдерімен қамтамасыз етуде Шығыс аудандарға. Соның ішінде Қазақстанға үміт артылды. Ол жылдары Қазақстанның егіншілік мәдениеті мейлінше төмен болды.

Ауыл шаруашылығының артта қалуының негізгі себептерінің бірі- оның материалдық –техникалық жағынан жеткілікті қамтамасыз етілмеуінде еді. Кеңес мемлекеті ауыр индустияны өркендетуге баса көңіл бөліп, ауыл шаруашылығына жеткілікті назар аудармады. Мұның салдары ауыл шаруашылығы мәселелерін интенсивті әдістермен шешуге – тың жерлерді кең ауқымда игеруге алып келді.

Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды. Мына кестеде тың және тыңайған жерлерді игеру саясатының жағымды, жағымсыз жақтары көрсетілген.




ІІ. Мағынаны тану.

Жақтаушы топ.

Критерий: «Тың жерлерді игеру Қазақстанды әлемдегі ірі астық өндіруші мемлекеттің біріне айналдырды».


  1. аргумент: Тың жерлерді игеру нәтижесінде астық өнімі көбейді. Дәлел: Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып, тың игеру Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. Бұл түстік облыстары еді. 1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га- ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды. Қазақстан тың игерудің нәтижесінде

  2. аргумент: Тың жерлерді игеру республика экономикасының дамуына белгісіз дәрежеде оңды әсер етті. Дәлел: Ауылмен салыстырғанда қала тұрғындарының саны өсті, 1959 жылы үлес салмағы 44% жетті. Қала тұрғындарының бұлай өсуіне өнеркәсіптің, көлік түрлерінің, ғылым мен мәдениеттің жедел қарқынмен дамуы тікелей себеп болды. Ауыл тұрғындарының белгілі бір бөлігінің қалаға ауысуы. Осы жылдары Қазақстан картасында 15 қала, 86 қала тәріздес поселке пайда болды. Тың астығын тасу үшін мыңдаған шақырым темір жолдар, тас жолдар салынды.

Даттаушы топ.

Критерий: «Қазақстанның жер үшін сыздаған жүрегін түсіну керек – ол әдеттегідей жеке меншік иесінің күйзелісі емес, нағыз патриоттың күйзелісі» жазушы И.Щеголихин



  1. аргумент: Тың жерлерді игергу кезінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы өте ауыр жағдайға душар етті. Дәлел: Топырақ эрозиясы күшейді. Жердің құнары (гумус қабаты) желге ұшты. Жайылым жерге егіс егіп тастағандықтан мал жайылатын жер өрісі тарылды. Осының салдарынан мал саны кеміді. Ақмола облысында 19 көлдің суы тартылды. Аққу-қаздар жойылды. Өлкенің ауа райы бұзылды. Экологиялық тепе-теңдікті бұзу өте ауыр жағдайға душар етті.

  2. аргумент: Тың жерлерді игергу республиканың демографиялық ескерілмеді. Дәлел: Тың игеру кезінде республикаға көшіп келушілер саны қисапсыз көп болды. 1954 жылдан 1962 жылға дейін 2 млн жуық адам келді. 1954-55 жылдары Қазақстанға 0,5 млн адам қоныс аударды. Осының бәрі елдің байырғы тұрғындары –қазақ халқы мен басқа халық өкілдері арасында сан жағынан алшақтық туғызды. 1959 жылғы санақтың қорытындылары бойынша, қазақтар сан жағынан өз республикасы тұрғындарының үштен бірінен де аз немесе 30% ғана болды . ал 1879 жылы қазақстар Қазақстанды мекендеушілердің 85% тең еді.

ІІІ. Ой-толғаныс. Пікір-сайыстың қорытындысын алдымен төрешілер шығарады. Бақылап отырған оқушылар да өз пікірлерін білдіреді.

Сабақты бекіту кезінде оқушыларға тест сұрақтары беріледі, оқушылардан жауап алынады.




  1. 1950 жылдардағы ауыл шаруашылығы қандай жолмен дамыды?

а) қарқынды

ә) экстенсивті

б) нарықтық

в) қайта құру

2. Тың игеру қарсаңында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болып кім сайланды?

а) Брежнев

ә) Қонаев

б) Пономарев

в) Жүнісбаев

3. Тың игеру байланысты 1954 жылы Қазақстанда қанша жер жыртылды?

а) 4,3 млн ға

ә) 6,5 млн ға

б) 7,6 млн ға

4. 1956 жылы Қазақстан тыңынан қанша астық жиналды?

а) 10 млн т

ә) 16 млн т

б) 18 млн т

в) 20 млн т

5. Тың және тыңайған жерді игерудің қандай келеңсіздіктері болды?

а) Жердің құнарлы қабаты желге ұшты

ә) Топырақ эрозиясы күшейді

6. Тың игеру Қазақстанның қай облыстарында жүзеге асты?

а) Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар

ә) Алматы, Талдықорған, Семей, Онтүстік Қазақстан

б) Қызылорда, Шымкент

7. Тың және тыңайған жерді игерудің екі жылға арналған жоспары қанша жылда орындалды?

а) 2 жылда

ә) 1 жылда

б) 3 жылда

в) 5 жылда

8. Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам тұрақты тұру үшін көшіп келді?

а) 1 млн


ә) 1,5 млн

б) 2 млн


в) 3 млн

9. Халықаралық аукциондар мен жәрмеңкелерге қаракөл терісін өндіруден қатысқан Мойынқұмдық шопан?

а) Ш.Берсиев

ә) Ж.Қуанышбаев

б) Ким Ман Сан

в) С.Бүркітбаев

10. 1965 жылы республикада мал саны қанша болды?

а) 32 млн

ә) 34 млн

б) 39 млн

в) 42 млн

11. 1959 жылы республика тұрғындары арасындағы қазақ халқының үлес салмағы қандай болды?

а) 30%

ә) 42%


б) 56%

в) 85%


Оқушылардың білімін бағалап мұғалім өзі қорытынды жасайды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет