«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 7-сынып ТҮсінік хат



бет1/3
Дата18.10.2022
өлшемі43,05 Kb.
#153677
  1   2   3
Байланысты:
7-сынып КТЖ қазақ әдебиеті


«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
7-сынып
ТҮСІНІК ХАТ
Күнтізбелік тақырыптық жоспар төмендегі нормативтік құжаттарға негізделіп құрастырылған:
1.Стандарт: Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
2.Үлгілік оқу жоспары: Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады.
3.Типтік оқу бағдарламасы:
ҚР БҒМ 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
4.Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат; Оқулық «Атамұра» баспасы, 2017 ж А.Ақтанова, А.Жүндібаева
7-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:
әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау, әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау, кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау, көркем шығармадағы кейіпкер бейнесі, үзінділерді жатқа айту; өңірде шығатын газет-журналдарды білу, энциклопедия ұғымын түсіну;
2) анализ және интерпретация:
шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру, эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесі, шығармадағы көркемдегіш құралдар: символ, синекдоха, эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ қолданысы, шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу; туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктердің ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдау, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білу, өлкетанудың бағыттарын анықтау, өлкетанудың бағыттары бойынша электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысу;
3) бағалау және салыстыру:
кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемесі, тарихи және көркемдік құндылығын, әдеби жанр түрлерінің даму барысы, жаңашылдығы, шығарманы ұлттық құндылығы, әдеби эссе жазу, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу жазу.
Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) "Қыз Жібек" жыры;
2) Орхон-Енисей ескерткіштері "Күлтегін" жыры;
3) Жиембет жырау "Еңсегей бойлы Ер Есім";
4) Қазтуған жырау "Қазтуғанның қонысымен қоштасуы";
5) Ш. Қанайұлы "Зар заман";
6) С. Аронұлы "Сүйінбай мен Қатағанның айтысы";
7) Жамбыл Жабаев "Зілді бұйрық";
8) М. Жұмабаев "Батыр Баян";
9) М. Әуезов "Көксерек";
10) Қ. Қайсенов "Жау тылындағы бала";
11) С. Сарғасқаев "Тәмпіш қара";
12) М. Шаханов "Нарынқұм зауалы";
13) Медетбек Темірхан "Тәуелсізбін" өлеңі;
14) Т. Әбдіков "Қонақтар";
15) А.С. Пушкин "Ескерткіш".







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет